Қазақстан Республикасының Президенті-Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына дәстүрлі «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы

Құрметті Балабек Жанбекұлы!
Қадірменді қауым!
Қазақстан Республикасының Президенті-Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына дәстүрлі «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жолдағаны барлығымызға аян.
Осы аталған жасампаз Жолдаудың жетінші «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты міндетінде білім берудің жаңа сапасы бойынша барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету керек деп атап көрсетіп отыр.
Ондағы міндетіміз – білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту.

Елбасының 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, бүгінгі күні білім беру жүйесін түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам басып, соның негізінде оқушының ой-өрісін дамытуға, ұлттық дəстүрді сақтай отырып, əлемдік білім кеңістігіне кіру ісі жүйеленіп, жаңартылған білім беру мазмұны жолға қойылды.

2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу керек делінген.

Қазіргі таңда ауданымыздағы мектепке дейінгі ұйымдарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 Қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» бойынша жұмыс жүргізіліп, баланы жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес, жан-жақты дамытуға, әлеуметтік дамытуға қол жеткізуді қамтамасыз ететін адамгершілік нормаларын қалыптастыруға бағыттау.

Сонымен қатар, балаларды мектепке сапалы дайындауға бағытталған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту болып табылады.

Елбасының бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) елдерінің стандарттары негізінде адами капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған болатын.

Осы Ұлт жоспарының 76-қадамында ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) стандарттарының негізінде адами капиталдың сапасын көтеру, 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ кезең-кезеңімен ЕНГІЗУ, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру атап көрсетілген.

Жаңарылған білім беру мазмұнына жалпы білім беретін мектептердің 2016-2017 оқу жылында 1 сыныптар және 2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7 сыныптар көшірілді. 2018-2019 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына 3, 6, 8, 10 сыныптар және 2019-2020 оқу жылында 4, 9, 11 сыныптар толық көшетін болады.
Демек, мұғалім балаларды осы жаңартылған білім мазмұнына көшуіне жан-жақты дайындау керек. Оның бір жолы – білім алушы қызметін жандандыру тәсілдерін пайдалану, оларға барынша дербестік беру. Қазіргі таңда аудан мектептері бойынша жалпы 1 266 мұғалім жұмыс жасауда. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде пәндер бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарынан 418 мұғалім курстан өтіп, жалпы санының 33,0 пайызын құрап отыр.
2017-2018 оқу жылында 848 пән мұғалімі өтеді деп жоспарлануда.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру.
Аудан бойынша білім беру ұйымдарында барлығы 1 841 педагог қызмет етеді. Оның жоғары білімдісі 1 476, арнаулы орта білімдісі 365, оның ішінде жоғары санаттысы 345 (19,0 %), бірінші санаттысы 458 (25,0 %), екінші санаттысы 456 (25,0 %), санаты жоғы 582 (31,0 %) мұғалім болып отыр. Жоғары және бірінші біліктілік санаттың индикаторлық көрсеткіші бойынша 43,6 %-ды құрайды.
Осыған орай, 2018 жылы ұстаздардың біліктілік деңгейін әлем елдерінде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы анықтау мақсатында білімін үнемі жетілдіру арқылы ынталандыруын қолға алу жоспарлануда.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №150 «Білім беру үйымдарында пайдануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу әдістемелік кешендерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылуда.
Атап айтсақ, 45 000 000 теңгеге қажетті оқулықтар алынды.
Оның ішінде 1-сыныпқа 17 814 450 теңгеге 28 537 дана, 2, 5, 7 сынып оқулықтары және үш тілділікке байланысты ағылшын тілінде өтілетін 4 пәнге («Информатика», «Химия», «Физика», «Биология») 7 772 210 теңгеге 70 745 дана оқулық алынды.
2018 жылы 3, 6, 8, 10-сыныптарға алынатын оқулықтарға жалпы 95 642 000 теңге қажет болып, нәтижесінде бюджет есебінен 78 031 000 теңге бөлінді.

