Жұмыспен қамту жол картасы және  «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» бойынша 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойыншы мәлімет

Қараша 16, 2020

Жұмыспен қамту жол картасы және  «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» бойынша 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойыншы мәлімет

 

 

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті  дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындабүгінгі күнге жұмыс сұрап өтініш білдіргендердің саны – 3181, оның ішінен      1429 ауыл тұрғындары.

Қазіргі таңда белсенді шаралармен қамтылған азаматтардың саны 4389, атап айтқанда:

тұрақты жұмыспен қамтылғандары                  – 1 476;

қоғамдық жұмысқа жолданғандар                    – 1 064;

жол картасы аясында орналасқандар                – 556;

Жастар практикасы                                  – 260;

Мемлекеттік грант алғандар                              – 487;

«Бастау бизнес» кәсіпкерлікке оқыту                – 242;

Әлеуметтік жұмыс орындарына                          – 137;

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға                         – 131;

Шағын несие алғандар                                       – 41;

Есепті кезеңде 878 жұмыссыз азамат есепте тұр. Оның ішінде ауыл тұрғыны –  691 адам.

Бірінші бағыт:  Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету.

2020 жылы кешенді жоспар бойынша 131 азаматқа қысқа мерзімдік кәсіптік оқыту жоспарланған, бөлінген қаржы 39 498,0 мың. теңге. Бүгіңгі күнге толық 131 азамат Тараз қаласына оқуға жолданды.

Оқуға жолданғандардың ішінен 131 азамат оқу орнын аяқтады, 126 азамат жұмысқа орналасты.  5 азамат мемлекеттік қайтарымсыз грант алды.

Екінші бағыт:  Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2020 жылы ауылға 27 азаматқа 94 800,0 мың теңге шағын несие беру жоспарланған. Несие алуға  84 азамат жолдама алды, оның ішінен 36 адам несие алды (2 азамат 2019 жылғы қаржы есебінен). Игерілген қаржы – 147 500,0 мың теңге. Басқа азаматтардың жолдамалары қаралуда.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру 2020 жылға 487 адамға қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Қаралған қаржы 265 324,0 мың теңге. Бүгінгі күнге 487 адам 265,3 мың теңге көлемінде грант алды. Оның ішінде 50 азамат Салық органдарына тіркелген және 437 азамат Бірыңғай жиынтық төлем төлеген.

Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

Әлеуметтік жұмыс орындарына – 80 адамды жолдау жоспарланған, бүгінгі күнге жолданғаны – 137 адам. Бағдарлама бойынша жұмысын аяқтағандар 52, тұрақты жұмысқа 43 адам қамтылған 82,7%.

        

Жастар практикасын ұйымдастыру бойынша жоспар 240 адам. Бүгінгі күнге жолданғаны – 260 адам. Жастар практикасын аяқтағандар 154, оның ішінен тұрақты жұмыспен 134 адам қамтылған  88% .

 

Қоғамдық жұмысты ұйымдастыруға Жоспарланған адам саны 947, жолданғаны 1 064 адам.

 

2020 жылдың   қараша айына атаулы әлеуметтік көмек туралы мәлімет.

 

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша:

Жыл басынан аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 740 отбасының құжаттары қабылданды. Оның ішінен 661 отбасына (3533 адам) тағайындалды және 76 отбасының табысы жан басына шаққанда кедейлік шегінен асуына байланысты немесе учаскелік комиссияның акт қорытындысына сәйкес тағайындалмаған. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен шартты ақшалай көмек 531 отбасына және шартсыз атаулы әлеуметтік көмек 130 отбасына тағайындалды. 3 өтініш учаскелік комиссиянын қарауында.

Шартты ақшалай көмек алушылардың ішінен жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар 256 адам, атап айтсақ:

  • Тұрақты жұмысқа орналасқандар          –  104;
  • Қоғамдық жұмысқа тартылғандар           –  50;
  • Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқандар – 25;
  • Мемлекеттік грант алғандар                                        –  71;
  • Жастар практикасына          – 4  адам;
  • Кәсіптік оқу -2 адам

2020 жылдың шілде айында 2 тоқсаннынжәне қазан айында  3 тоқсаннын  табысымен, қайта есептеу жұмыстары жүргізіліп, 236 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылды.