Сарысу ауданы әкімінің орынбасары О.Көкейдің Елбасы Жолдауына байланысты актив жиналысында СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Құрметті президиум мүшелері!

Қадірменді активке қатысушылар!

Күні кеше ғана (2018 ж., 10 қаңтар) Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған жаңа Жолдауы жария етілді.

Жолдаудың аты айтып тұрғандай бұл құжат – жаңа әлемге, яғни төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен  жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындап отыр.

Президент өз сөзінде «Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет. Жаһандық трендтер көрсетіп отырғандай, ол, бірінші кезекте, Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін кеңінен енгізуге негізделуі тиіс» деп, жас мемлекетіміздің жаһандық сын қатерлерге дайын болу қажеттігін қадап айтты.

Жалпы, Президент биылғы Жолдауында қоғам назарына қарқынды дамудың шешуші ең басты 10 бағытын ашып көрсетті.

Бұл бағыттар – Жолдаудың ең құнды өзегіне айналды.

Сондықтан-да, жаңа технологияларды еңгізу мәселесі Елбасы Жолдауының басты бағыттарының бірі болып отыр. Ел дамуының инновациялық бағытына айрықша көңіл бөлінді.

Жолдауда өндірісте, агроөнеркәсіп кешінінде, құрылыс пен коммуналдық секторда заманауи технологияларды кеңінен қолдану, цифрландыру жүйсін еңгізу сияқты басты бағыттарды дамытуға басымдықтар берілген.

Бұл мақсаттағы жоспарлы жұмыстарды жүргізуде ауданда да оң тәжірибе қалыптасып отыр.

2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша өнеркәсiп саласында 19 млрд. 141,6 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, оның көлемі өткен жылмен салыстырғанда 107,0 пайызды құрауда.

Жүргізілген құрылыс жұмыстарының көлемі 10 млрд. 240,7 млн. теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыс-тырғанда 114,0 пайызды құрады.

Елбасы Жолдауының бесінші бағыты құрылыс пен коммуналдық секторға арналғаны белгілі.

Аудан бойынша өткен жылы жеке тұлғалар есебінен 233,4 млн. теңгеге жалпы алаңы 5511 шаршы метрді құрайтын 50 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілген. Тұрғын үйлерді жаңғырту да басты назарда. Былтырғы жылы Жанатас қаласы 1 шағын аудандағы №35 көпқабатты үй пайдалануға берілген, ал осы жылы 120 пәтерлі №34 үйді ел игілігіне беру жоспарда бар.

Агроөнеркәсіп кешенінде де даму үрдісі бар. Ауыл шаруашы-лығында өндiрiлген өнiм ағымдағы бағалармен есептегенде 10 млрд. 636,1 млн. теңгенi құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,1 пайызды құрайды деп күтілуде.

Егін шаруашылығынан алынған өнімдер көлемі жалпы ауылшаруашылығы өнімдерінің 51,0 пайызын құрайды.

Аудан бойынша биылғы жылы дәнді дақылдар, көкөніс пен бақша өнімдерін және 2-3 жылдық көп жылдық шөпті қосқанда барлығы 18390 гектар егістік жер игерілді. Өткен 2016 жылмен салыстырғанда егістік жер 50 гектарға артық.

Астық сақтайтын 10 қойма сапалы жөндеуден өткізіліп, астық зиянкестеріне қарсы химиялық өндеу жұмыстары жүргізілген.

Есепті кезеңде 3 550 гектар масақты дақылдар орылды, оның ішінде    1 350 гектары күздік бидай, 2 200 гектары жаздық арпа. Орылған күздік бидайдың әр гектарынан 18,8 центнерден, жаздық арпаның әр гектарынан 18,4 центнерден өнім алынып, 6 586 тонна астық қамбаға құйылды (орташа өнім гектарына 18,6 центнер).

7730,0 гектар жерге егілген  мақсары орылып, 5411,0 тонна өнім жиналды, әр гектарынан 7 центнерден айналды.

1000 гектар жүгері орылып, 6500,0 тонна өнім жиналды, әр гектарынан 65 центнерден алынды.

2018 жылдың өнімі үшін 2500 гектар жер айдалып, 2400 гектар жерге күздік бидай себілді. 504 гектар жерге пар айдалды.

