«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар  

Қыркүйек 14, 2020

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар

 

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №55 өкімімен Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы бекітілді. Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының негізгімақсаттары:

1) жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу;

2) қосымша жұмыс орындарын құру және кірісті қамтамасыз ету;

3) елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.

Ағымдағы жылы ауданда«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 24 нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізіп, 980 уақытша жұмыс орындары ашу, осы ашылған жұмыс орындарына халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жергілікті 490азаматты жұмысқа тарту және жоба аяқталғаннан кейін 18 тұрақты жұмыс орындарын құру жоспарланған.Бүгінгі күнге 24 нысан бойынша жұмыстар толығымен басталды. Оның ішінде 2 нысан білім ошақтары, 10 нысан жол жөндеу және арықтар салу жұмыстары, 3 нысан денсаулық сақтау ұйымдары, 2 нысан көпқабатты тұрғын үйлерді қалпына келтіру, 5 нысан су жүйелерін жөндеу және 2 нысан жылыту қазандығына жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстар атқарылуда. Аталған бағдарлама аясында 24 нысанда жалпы 986 жұмыс орны құрылып, халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 528 азамат жолданды.Оныңішінде Жаңатас қаласындағы 8 нысанға 293 адам және ауылдық округтардардағы 16 нысанға 235 адам.Қазіргі уақытта Жаңатас қаласындағы нысандарға 42 және Жаңаталап ауылындағы нысандарға 78 жұмыс күші қажет етіледі.

Сонымен қатар, ауданда жұмыссыздар үшін нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Аталған «Еңбек» бағдарламасы 3 бағыт аясында жұмыс жасайды. Бағдарламаның 1 бағыты қысқа мерзімді кәсіптік оқубойынша 2020 жылы 131 азамат оқуға жолданды, 11 адам оқуларын аяқтап, 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. 2 бағыт жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша шағын несие алу үшін 55 адам қаржы ұйымдарына жолдама алды. Оның ішінен 18 азамат шағын несие алды. Қосымша жаңадан 10 жұмыс орны ашылды. Жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз мемлекеттік грант 200 адамға берілді. Грант алғандардың ішінен 16 азамат мемлекеттік кірістер басқармасына жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, 184 адам бірыңғай жиынтық төлем төлеу арқылы жұмыстарын жүргізуде. Жыл аяғына дейін қосымша 287 адамға қайтарымсыз грант беру жоспарланған. 3-ші бағыт халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамытуаясында Жастар практикасымен 252 жас мамандар жұмысқа жолданды. 97 маманның мерзімі аяқталып 69 жас маман тұрақты жұмыспен қамтылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 136 адам жолданды. Оның ішінде 43 адамның мерзімі ақталып 36 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмыстарға 790 адам уақытша жұмысқа жолданды.

Жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жылдық жоспар 1147 орын. Бүгінгі күнге 1701 жұмыс орны құрылды. Атап айтсақ: Индустриалды инновациялық даму бағдарламасы аясында 15 орын, Ауыл-ел бесігі бойынша 200 орын, бизнестің жол картасы 2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 13 орын, жұмыспен қамту жол картасы бойынша 986 орын, «Еңбек» бағдарламасы аясында 467 орын, аумақты дамыту бағдарламасы аясында 20 жұмыс орны ашылды.