Жолдауға қолдау

Аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен заңгерлер, медиатор, нотариустар, мемлекеттік сот орындаушылардың қатысуымен «Жолдауға қолдау» атты тақырыпта семинар өткізілді.

Елбасының жыл сайынғы Жолдауларының әрқайсысы ерекше және оны қолдауға тұрарлықтай екенін айта кеткен басқарма басшысы А. Борчашвили, өзінің де Жолдаулардың орындалуына атсалысатынын және қатысушыларды да соған шақыратынын жеткізді.

Қазіргі уақытта заңдардың өзгеруіне орай, оның ішінде «Адвокаттық қызмет және заңгерлік көмек» заңы бойынша қатысушыларға басқарма бас маманы Г.Айнекова жалпы ережелері мен тиімділігін атап өтті.