Аудан бойынша лизингке 3 шаруа қожалықтары Беларус-920 тракторын мен 2 қосалқы КУН құрылғыларын және БДТ-7 жер қопсытқыш құрылғысын алды.

Сонымен қатар өз қаражаты есебінен 3 шаруа қожалықтары 2 Беларус тракторлары мен 3 қосалқы КУН құрылғы құрылғыларын алды.

Бұл жұмыс жалғасуда. Бүгінде, 3 шаруа қожалықтары («Ақжол-Н», «Тамырлан», «Убайділда» ш/қ.) Беларус тракторларын алуға құжаттарын рәсімдеуде.

Суармалы егістік жерге жаңа технологиялы тамшылатып суғару жүйесін енгізе отырып, «Жантөре-Саудакент» ЖШС биылғы жылы бұрынғыға қосымша 34 гектарды қосқанда барлығы 75 гектар жерді игеріп,  өнімдері жинап алынды.

Ауданда 2017 жылы егін шаруашылығы бойынша 22 ауыл шаруашылығы құрылымдарына 3,7 млн. теңге субсидия төленді. Майлы дақыл мақсары өнімдеріне субсидия төлеуге қажетті құжаттар қабылданып, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы-на жіберілді.

2017-2018 мал қыстату жылына 92,0 мың тонна мал азығы дайындалды, яғни жоспар 108,2 пайызға орындалды (оның ішінде көп жылдық шөп 23,5 мың тонна).

Мал шаруашылығынан алынған өнімдер көлемі жалпы ауылшаруашылығы өнімдерінің 49,0 пайызын құрайды.

2018 жылдың 1 қаңтарына мүйізді ірі қара 18 168 басқа (102,6 %), қой-ешкі 215030 басқа (100,6 %), жылқы 5790 басқа (102,1 %), түйе 1983 басқа (101,8 %), құс 21118 басқа (100,1 %) жеткізіліп, 6774,0 тонна ет (101,6 %), 5371,4 тонна сиыр сүті (106,5 %), 3688,7 мың дана жұмыртқа (100,3 %) дайындалды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақытысымен салыстырғанда мүйізді ірі қара 467 басқа, қой-ешкі 1342 басқа, жылқы 121 басқа, түйе 36 басқа артып, ет 110,2 тонна, сиыр сүті 360,0 тонна, жұмыртқа 9,8 мың дана артық өндірілді.

Ет экспорттау мақсатында үстіміздегі жылдың тамыз айында «Мерке Ет Комбинаты» ЖШС-мен келісім жасалып, салмағы 23,5 тонна болатын 1749 бас биылғы туылған қозылар өткізілді, тапсырма 180,0 пайызға орындалды.

Мал тұқымын асылдандыру жұмысы да жоспарлы жүргізіліп келеді. Қазақтың қылшық жүнді ет бағытындағы асыл тұқымды қой  өсіретін Досбол ауылдық округінен «Елдос-2004» шаруа қожалығына  асыл тұқымды мәртебесін алып,  барлық құжаттары рәсімделіп, ҚР АШМ-нің арнайы сайтына тіркеліп, жұмыс атқаруда. 2015 жылы Қамқалы ауылдық округінен жеке кәсіпкер «Рашев»   асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алса, 2017 жылы Жаңаталап ауылдық округінен «Ынталы» шаруа қожалығы асыл тұқымды шаруашылық қатарына енді.

Жаңаарық ауылдық округінен «Бірлік», асыл тұқымды шаруашылықтар қатарына өту мақсатында құжаттарын реттеуде.

Мүйізді ірі қара бойынша «Абылай» шаруа қожалығы Қазақтың ақ бас тұқымын өсіретін асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алып, жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі күнге аудан бойынша 92 бас асыл тұқымды бұқа бар. Оның ішінде «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жұмыс атқарып отырған  14 шаруашылықта   асыл тұқымды бұқалар саны 50 басқа жетті, қалған 42 бас асыл тұқымды бұқалар тауарлы шаруашылықтарда селекциялық асылдандыру жұмысын жүргізу үшін пайдаланылуда.

2017 жылы 27 шаруашылық 86 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара сатып алса,  36 шаруашылық 1545 бас асыл тұқымды қой сатып алды.

Мал шаруашылығы саласында алдағы уақыттағы басты мақсатымыз мал тұқымын ет бағытында асылдандыру жұмыстарын қолға алу болып табылады.

