Сарысу ауданы әкімі Б.Нарбаевтың Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын түсіндіру жөніндегі актив жиналысының ЖҮРГІЗІЛУ ТӘРТІБІ

Құрметті әріптестер!

Қадірменді актив жиынына қатысушылар!

10 қаңтар күні Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған биылғы жылғы жаңа Жолдауын жария етті.

Жолдауға «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деген терең ойлы, асқақ міндетті, өрлігі биік айдар тағылды.

Барша аудан жұртшылығы жылдың бас құжатын зор ықыласпен, үлкен өрлеу үстінде қабылдап отыр.

Бүгінде Елбасы Жолдауына әлемнің көптеген елдерінің тұлғалы саясаткерлері мен сарапшылары үлкен баға беруде.

Ал, ел тұрғындары жыл сайын ұлтын мұратқа, елін болашаққа бастаған Ұлт көшбасшысының Жолдауын асыға күтеді. Оның келешегіне зор сенім артады.

Өйткені, еліміздің тарих қойнауына кеткен әрбір жылында қол жеткізген табыстары мен жетістіктері – мемлекетіміздің тікелей қарқынды дамуы мен халықтың әл-ауқатын аттыруға бағытталғаны белгілі.

Елбасының биылғы Жолдауының ең басты жаңалығы – елімізді дамытудың даңғыл жолына жетелейтін 10 басым бағыты.

Болашақтың бойтұмарына айналған бұл құжат – шынайы дамудың көкжиегіне көз тастап отыр.

Сондықтан-да, бас құжат қоғам алдына зор міндеттер жүктеп отыр.

Биылғы жасампаз Жолдау – индустрияландыруда жаңа технологияларды енгізу, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін арттыру сияқты талаптарды қарқынды іске асыру жолдарын ұсынып отыр.

Ендігі кезекте, барша қазақстандықтар осы даму идеяның айналасына шоғырлануы қажет деп білемін.

Құрметті көпшілік!

Болашақты болжай, келешекті көре білген Елбасының дара саясатының арқасында еліміз осы жылдары өркендеу мен өсудің үлкен жолынан өтті.

Өйткені, экономикалық болжаудың көрегені Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың елдегі ашық даму саясатын іске асыруда жеткен жетістігіне әлем куә болды.

Бұл еліміздің экономикалық дамудағы теңдесі жоқ жеңісі!

Дүбірлеген дүние тоқтаусыз алға жылжып барады. Бүгінде осындай күрделі бәсекелестік көшінің қатарында Қазақ елі де бар.

Сондықтан-да, Елбасы жаңа Жолдауының маңызы да, мәні де зор.

Құрметті жиынға қатысушылар!

Бүгінгі кездесуіміз Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге, талқылауға арналып отыр.

Жиынға облыстық ақпараттық топ жетекшісі, облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Төлепберген Мейрамбек Мылтықбайұлы, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ахаев Мақсат Кеңесханұлы, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дастан Исламбек және облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы Бердібеков Жасұлан Асқарұлы қатысып отыр.

Сонымен қатар жиынға, жергілікті атқарушы орган басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, білім беру, денсаулық сақтау және спорт салаларының қызметкерлері, этномәдени бірлестіктер, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, ардагерлер, жастар мен БАҚ өкілдері, аудандық ақпараттық топ мүшелері қатысуда.

Құрметті жиыналған қауым!

Жиынды бастамас бұрын, регламент бекітіп алсақ. Олай болса, баяндамашыларға – 5-6 минуттан, жарыссөзге 3-4 минут, сұрақ-жауапқа – 2-3 минуттан беріледі.

Келісесіздер ма?

Шақырылғандар негізінен жиналды, жиынды бастауға толық мүмкіндік бар.

Ендеше, Елбасы Жолдауында басымдық берілген 10 негізгі міндеттері аясында атқарылған жұмыстар туралы және алдағы уақыттағы келелі істе турасында баяндама жасау үшін сөз, аудан әкімінің орынбасары Көкей Олжас Тұрғынұлына беріледі.

