Ұлттық рухты оятатын мақала

Ақпан 9, 2019

Елбасы Н.Назарбаев Ұлы Даланың жеті қырына тоқталып, тарихи мұрамыздың мол екеніне баса назар аударды. Уақыт тұрғысынан айтылып отырған мәдени жетістіктердің қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ықпал етуі және олардың осы Ұлы Дала төсінде пайда болғаны анық. Әсіресе, оның ішінде тарихи жәдігерлер, өз уақытындағы өркениетті дамудың негізгі қозғаушы күші болғанын және технологиялық дамуға айтарлықтай септігін тигізген дәлелдер мақалада жан-жақты айтылған.

Нақты ғылыми деректердің негізінде қазақ тарихының бүкіләлемдік тарихтағы өзіндік ерекше орны бар екенін мақтанышпен айта аламыз.Ұлы даланың жеті қырының кез келгені қазақ елінің өміріндегі ерекше мұра. Атқа міну мәдениеті, ежелгі металл өндіру мен өңдеу технологиясы, өз жазуы мен мифологиясы бар озық мәдениетті Қазақ Елінің рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі өнері», бүкіл әлемді тамсандырған. Дала өркениетінің жәдігері – «Алтын адам» жауынгері, түркі әлемінің бесігі саналатын Алтайдан бастау алатын Түркі тарихы, әлемдік экономиканың өркенденуіне септігін тигізген – Ұлы Жібек жолы жүйесі, Қазақ Елінің ұлттық брендіне лайықты алма мен қызғалдақтар, еліміздің аумағында орын алған тарихи жәйт қана емес, сонымен қатар, әрбір қазақ үшін де аса қымбат құндылықтар болып табылады.