2017 жылы ауданда жалпы мал басын көбейту және асылдандыру бағытында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 12 айда ауданда 5 шаруа қожалықтары 53,0 млн. тенге несие алып, 301 бас аналық сиыр, 12 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды (жылдық жоспар – 126 бас сиыр, 5 бас асыл тұқымды бұқа).

Жылдык жоспардың орындалуы 2,4 есеге артып, 175 бас аналық сиыр, 7 бас асыл тұқымды бұқа артық сатып алынды.

«Сыбаға» және «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламалары бойынша тапсырмадағы 126 бас сиырдың 2018 жылдың 1 қаңтары-на 525 басы алынып, тапсырма 416,7 пайызға орындалды (224 бас нәтижелі жұмыспен қамту бойынша).

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша ауданда 6 шаруа қожалықтары және Жаңатас қаласындағы 2 жеке кәсіпкер 29,2 млн. теңгеге 1198 бас қой малдарын сатып алып, жылдык жоспар 100,4 пайызға орындалған (жылдық жоспар – 1193 бас):

«Алтын асық» және «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламалары бойынша тапсырмадағы 1193 бас қойдың 1956 басы алынды, тапсырма  164,0 пайызға орындалған (758 бас нәтижелі жұмыспен қамту бойынша).

«Құлан» бағдарламасы бойынша ауданда 2 шаруа қожалықтары және Байқадам ауылдық округінен 1 жеке кәсіпкер 12,1 млн тенгеге 31 бас жылқы малдарын сатып алды, орындалуы 124 пайыз (жылдық жоспар-25 бас).

«Құлан» және «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламалары бойынша тапсырмадағы 25 бас жылқыдан 101 басы алынып,             404,0 пайызға орындалды (70 бас нәтижелі жұмыспен қамту бойынша).

«Шалғайдағы жайылымды суландыру» бағдарламасы бойынша ауданда 6 дана құдық (ұңғыма) қазылуы тиіс болса, 10 дана құдық қазылды, жоспар 166,7 пайызға орындалды.

«Көктемгі дала егістігі» бағдарламасы бойынша аудандағы 3 шаруа қожалықтары 13,4 млн. теңге несие алып, жұмыс атқаруда.

Мал шаруашылығын субсидиялау көлемі артып келеді. Аудан бойынша 153 шаруашылыққа барлығы 127,6 млн. тенгенің  субсидиялау құжаттары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына электронды нұсқада тапсырылды.

Бұл қаражаттар шаруашылықтардың есеп шоттарына аударылуда (118,3 млн.теңге аударылды, қалғаны 2018 жылы ақпан-наурыз айларында аударылатын болады).

Профилактикалық және диагностикалық іс-шаралардың орындалуы.

2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында аудан бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес жұқпалы аурулардың алдын алу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп, вакциналар толығымен (100,0 %) егілді.

Диагностикалық іс-шаралардың орындалуы. Жыл басынан бері диагностикалық іс-шаралар бойынша 22707 бас мүйізді ірі қараны (100,0 %), 327900 бас қой-ешкіні (100,0 %), 73 бас жылқы малын (100,0 %), 2126 бас түйені (100,0 %), 485 бас ит (100,0 %) пен   51 шошқаны (100,0 %) сарып ауруына тексеру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде 17 бас мүйізді ірі қара малы мен 361 бас уақ мал сарып ауруымен тіркеліп, 17 бас мүйізді ірі қара малы, 349 бас уақ мал Байзақ ауданындағы мал сою алаңына өткізілді, 12 бас уақ мал өлген.

Малдарды бірдейлендіру жұмыстарында да қарқын бар. 2017 жылға жасалған болжамдық жоспарға сәйкес 5300 бас МІҚ, 102,0 мың бас қой-ешкі, 1700 бас жылқы, 400 бас түйе малдары және 30 бас шошқа бірдейлендірілуге тиіс.

Жыл басынан бастап 8606 бас мүйізді ірі қара малы (162,4 %),   79582 бас уақ мал (78,0%), 400 бас түйе (100,0 %) мен 977 бас жылқы (57,5%) малдары бірдейлендіріліп, жұмыстар жалғасуда. 2017 жылға тапсырыс берілген сырға, чиптердің толық көлемде бөлінбеуінен бірдейлендіру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілмей отыр.

Жылқы малдарынан басқа ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары тегін жүргізіледі. Қазіргі уақытта жылқы малдарын бірдейлендіру (чиптеу арқылы) ақылы түрде мал иесінің есебінен жүргізіледі.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмыстарының жүргізілу барысы туралы.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы індетіне қарсы іс-шаралар ауданда үш кезеңмен жүргізілді.

Биылғы жылы облыстық бюджеттен бөлінген 24,8 млн. теңге қаржыға  3 ауылдық округте мал тоғытпасының құрылыстары жүргізілді (Игілік, Жайылма, Қамқалы).

Аудан бойынша Конго Қырым геморрагиялық қызбасы індетіне байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Аудан бойынша 189 адамды кене шағу жағдайы тіркелген, КҚГҚ ауруымен ауырған адам саны 2.

Елбасы Жолдауының 4-ші міндеті, яғни көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру бағытында да біршама жұмыстар атқарылған.

2017 жылы ауданда 97,6 млн. теңгенің көлік қызметтері көрсетілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,7 пайызға артқан (2016 ж. – 89,7 млн. теңге).

Тасымалданған жолаушылар 775,9 мың адамды құраса (101,3 %), жолаушылар айналымы 37,1 мың жолаушы шақырымды құрады (102,4 %) (2016  – 765,5 мың жолаушы, жолаушылар айналымы 36,2 мың жолаушы шақырым).

Жолдауда құрылыс және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу мәселесіне үлкен мән берілген. Бұл бағытта «Өңірлерді дамытудың 2020» жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2012 жылы 1-ші және 2-ші тетік бойынша 80,0 млн. теңгеге 6 көпқабатты тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілген.

2018 жылғы 1 қаңтардағы  жағдай бойынша осы қаражаттың жоспарлы қайтаруға жататыны 58,9 млн. теңгені құраса, нақты қайтарылғаны 32,5 млн. теңгені немесе  55,2 пайызды құрап отыр.

2017 жылы қайтарылған қаражат есебінен Жаңатас қаласы 6 шағын аудан №28 үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, 10,6 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Кәсіпкерлік салысында да кем де емеспіз. Аудан бойынша 2279 шағын және орта бизнес нысандары тіркелген, оның ішінде шағын – 116, орта – 13, жеке кәсіпкер – 157, шаруа қожалықтар – 542, өндірістік кооперативтер – 6, тұтынушы кооперативтер – 16.

Есепті кезеңде шағын және орта бизнес нысандарының саны 223 бірлікке артқан (01.01.2017 жылы кәсіпкерлік нысандар саны – 2057).

Аудандағы шағын және орта бизнес нысандарында – 5603 адам жұмыспен қамтылған, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда    476 адамға кеміген (2016 жылы – 6 079 адам).

Шағын және орта бизнес нысандарының өндірген өнімдері 6 млрд.478,1 млн. теңгені құраған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 312,4 млн. теңгеге немесе 105,1 пайыз (2016 жылы – 6165,7 млн. теңге).

«КазМикроФинанс» шағын несие ұйымы арқылы аудан көлемінде 2763 адамға бизнеске, ауыл шаруашылығына және тұтынушылық мақсаттарға 1 млрд. 001,9 млн. теңгенің несиелері берілді.

Егіншілік және мал шаруашылығын арттыруға берілетін «Саудакент Кредиттік Серіктестігі» ЖШС-гі арқылы 27 шаруа қожалығына мал басын арттыруға және егістік жерлерін ұлғайтуға 69,5 млн. теңге, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 10 жеке кәсіпкерге 35,7 млн. теңге көлемінде несиелер берілді.

Жыл басынан бері ауданда «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру бағытында 161,3 млн. теңгенің 4 жаңа инвестициялық жобасы іске асырылды:

– ИП «Сарыпбекова М.К.» айналым қаражатын ұлғайту – 60,0 млн. теңге;

– «Вкусная корзинка» ЖШС айналым қаражатын ұлғайту – 60,0 млн. теңге;

– «Бірлік» шаруа қожалығы электр желісін тарту – 24,6 млн. теңге;

– «Асыл тұз» ЖШС зауытқа электр желісін тарту – 16,7 млн. теңге.

