Жастар практикасы бойынша…

Қыркүйек 14, 2020

Сарысу ауданында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамытуаясында Жастар практикасымен 252 жас мамандар жұмысқа жолданды. 97 маманның мерзімі аяқталып 69 жас маман тұрақты жұмыспен қамтылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 136 адам жолданды. Оның ішінде 43 адамның мерзімі ақталып 36 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмыстарға 790 адам уақытша жұмысқа жолданды.

Жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жылдық жоспар 1147 орын. Бүгінгі күнге 1701 жұмыс орны құрылды. Атап айтсақ: Индустриалды инновациялық даму бағдарламасы аясында 15 орын, Ауыл-ел бесігі бойынша 200 орын, бизнестің жол картасы 2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 13 орын, жұмыспен қамту жол картасы бойынша 986 орын, «Еңбек» бағдарламасы аясында 467 орын, аумақты дамыту бағдарламасы аясында 20 жұмыс орны ашылды.