ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ-ОРТАҚ МІНДЕТ.

Тамыз 13, 2019
Ортақ міндет

Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында өңірлерде «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері құрылып, тұрмыстық жемқорлықты жою және азаматтарға қолайлы жағдай жасау бойынша іс-шаралар атқаруда.
Осы орайда, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (бұдан әрі – Агенттік) адалдық алаңын жұмысын жандандыру және өңірлердегі қоғамның бойында парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылдың 13-23 тамыз аралығында Республика бойынша түрлі форматтағы іс-шаралар өткізуді тапсырып отыр.
Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департамент тарапынан ісшаралардың желілік кестесіне сәйкес Байқадам ауылдық округінде «Жемқорлыққа жол жоқ» атты жөңгелек үстел өтті.
Бас қосуда ауыл әкімінің орынбасары М.Төлеутайдың баяндамасы тыңдалып, адалдық алаңы жобасы таныстырылды. Жиын соңы пікір алмасуға ұласты.