Мектептерде білім берудің математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейтуді қолға алуды міндеттеп отыр.

Білім мазмұнын жаңарту аясында мектепте білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі –  әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасып, математикалық сауаттылық, логикалық, шығармашылық сипаттағы тапсырмалар арқылы математиканың рөлін айқындау, түсіне білу, тұжырымдарды дәлелді негіздей білу арқылы қалыптастыру.

Сонымен бірге ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы арқылы білім алушылардың өз білімін қолдана білуге, қоршаған ортаны, адамзат енгізген өзгерістерді тереңнен түсінуге, табиғи-ғылыми мәселерге қатысты және ғылыми дәлелдемелер арқылы негізделген сұрақтарды шешуге бағытталады.

Жаратылыстану-математикалық бағытта 20 мектеп бойынша 10-сыныптың 226 оқушысы, 19 мектеп бойынша 11-сыныптың 165 оқушысы білім алуда.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, бүгінгі күні білім беру жүйесін түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам басып, соның негізінде оқушының ой-өрісін дамытуға, ұлттық дəстүрді сақтай отырып, əлемдік білім кеңістігіне кіру ісі жүйеленіп, жаңартылған білім беру мазмұны жолға қойылды.

Осы Жолдауда біздегі оқушылардың жүктемесі ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғанын және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп екенін ескеріп, оны төмендету керек.

Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландырудың мәні білім беру мекемелерінің шығындарын қаржыландырудан оқушылар санына байланысты оларды оқытуға шығындарды қаржыландыруға көшуге негізделе отырып, білім беру ортасына шығыстар орта білім беру ұйымдарының нақты қажеттіліктері негізінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары есепке алына отырып, орта білім беру процесін қаржыландыру – республикалық бюджет қаражатынан, білім беру ортасын қаржыландыру жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Осыған орай, 2020 жылы қалалық мектептерде жан басына қаржыландыруды енгізу процесінің пилоттық моделі Мұхтар Әуезов мектеп-гимназиясында жүргізілу жоспарлануда.

Барлық өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, лабораторияларды және 3Д-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру керектігін міндеттеп, көрсетіп отыр.

Мектеп оқушыларының зерттеушілік, шығармашылық қабілетін, логикалық ойлау түйсігін, есте сақтауын, білім берудің сандық ресурстарының ақпараттарын қолдау дағдыларын дамытудың маңызы зор.

Ең алдымен балалардың «Робототехника» үйірмелеріне қатысуына мүмкіндік беруді, олардың түрлі деңгейдегі (аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық) байқауларға қатысуына қолдау көрсетуді жоспарлап отырмыз.

Балалар түрлі техниканың қалай жұмыс істейтінін тек қана теориялық жағдайда ғана біліп қана қоймай, көзімен көріп, түсінуі үшін практикалық тұрғыда жұмыс жасауына жағдай жасау.

Балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту мақсатында Балтабай Адамбаев тірек орта мектебіне облыстық бюджеттен бөлінген 9 202 000 теңгеге «Робототехника» базалық конструкторлық жабдықтар алынды.

2018 жылы облыстық бюджеттен 18 404 000 теңгеге 2 дана «Робототехника» базалық конструкторлық жабдығын алу жоспарланып, «Робототехника негіздері» курсы бойынша қазіргі таңда 30 педагог біліктілік курстарынан өтіп келді.

Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде.

Елбасының «Ұлт жоспары» бағдарламасының 79-қадамындағы білім беру жүйесінде – жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу арқылы даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру екендігі көрсетілген.

