16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шаралардың БАҒДАРЛАМАСЫ  

12 декабря, 2019

11 желтоқсан

сағат 11.00, Аудандық мәдениет үйі, жас ақындар арасында «Тәуелсіздікке тарту» атты аудандық жыр-мүшәйра (жауапты: Аудандық мәдениет үйі, Жаңатас қаласы әкімінің аппараты);

 

12 желтоқсан

сағат 12.00, Аудандық мәдениет үйі, «Тәуелсіздік тұмарым, «Мәңгілік Ел» ұраным» атты әдеби-сазды кеш (жауапты: Аудандық орталық кітапхана, Жаңатас қаласы әкімінің аппараты);

сағат 15.00, №5 Жаңатас колледжі, жастар арасында «Біз — егемен елдің еркін ұрпағымыз» атты патриоттық байқауы (жауапты: Жастар ресурстық орталығы, Жаңатас қаласы әкімінің аппараты);

 

13 желтоқсан

сағат 10.00, Жаңатас спорт кешені, жастар арасында волейболдан аудандық біріншілік (жауапты: Спорт бөлімі, Жаңатас спорт мектебі);

сағат 12.00, Аудан әкімдігінің мәжіліс залы, аудан әкімінің «Желтоқсан оқиғасына» қатысушылармен кездесуі (жауапты: Ішкі саясат бөлімі, Аудан әкімінің аппараты);

сағат 14.00, Аудандық мәдениет үйінің фойесі, «Тұғыры биік — Тәуелсіздік» тақырыбында суреттер және ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі (жауапты: Білім бөлімі, Мәдениет бөлімі);

сағат 16.00, Аудандық мәдениет үйі, Ұлттық мереке — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын, мерекелік концерт (жауапты: Аудан әкімі аппараты, Мәдениет бөлімі, Ішкі саясат бөлімі, Жаңатас қаласы әкімінің аппараты);

 

14 желтоқсан

сағат 10.00, Жаңатас спорт кешені, бөбекжай-бақшалардың қызметкерлері арасында эстафета мен волейболдан аудандық жарыс (жауапты: Білім саласы қызметкерлерінің кәсіподағы, Спорт бөлімі, Жаңатас қаласы әкімінің аппараты);

сағат 16.00, Саудакент ауылдық мәдениет үйі, Жамбыл облысының 80 жылдығы мен Жаңатас қаласының 50 жылдығына арналған мәдениет және өнер фестивалінің қорытынды концерті (жауапты: Мәдениет бөлімі, Байқадам ауылдық округ әкімінің аппараты);

16 желтоқсан

сағат 10.00, Жаңатас қаласы мен ауылдардағы қоғамдық-көпшілік орындар, тұрғындарды мерекемен құттықтауға арналған «Тәуелсіздік — ұлы ұғым» атты шарасы (жауапты: Жастар ресурстық орталығы, Жаңатас қаласы және ауылдық округ әкімдерінің аппараттары);

сағат 10.30, Жаңатас қаласы «Еңбек ерлері» аллеясы, «Тәуелсіздік күні» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі (жауапты: Аудан әкімінің аппараты, Жаңатас қаласы әкімінің аппараты, Мәдениет бөлімі);

сағат 11.00, Жаңатас қаласы, 1 шағын аудандағы 120 пәтерлі №9 үйді пайдалануға беру рәсімі;

(жауапты: Құрылыс бөлімі, ТҮКШ бөлімі, Жаңатас қаласы әкімінің аппараты);

сағат 18.00, Аудандық мәдениет үйі алдындағы алаң, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған радиоконцерт, көпшілік халық серуені, сауда-саттық жәрмеңкесі, жастар би кеші (жауапты: Мәдениет бөлімі, Жаңатас қаласы әкімінің аппараты, Кәсіпкерлік бөлімі, Жастар ресурстық орталығы).