Сонымен қатар, бағдарламаның төртінші бағыты бойынша жыл басынан бері 147 азамат «Бизнес кеңесші» қысқа мерзімді оқу курсынан өтіп, оларға сертификаттар берілді.

Ауданда негізгі азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мақсатында әр аптаның сенбі күндері Жаңатас қаласында Орталық базар аумағында және орталық алаңда 54 жәрмеңке өткізіліп, 56,0 млн. теңгенің азық-түліктері базар бағасынан 10-15 % төмен бағада сатылды.

Өткен жылы мемлекеттік бюджетке 3 млрд. 636,1 млн. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды, болжамның орындалуы 101,2 пайыз, оның ішінде республикалық бюджетке – 1 млрд. 899,3  млн. теңге (100,6 пайыз), жергілікті бюджетке – 1 млрд. 736,8 млн. теңге (101,8 пайыз).

Аудандық бюджеттің орындалуы да 100 пайыздан асып жығылды. Бюджеттің кірістер жоспары 8 млрд. 516,7 млн. теңге болса, орындалғаны 8 млрд. 543,0 млн. теңгені құрады.

Өзіндік кірістердің орындалуы 1023,2 млн. теңге немесе 102,6 пайыз болды, негізгі кіріс көздері 26,2 млн. теңгеге артығымен орындалды.

Бюджеттің шығыстар бөлігі 8 млрд.896,6 млн. теңгені құрап, 100,0 пайызға орындалды (жоспар – 8млрд.899,9 млн. теңге).

Есепті кезеңде жұмыспен қамту бойынша уәкілетті органға 2342 адам жұмыс сұрап өтініш білдірді, оның ішінде ауыл тұрғындары 864 адам.

Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 2320 адам қамтылды, оның ішінен ауыл тұрғындары 865 адам.

Тұрақты жұмыспен 1188 адам қамтылды, оның ішінде ауылды жерде тұратындары – 450 азамат:

2018 жылдың 1 қаңтарына ресми түрде тіркелген жұмыссыздардың саны – 512, оның ішінде ауыл тұрғындары –           195 азамат (01.01.2017 жылы тіркелген жұмыссыздар – 478 адам, оның ішінде ауыл тұрғындары 300 адам).

Әлеуметтік бағдарламалар бойынша өткен жыл ішінде 9364 тұрғынға 224 млн. 255,6 мың теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді.

Ауданда кедейшілік шегінен төмен тұратын 16 отбасындағы адамдардың саны 65 немесе олардың халық ішіндегі үлесі 0,1 пайызды құрады (Жаңатас қаласы – 16 отбасы 65 адам).

«Өрлеу» жобасы бойынша жыл басынан бері 185 отбасындағы      998 адамға 40029,9 мың теңге шартты ақшалай көмек тағайындалып, төлемге 25112,0 мың теңгесі жіберілді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша 800 нәресте дүниеге келді (2016 ж. – 982 сәби). Өткен жылмен салыстырғанда туу деңгейі 78,8 пайыз деңгейінде қалыптасып отыр.

Жалпы ауру 1 000 адамға шаққанда 2017 жылдың 12 айында          36,7 мың науқасты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 5,5 мың науқасқа төмендеді (2016 ж. – 42,2 мың науқас).

Алғашқы ауру 1 000 адамға шаққанда 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында – 25,0 мың науқасты құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,2 мың науқасқа төмендеді (2016 жылы – 29,2 мың науқас).

Елбасының Жолдауында адами капиталды дамтыға да баса назар аударылған. Ауданда жалпы білім беретін 27 мектеп, 10 қосымша білім беру мекемелері, 11 балабақша және 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті бар.

2017-2018 оқу жылы 529 сыныптағы 8 251 оқушымен басталып (оның ішінде Жаңатас қаласындағы 5 мектепте 4 162 оқушы, ауылдық елді мекендердегі 22 мектепте 4 089 оқушы), өткен оқу жылымен салыстырғанда жалпы оқушылар саны 236 оқушыға артты (2016-2017 оқу жылы 8015 оқушымен басталған).

Ағымдағы жылы білім саласында 6 нысанға 328,9 млн. теңгеге ағымдағы және күрделі жөңдеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Досбол ауылындағы «апатты» деп танылған мектеп орнына жаңа мектеп ғимаратының құрылысы жүргізіліп, осы оқу жылында пайдалануға берілді.

