Жолдауда білім саласына айрықша мән берілгені қуантады

 Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың үстіміздегі жылы 10 қаңтар күні Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында білім салсына ерекше мән берілген.

Н.Ә.Назарбаевтың білім саласына деген сарабдал саясатының арқасында бүгінгі таңда барлық мектептер компьютерлендірілді. Әрбір қазақстандықтың өмір бойы білім алу мүмкіндігі қамтамасыз етілуде.

Сонымен қатар, биылғы Жолдаудың жетінші «Адами капитал – жаңғыру негізі» Білім берудің жаңа сапасы бөлімінде Елбасы:«Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс.

2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет.

Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады.Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар.

Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады»,-деп атап көрсетті. Сондай-ақ,«2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 30 %-ға көбейтуді тапсырамын», – делінген Жолдауда.

Президент Жолдауында көр­сетілген білім беру жүйесін­дегі бағдарламалық мақсаттар­дың табысты жүзеге асырылуы Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына қосылуға жасалған та­ғы бір қадамы болып табы­лады.