2017-2018 оқу жылында аудан бойынша 149 мұғалім (26 химия, 31 физика, 45 информатика, 47 биология) бар. Осы мұғалімдерді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (дербес білім беру ұйымы) «Педагогикалық шеберлік орталығы» Тараз қалалық филиалында педагог кадрларға арналған біліктілікті арттыру курстарынан кезең-кезеңімен өткізу жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда, 38 мұғалім (9 химия, 8 физика, 10 информатика, 11 биология) 3 айлық курстан жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқып келді. 3 мұғалім (1 химия, 1 физика, 1 информатика) Тараз қаласында 10 айлық курсы бойынша біліктіліктерін арттыруда.

2019-2020 оқу жылына үш тілде білім беруге көшуге дайындықты қамтамасыз ету үшін, биылғы 2017-2018 оқу жылынан бастап Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында информатика пәнінен, Балтабай Адамбаев атындағы тірек орта мектебінде физика пәнінен, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінде химия пәнінен ағылшын тілінде оқытудың элементтері енгізілген элективті курстары жүргізілуде.

Жалпы аудан бойынша 2 аралас (Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы және Балтабай Адамбаев тірек орта мектебі) мектеп бар.

Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында орыс сыныптарына физика және математика пәндерінен 2 маман жетіспейтіндігін атап айтуға болады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Латын әріптері бойынша мемлекеттік тілдің алфавиті үшін бірыңғай стандарт енгізу туралы» желілік кестеге сәйкес, 2017 жылдың 11 қыркүйек-31 желтоқсан күндері аралығында білім мекемелерінде 31 ісшара өткізілді.

2017 жылғы 3 қазандағы облыстық «Мемлекеттік тіл және латын әліпбиіне көшудің болашағы» тақырыбында өткен дебаттық турнирінде Мұхтар Әуезов мектеп-гимназиясының оқушылары А.Биболатова мен Б.Мейірбек ІІІ орынды иеленді.

2017 жылғы 1 қарашада облыстық «Латын алфавиті және енгізу методологиясы: проблемасы және шешу жолдары» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференцияға Мұхтар Әуезов мектеп-гимназиясының мұғалімі С.Сүлейменова, Шоқай датқа орта мектебінің мұғалімі А.Ирсаева, Абылай хан орта мектебінің мұғалімі А.Нұрмаханов қатысып, мақалалары арнайы жинаққа енгізіліп, Мұхтар Әуезов мектеп-гимназиясының мұғалімі С.Сүлейменова арнайы сертификатпен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығымен «Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі» бекітілді.

2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуге байланысты білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің, мектеп оқушыларының арасында кеңінен насихаттау, түсіндіру жұмыстары өз жалғасын табады.

Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кеңжолақты Интернетке қосу және мектептерді бейнеқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру қажет.

Елбасының «Ұлт жоспары» бағдарламасының 90-қадамындағы Бес институционалдық реформаны, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарындағы, интернеттегі, бұқаралық ақпараттың жаңа буындарындағы, сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі қазақстандық біртектілік идеяларын жүзеге асыруды ақпараттық қамту және ілгерілету керектігін, қазіргі таңдағы озық технологиялар дәуірінсіз алға жылжу мүмкін еместігін атап көрсете отырып, цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетудің жолдарын жан-жақты белгілеп, Үкіметке «Цифрлы Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді тапсырған.

Жалпы аудандағы 27 мектеп кеңжолақты интернет желісіне қосылған. Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту бойынша «Күнделік.kz» электрондық журнал сайтына ауданымыздың 10 мектебі (М.Әуезов МГ, Ш.Уәлиханов МГ, Б.Адамбаев ТОМ, Абай ОМ, Абылай хан ОМ, Б.Қашқынбаев ОМ, «Жаңаталап» ОМ, С.Сейфуллин ОМ, Шоқай датқа ОМ, Ы.Сүлейменов ОМ) енгізілген. Қазіргі таңда барлық мектеп жұмыс жасап жатыр. Осы бағдарлама шеңберінде «Күнделік.kz» электрондық журнал сайтында жұмыс жасау үшін мұғалімдерді 523 дана ноутбукпен қамтамасыз етуіміз қажет.

