«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Құрметті  Балабек  Жанбекұлы!

Құрметті   Әріптестер!

Біз,  Сарысу аудандық орталық аурухана ұжымы  Елбасымыздың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан  халқына Жолдауын оқып, таныстық.

Мемлекет басшысының әр Жолдауынан еліміздің өсуінің белгілі бір кезеңін байқаймыз. Бұл жолғы Жолдау осыған дейінгі маңызды құжаттардың тұжырымы болып табылады. Мемлекет басшысы ден­саулық сақтау және медицина ғылымдарының озық жүйесін құру, дені сау ұлт қалыптастыру мін­детін қойды.

Сапалы денсаулық сақтау жүйесі – ХХІ ғасырдағы ел дамуының айрықша әлеуетті факторы. Денсаулықты қорғау жүйесін тиісті деңгейде қамтамасыз ету әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кірудің маңызды кепілі болмақ

Адами капиталдың сапасын арттыру – мемлекет дамуын қамтамасыз етудің негізгі алғы шарты..

Осы орайда Жолдаудың  «Адами капитал – жаңғыру негізі.

Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт» жетінші негізгі міндетінде:

Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсету негізінен аурудың алдын алуға,саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейтуге, жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға  бағытталуы тиіс.

Тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қолданудан негізгі созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасап, сондай-ақ осы саланы амбулаторлық емдеу арқылы басқаруды батыл әрі белсенді түрде енгізу керек.

Халықаралық озық тәжірибе негізінде онкологиялық ауруларды ерте диагностикалаудың және қатерлі ісікті емдеудің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету, кардиология, босандыру және өкпе ауруымен күресу кезінде атқарған істеріміз сияқты жұмыстарды да жүргізуіміз керек.Денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшетін болады.

Мемлекеттің міндеттерін нақты белгілей отырып, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін әзірлеу қажет.

Халық мемлекет тарапынан кепілдік берілмеген қызметтерді Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде немесе ерікті медициналық сақтандыру  арқылы ала алады.

Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру , медицинада ауруларды диагностикалау мен емдеудің тиімділігін айтарлықтай арттырат

ын генетикалық талдау мен жасанды интеллект технологияларын енгізу қажет.

Медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және оларды сапалы даярлау маңызды мәселе болып саналады.

Бүгінде бізде Назарбаев Университетінің бірегей Медицина мектебінде біріктірілген университет клиникасы жұмыс істейді.

Бұл тәжірибе барлық медициналық жоғары оқу орындарына таратылуы тиіс.

Осы және басқа да шараларды іске асыру үшін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің жаңа редакциясын әзірлеу қажеттілігі айтылған.

Жолдауды барша отандастарымызбен бірге , Сарысу аудандық орталық аурухана ұжымы да қолдайды және құжатта көрсетілген өз саламызға қатысты міндеттерді алдағы уақытта  іске асыруға өз үлесімізді қосамыз.

Зейін қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!