ЖОЛДАРДЫҢ ҚЫС МЕЗГІЛІНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ

Желтоқсан 28, 2020
ЖОЛДАРДЫҢ ҚЫС МЕЗГІЛІНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ
 
 
АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖӘНЕ ЕЛДІ МЕКЕН КӨШЕЛЕРІ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ ҚЫС МЕЗГІЛІНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ
ТУРАЛЫ.
Аудан бойынша жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 405,8 шақырымды құрайды. Аудандық мәндегі жол
64,87 шақырым, ішкі көше жолдары 188,8 шақырым.
Ағымдағы жылы қысқы маусымда аудан көлеміндегі аудандық маңызы бар көлік жолдарын қыс мезгілінде күтіп ұстауға және
қардан тазалауға 6500,0 мың теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша «Арқат Өркендеу» ЖШС-і жеңімпаз болып анықталып, 3999,7 мың теңгеге
келісімшарт жасалынған. Мердігердің базасында барлығы қыс мерзіміне дайындалған техникалары Самосвал КамАЗ-3, Погрузчик-2, Автогрейдер-1, Трактор К700-1, қар тазалайтын машина-1.
Бүгінгі күнге жабдықталған бастырмада тайғаққа қарсы қажетті
300 тонна кұм, 100 тонна тұз дайындалған.
Қар жинау кезінде қолданылатын шаралар мен жауапкершіліктер.
Тұрғындардан хабарлама келіп, белгілі бір уақытта қарды тазартуды сұрайды. Егер орындалмаса әкімшілік жазалау шаралары қолданылады. Мұнда әрбір ерекше жағдайды
жеке – жеке қарастыру қажет. Егер бұл сауда үйінің немесе ұқсас нысанның аумағы болса, олар қарды өздері шығаруы керек.
Егер бұл тұрғын үйлер болса, әкімдік тұрғын аумақтардан жүру бөлігіне немесе арнайы алаңдарға қар жинауды сұрайды.
 
 
Ш.БЕЙСЕНБАЙҰЛЫ, «Сарысу –адалдық алаңы» кеңсесінің жетекшісі