Ауыл шаруашылық саласын дамытуға кең мүмкіндік ашылды

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын мұқият оқып шықтым. Бұл Жолдаудың маңызы халқымыздың келешегі, жаһандық бәскелестікке қабілетті ел болу үшін жасап жатқан игі шара деп  ойлаймын.

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауындағы «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі» атты үшінші бөлігінде былай делінген.«Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек. Жаңа технологиялар мен бизнес-модельдерді енгізу, агроөнеркәсіп кешенінің ғылымға негізделуін арттыру шаруашылықтарды кооперациялау қажеттігін күшейтеді.Ауыл шаруашылығы субъектілерінің кооператив түрінде жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсету керек.Мемлекет бизнеспен бірлесіп, отандық өнімді халықаралық нарыққа шығарудың стратегиялық жолын тауып, ілгерілетуге тиіс.Ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту өнімнің сапасы мен экологиялық тазалығын сақтай отырып жүргізілуі қажет.Бұл бүкіл әлемге танылатын «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендін қалыптастырып, ілгерілетуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар жерді барынша тиімді игеретіндерді ынталандырып, ал дұрыс пайдалана алмайтындарға шара қолдану керек.Тиімсіз субсидияларды ауыл шаруашылығы кешені субъектілеріне арналған банк несиелерін арзандатуға қайта бағыттау қажет.» -деп атап көрсетті.

Міне, мен ауыл шаруашылық саласында шаруасын дөңгелетіп жүрген азаматтарға айтарым Елбасының Жолдауын қолдап, саясатын жүзеге асырып, елімізді көркетуге шақырамын.