Жаңатастан тікелей эфир

Наурыз 11, 2019

8 Наурыз мерекесіне орай, аудан әкімі әл-ауқаты төмен аналарға, үйі жоқ көпбалалы  аналарға үй беру мәселесін де шешіп, №1 шағынаудандағы №5 үйден үйі жоқ көпбалалы аналарға кезектен тыс пәтер кілтін табыстау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбековтің қатысуымен тапсырды. Сөйтіп, Жаңатас қаласына арнайы хабар №24 және Хабардан арнайы журналис-тер келіп, тікелей эфи р арқылы бүкіл Республикаға паш етті. Сарысу ауданында көпбалалы аналарға алдағы уақытта кезегі келгенше уақытша  жатақхана мәселесін шешіп беруді де қолға алып отыр.

Жаңатас қаласындағы қираған үйлерді қалпына келтіріп, кезекте тұрған тұрғындар мен көпбалалы аналарға, асыраушысы жоқ балаларға, жалғыз басты аналарға жыл сайын мерекелерде көп қабатты үйлердің кілттерін тапсыру үрдіске айналған.  Жаңатас қаласы жыл сайын көркіне көрік қосып, экономикалық-әлеуметтік даму үстінде. Халықтың тұрмысы да артуда. Кәсіпкерлікпен айналысып, өз нәпахаларын тауып жүрген қыз-келіншектеріміз де аз емес. Жұмыс істеймін деген адамдарға бір қолға жұмыс табылады. Сонымен қатар «ЕуроХим-Тыңайтқыш» ЖШС-гі мен «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінде қаншама жастарымыз еңбек етуде. Үйі жоқ жалғыз басты және көпбалалы аналарға алдағы жылы «Үш алып» аталатын ғимаратты жөндеп үй кезегі келгенше уақытша жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында жөндеу жүргізіледі. Сонымен қатар, биыл 1-шағынауданнан 120 пәтерлік және 2-шағынауданнан көп қабатты үйді жөндеп көпбалалы аналар мен кезекте тұрған тұрғындарға беру көзделіп отыр.

8 наурыз қала тұрғындары үшін ерекше күн болды. Аудан әкімі Б.Нарбаев:

-Көпбалалы аналарға мереке күніне орай беріліп отырған көп қабатты тұрғын үйдің салтанатты ашылып, кілттерінің табысталуына «Хабар» және «Хабар 24» арналарынан тікелей эфир арқылы берілуі тарихи оқиға екенін атап өтті.

Сондай ақ,  қала тарихында бүкіл Қазақ еліне Жаңатас қаласынан тікелей эфир берілген  емес. Бұл, әрине, Елбасының көпбалалы аналарға жасап отырған қамқорлықтарының аясында атқарылып жатқан жұмыстар. Елбасы үкіметке шұғыл тапсырма беріп әл-ауқаты, күнкөрісі өте  төмен көпбалалы аналар мен жанұяларға көмекті бірінші шілдеден бастап емес, сәуір айынан бастап беруді қатаң тапсырған болатын. Аудан көлемінде көпбалалы аналар мен тұрмысы төмен отбасыларының есебі алынып, жұмыстар жүргізілуде, – деді.

Иә, Жаңатас қаласындағы  60 пәтерлік көпқабатты үйді көпбалалы аналарға беру және телеарнадан көрсетілуі қала халқы мен  сарысулықтарды серпілтіп тастады.

Қорыта айтқанда, қарақан бастың қамын ойламайтын Әкім ғана халқына жақын болады. Сонда ғана елінің, халқының әл-ауқаты жақсарып, халықтың ықыласына бөленді. Бабаларымыз өсиет етіп кеткендей: «Әкім бол, халқыңа жақын бол», деген өсиетті аудан әкімі Б.Нарбаев бір сәтте естен шығарған емес.