Ұстазым ұлық бәрінен

  Н.Ә Назарбаев-тың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және Сарысу ауданының 90 жылдық мерейтойы аясында «Сарысу ауданының гүлдену жылдары: оқу,білім және мәдениет саласының өркендеуі» тақырыбында Шоқай датқа атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Гүлбану Бұзауова, Дархан Маханбетованың ұйымдастыруымен аудандық семинар болып өтті.

Семинарға мектептің гүлдену жылдарында қызмет еткен ардагер және аудан мектептерінің ұстаздары қатысты. Семинар үш кезеңнен тұрды.

«Сарысу ауданының гүлдену жылдары: оқу, білім және мәдениет саласының өркендеуі» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Гүлбану Бұзауова  баяндама жасады.

Баяндама барысында аудандағы білім саласының өркендеу жылдарын және аудандағы алғашқы білім ошақтары мен Шоқай датқа орта мектебінің тарихын еске түсіретін «Тарихқа көз жүгіртсек…», «Суреттер сыр шертеді» тақырыптарында слайдтар көрсетілді. Сонымен қатар, 9-сынып оқушылары сол кезеңдерде қызмет еткен мектеп мұғалімдері өмірінен мәліметтер беріп өтті.Сондай-ақ, ардагер ұстаздар Аманкүл Нұрланова, Жақсылық Әбеуова, Сақтаған Имбетовалар естеліктерді еске түсіріп, сол бір қызықты да қиын еңбек жолдарынан оқушыларға әңгімелеп берді. Іс-шараның екінші кезеңіндегі «Өткенге құрметпен бас иеміз, бүгінгі күнге шүкір дейміз, болашаққа қарап білек сыбанамыз» бөлімінде қазақ еліндегі оқу, білім және ғылым мен мәдениет саласының өткенін, бүгінін, болашағының дамуын сипаттайтын бейнефильмдер көрсетілді. Ал, үшінші «Ұлағатты ұстаздар,барша адамзат баласы сіздерге құрметпен бас иеді» бөлімінде мектеп оқушыларының дайындаған әдеби-музыкалық монтажында 2-4- сынып оқушылары ұстаздар жайлы өлеңдер оқып, әндер шырқады.

Семинарды Шоқай датқа атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Асқар Кәдірбеков қорытындылап, келген қонақтарға рахмет айтып,мектептің ардагер ұстаздарына мектеп ұжымы атынан ықылас гүлдерін табыс етті. Кеш соңында қонақтар естелік суреттерге түсіп, мектеп мұражайын тамашалады.