Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік Ревалюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауы

Құрметті Балабек Жанбекұлы!

және жиынға қатысушылар.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік Ревалюция жағдайындағы  дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына  жолдауының маңызы зор екені айқын болып отыр.

Қазақстанда түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы, болашағын баянды ете түсудің  жаңа мүмкіндіктері алдыңғы орынға шығып отырғанына куәміз.

Қазақстанда түбегейлі Елбасының жолдауындағы

10 бағытының жетінші бағыты яғни, «Адами капитал-жаңғыру негізі» бағытында білім саласы бойынша ауқымды инновациялық идеялар айтылды.Біз,табысты болудың ең іргелі,басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек.Басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында болуы шарт.Себебі,құндылықтар жүйесінде «Білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді».Сондықтан Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында

барлық жастағы азаматтарды  қамтитын білім беру ісінде, озық жүйелеуді құруды,жеделдетуді басымдылықпен атап өтті.Ондағы,

2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісін балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен  әлеуметтік дағдысында бағдарламалардың бірыңғай стандарттардың енгізілуі,орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшуі және жаңартылған білімге байланысты педагог қызметкерлердің біліктілігін көтеру,оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болғанын ескеріп,жүктемені төмендетудің өзі жаңарудың жаңа жолы.

Еліміз мықты ,әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болуы үшін болашаққа қалай  кадам басатындығымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертуіміздің көрінісін Елбасымыз айқындап берді.

2019 жылдан бастап жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру,осының нәтижесінде біздің барлық түлектеріміз елімізде және жахандық әлемде  жұмыс істеу үшін үш тілде меңгеретіндігін атап өтті.

Ал латын қарпіне  көшу –бұл жаңа құбылыс,жаңа бір дәуірдің басталғандығы.Біз латын қаріпін бұрында  да қолданғанбыз.Енді міне тәуелсіздігіміздің тұсында әлемдік тілмен үндесіп отырмыз.Бұл қазақ халқына өз үні,өз дауысы ,өз дыбысы бар екеніндігін білдіреді.

Әлем елдерінің 70%-ы латын әліпбиін қолданып,жетістікке жетіп жатыр.Біз неге көштен қалуымыз керек,яғни Елбасының жолдауда көрсетілген міндеттерін қолдаймыз.

Жолдауда көрсетілген барлық өңірдегі оқушыларға керекті материалдық базаны нығайту мәселесіне айрықша  көңіл  толып отыр.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласында да жаңалықтар аз емес.Жұмыс берушілерді тарту арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, Техникалық және кәсіптк білім беру бағдарламаларын жаңарту керектігін баса айтты.Ондағы жаңа өндіріске қажетті жаңа мамандықтарды ашу жүзеге асырылады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында «Баршаға тегін кәсіптік техникалық білім беру» жобасы жүзеге асырылуда.Нәтижесінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары «Баршаға тегін білім беру» жобасына тартылуда.

Қазақстанның қай азаматы болмасын бірінші маман иесі атануын міндеттеген Елбасының жобасы жүзеге асырылуып келеді.

Құрметті әріптестер!

Еліміздің бүгіні мен болашағы үшін тиісті жолдаудағы міндеттердің орны ерекше ұрпақ тәрбиесінде өз елінің тарихын,мәдениеті мен салт-дәстүрін, қадір тұта отырып,оны жаңаша байыту бізде ежелден қалыптасқан дәстүр.Елбасы сол игі дәстүрге жаңа бағыт, тың серпін беріп,бүкілхалықтық қозғалысқа айналдырды.

Сондықтан,мен сіздерді  осы істе, саяси сауаттылық, азаматтық белсенділік, кәсіптік біліктілік, ең бастысы туған жер мен елге Рухани жаңғыруымыздың үлкен белесінде тұрған міндеттерді қолдайтынымызды білдіреміз!