 

Сөз, облыстық ақпараттық топ жетекшісі, облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Мейрамбек Мылтықбайұлына беріледі.

 

Келесі кезекте, Елбасы Жолдауының 1-ші және 2-ші міндеттері аясында баяндама жасау үшін сөз, «Қаратау» тау-кен өңдеу кешінің техинкалық бөлімінің басшысы Забиров Радий Ахметовичке беріледі.

Сөз, облыстық ақпараттық топ мүшесі, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мақсат Кеңесханұлына беріледі.

 

Президент Жолдауының 10-шы міндеті, яғни «Ақылды қала» жобасы аясында баяндама жасау үшін сөз, «Еврохим-Қаратау» ЖШС филиалының директоры Кәрімов Болат Ақтанұлына беріледі.

 

Сөз, облыстық ақпараттық топ мүшесі, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Исламбек Дастанұлына беріледі.

 

Келесі сөз, аудандық мәслихат депутаты, №11 Сарысу  колледжінің директоры Сейналиев Асанбай Ермекбайұлына беріледі.

 

Сөз, аудан әкімдігінің білім бөлімінің сектор меңгерушісі Дүсенбин Ерлан Пернебайұлына беріледі.

 

Құрметті жиналған қауым!

Барша Қазақстан қоғамының ұлы құндылығы – Мәңгілік Ел! Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де осы құдіретті ұғымға сыйып тұр.

Ең басты байлығымыз – Ел бірлігі. Барлығымыздың іс-әрекетіміздің түпкі мәні – осы!

Осы игі мақсаттар жолында барша қазақстандықтармен бірге сарысулықтар да бірлесе жұмыс атқаратын болады.

Елбасы Жолдауынан туындаған әрбір тапсырма абыроймен жүзеге асатынына сенімім мол.

Құрметті Мейрамбек Мылтықбайұлы, құрметті облыстық ақпараттық топ мүшелері сіздерге алғысымызды білдіреміз.

Баршаңыздың атқарар ортақ істеріңізге сәттілік тілейміз.

Осымен актив жиналысы аяқталды.

 

Сау-саламат болыңыздар!

 

 

Сарысу ауданы әкімі Б.Нарбаевтың Елбасының

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған

Жолдауын түсіндіру жөніндегі актив жиналыстың

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Жаңатас қаласы,

аудандық мәдениет үйі

 

 

  2018 жылғы 15 қаңтар, сағат 16.00

Модератор: Б.Нарбаев – Сарысу ауданының әкімі.

 

 

16.00-16.05 Аудан әкімі Б.Нарбаевтың кіріспе сөзі
16.05-16.15 Аудан әкімінің орынбасары О.Көкейдің сөзі
16.15-16.20 Облыстық ақпараттық топ жетекшісі, облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы М.Төлепбергеннің сөзі
16.20-16.25 «Қаратау» тау-кен өңдеу кешінің техинкалық бөлімінің басшысы Р.Забировтың сөзі
16.25-16.30 Облыстық ақпараттық топ мүшесі, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы М.Ахаевтың сөзі
16.30-16.35 «Еврохим-Қаратау» ЖШС филиалының директоры Б.Кәрімовтің сөзі (3 минуттық видео)
16.35-16.40 Облыстық ақпараттық топ мүшесі, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» ҚБ-нің төрағасы И.Дастанның сөзі

16.40-16.45

Аудандық мәслихат депутаты, №11 Сарысу колледжінің директоры А.Сейналиевтің сөзі

16.45-16.50 Аудан әкімдігінің білім бөлімінің сектор меңгерушісі ЕДүйсенбиннің сөзі
16.50-16.55 Сұрақ-жауап, пікір алмасу
16.55-17.00

Жиналысты қорытындылау