Жалпы білім беретін мектептерде барлығы 711 дана компьютер есепте тұр. Биылғы жылы жергілікті бюджет есебінен 9,6 млн. теңге қаралып, 80 компьютер алынды, нәтижесінде 1 компьютерге  10,5 баладан келіп отыр.

Оқушылардың жазғы демалысы мен сауықтырылуы. Биылғы жазда 1-10 сыныпты аяқтаған барлық 7686 оқушылардың 6939-ы жазғы сауықтырумен қамтылды, яғни 90,3 пайызы (2015-2016 оқу жылында 7308 оқушылардың 89,7 пайызы немесе 6556-ы қамтылған).

Биылғы жылы Астана қаласында өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне аудан мектептерінен              380 бала 2 кезеңмен (190 баладан) экскурсияға  барып келді.

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие бойынша.

1-6 жас аралығында қамтылған балалар саны 2 639 болып,  қамтылуы үлесі   72,2 пайызды құрады.

3-6 жас аралығында қамтылған балалар саны 3663 бала болып, қамтылуы үлесі 92,9 пайызды құрап отыр.

Кезекте тұрған балалар саны – 725 (оның ішінде 3-6 жас аралығында – 139 бала).

Дене шынықтыру және спорт саласында. 2017 жылың 12 айында ауданда барлығы 25,2 мың адам қатысқан 348 спорттық іс-шаралар өткізілді, оның ішінде ауылдық аймақтарда 242 спорттық іс-шаралар өткізіліп, 16,9 мың адам қатысты.

Жыл басынан бері халықаралық және елімізде өткізілген жарыстарда аудан спортшылары барлығы 320 медальға ие болды    (78 алтын, 82 күміс, 160 қола).

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанға жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұрғындар саны 12,5 мың адамды немесе жалпы аудан халқы санының 28,5 пайызын құрады.

Есепті мерзім аралығында мәдениет саласында барлығы 114,8 мың адам қатысқан 912 мәдени іс-шаралар өткізілді, оның ішінде ауылдық жерде 794 іс-шара, қатысушы саны – 91,1 мың адам.

Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі есепті кезеңде 1800 іс-шара өткізді. Мәдени көпшілік іс-шараларға қатысқандардың саны – 19,2 мың адам.

Биылғы Жолдауда құқық қорғау жүйесін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылу және заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейту туралы бірнеше рет айтылған. Бұл бағытта да ауданда біршама шаруалар атқарылып келеді.

Ауданда қылмысқа қарсы күресті күшейту мақсатында Жергілікті полиция қызметіне жыл басынан бері жергілікті бюджет есебінен 3 дана Lada Granta мен 2 дана «Нива» автокөліктері және жылдамдықты өлшейтін радар сатып алынып берілді және қолданыста болған 10 «Нива» автокөліктері әкімдік қаулысымен беріліп отыр. Сатып алынған автокөліктерге 5 арнайы жарықтандырғыш шамдары орнатылды.

Сондай-ақ, Жаңатас қаласындағы Дегерес елді мекенінен ғимарат сатып алынып, тірек пункті ретінде пайдалануға берілді. Қылмыстардың алдын-алу мақсатында Жаңатас қаласына 26 бейне бақылау камералары, Саудакент ауылына 4 бейне бақылау камералары орнатылды.

Өткен жыл ішінде жалпы 251 қылмыс тіркелген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қылмыс саны 8 қылмысқа кемігенін көрсетеді. Қылмыстың ашылу деңгейі 71,5 пайыз болып қалыптасты. Аудан аумағында барлығы 17 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Жалпы аудандағы саяси ахуал тұрақты.

Құрметті актив жиынына қатысушылар!

Елбасының Жолдауындағы талаптарын орындау бәріміз үшін – ортақ парыз, абыройлы міндет.

Сондықтан, қоғамның өркендеп өсуіне айрықша сипат беріп отырған бұл стратегиялық маңызды құжаттың орны бөлек, мазмұны ерекше болып отыр.

Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын құрметті көпшілік.

Олай болса, мемлекетіміздің ортақ мүддесін алғы шепке шығарып отырған Жолдауға қолдау көрсетіп, ел игілігін еселеу жолындағы еңбектеріңізге табыс пен сәттілік әкелсін.

Назарларыңызға рахмет!