Жаңаарықта

Шілде 31, 2020

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты карантин талаптарын сақтай отырып, Жаңаарық ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері, мекеме басшылары және жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарымызға, аз қамтылған отбасыларға тегін дәрі-дәрмек таратылды. Ауылдық ФАП-тың мейірбекесі арнайы тексеру құрылғыларын апарып, қан қысымдарын өлшеп денсаулықтарын тексерді.
Ауыл тұрғындары өздерінің жарасқан ынтымағын байқатып, осындай қиын уақытта айналасына көмектесуге үнемі әзір екендіктерін танытты.