Жолдау міндеттері жауапкершілік жүктейді

Қазан 8, 2019
Жолдау міндеттері жауапкершілік жүктейді
Жаңатас қаласы әкімдігі аппаратының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан туындаған міндеттерді көпшілікке түсіндіру мақсатында басқосу өтті.
Басқосуда қала әкімінің орынбасары Ж.Әбдіқалықов елі­міздің саяси-экономикалық дамуында сабақтастық принципінің сақталатындығының нақты дәлелі.
Президент Жолдаудың біраз бөлігін халыққа ана тілімізде жеткізді. Мұның өзі мемлекеттік тілге биліктің бетбұрыс жасауының белгісі. Ел шенеуніктері баршасы мемлекеттік тілді білуіне деген талаптың нақты көрінісі дей келе, көпшілікке Жолдау аясында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Президентіміздің Жолдауына қолдау білдіріп, өзекті мəселелер ұтымды шешімін тауып, алдағы уақытта ел игілігі үшін оң өзгерістер болатынына сенім білдіріп, Президентіміздің бастамалары мен идеяларын қолдап және Жолдаудағы міндеттерді орындауға үлес қосатындықтарын жеткізді.
Жиналғандар Жолдау барысында сауалдарын қойып, бағыттарымен тереңірек танысты.