«Жолдауға қолдау»

Қыркүйек 19, 2019

Бүгін аудан көлемінде «Жолдауға қолдау» шаралары өтті.
Шарада ҚР Президенті К.Тоқаев 2019 жылғы 2-қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында – Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деген салиқалы саясаты кеңінен қолдау тапты.
Жиналғандар мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек деді. Сондай-ақ, ең маңызды мерекеге- Тәуелсіздіктің отыз жылдығына байланысты тиісті іс-шараларды іске асыруымыз қажеттігін айтқан Мемлекет басшысының көрегенділігіне тəнті болды.
Сондай-ақ, ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашатынына сенім білдірді.