2017 жылға ауданға мектептерде цифрлық білім беру ресурстарына қосылу үшін кеңжолақты интернет желісімен қамтамасыз етуге 11 628 000 теңге, электрондық оқытуды енгізуге арналған техникалық инфрақұрылымды әзірлеуге 31 248 000 теңге, ақпараттық және білім беру ресурстарына тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге 5 940 000 теңге, барлығы – 48 816 000 теңге қаралып, толық игерілді.

2018 жылы цифрлы инфрақұрылымды орнату мақсатында облыстық бюджет есебінен 37 258 000 теңге қаралып отыр. Оның ішінде кеңжолақты интернет желісімен қамтамасыз етуге 12 288 000 теңге, техникалық инфрақұрылымды әзірлеуге 19 840 000 теңге, ақпараттық және білім беру ресурстарына тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге 5 130 000 теңгені құрап отыр.

Қазіргі таңда барлық білім беру мекемелері бейнеқұрылғылармен толық жабдықталған.

Орта мектептердің үздік оқытушыларының бейнесабақтары мен видеолекцияларын интернетте орналастыру керек.

Жалпы аудан мектептерінде, 163 дана интерактивті тақта (52 жаңа модификациялық кабинет, 111 интерактивті тақта) бар.

2017 жылы барлық мектепке Wі Fі орнатылып, интернет жылдамдығы Жаңатас қаласындағы 5 мектепте 50 Мб/с, 2 мектепте 10 Мб/с, 7 мектепте 8 Мб/с, 13 мектепте 4 Мб/с жылдамдығын құрап отыр.

Алдағы уақытта интернет жылдамдығын арттыра түсу жоспарлануда.

2018 жылы 10 дана заманауи жабдықталған модификациялық кабинеттер сатып алу үшін 68 150 000 теңге қаржы жоспарланып отыр.

Елбасы өз сөзінде бұл барлық қазақстандықтарға, оның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарына озық білім мен құзыреттілікке қол жеткізуге жол ашатындығын айқындап көрсетіп отыр.

Сонымен қатар «Bilim Land» білім беру платформасына ауданның барлық мектебі қосылған, оның 17 мектебі «Online» режимінде, 10 мектебі «Offline» режиміне қосылып, мұғалімдеріміз 100,0 пайыз белсенділік көрсетіп, үздік сабақ жоспарларын және түрлі байқауларға қатысуға арналған тәжірибелерін осы сайтқа салып, жұмыс жасауда.

«e-learning» онлайн режиміне ауданымыздағы 5 мектеп (Балтабай Адамбаев ТОМ, Байқадам Қашқынбаев ОМ, Әйтеке би ОМ, Мұхтар Әуезов МГ, Абылай хан ОМ) енгізілген. Республика, облыс көлемінде он-лайн режимінде қашықтықтан әртүрлі ісшараларды көріп, атсалысуға зор мүмкіндіктер қарастырылған.

Барлық 27 мектепте 2017 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» тарапынан тегін сайттар ашылып, жұмыс жасауда.

Жолдауда қазіргі заман талабына сай жаңашылдықтар мен ілгерлеушіліктер байқалып, білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту жөнінде құнды ойлар айтылған.

Ұстаздардың мәртебесін арттыру мақсатында біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда, жалақылары 30-50 пайыз аралығында өсіп, осы мақсатқа қосымша 67,0 млрд теңге бөлу қажеттігін атап көрсетті. Бұл жағдай жастар арасында ұстаздық мамандыққа деген зор қызығушылық пен ынта-жігерін оятары сөзсіз.

Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек. Сол үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мән-маңызының зор екендігін көрсете отырып, сананы жаңғырту арқылы саясат пен экономиканы ілгерілету керек екендігін баса көрсетті.

Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс.

Ұлт Көшбасшысының жарқын болашаққа бастар жасампаз Жолдауы – егемен еліміздің әрбір ұлтжанды азаматын белсенді әрекет етуге шақырады.