МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ

27 ноября, 2019

2019 жыл 27 қараша күні сағ 10:00-13:00 аралығында Аудандық мәдениет үйінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті. Тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді ашық, қолжетімді, сапалы қызмет көрсету және әр сала бойынша тиісінше мәліметтер беру бойынша ұйымдастырылған болатын. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді «TelegramBot» (@EgovkzBot), «Вконтакте»Bot, «Мgov», «Digital Agent» мобильді қосымшасын жүктеп, мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуды түсіндіру. Тұрғындарға аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі, білім, ветеринария, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, жер қатынастары, , АХАЖ және аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық орталық аурухана, аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімі (бти), аудандық ХҚКО, жұмыспен қамту орталағының мамандары қызмет көрсетті. Аталған іс-шара барысында әлеуметтік көмектер, құрылыс, жер, жұмыспен қамту бойынша қызметтер тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие болды. Тұрғындардың іс-шараға қызығушылығын арттыру мақсатында бүктемелер таратылды. Аудан тұрғындары өткізілген шараға өздерінің ризашылықтарын білдірді.