Туған жерім-тұнған шежірем

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында  қалалық балалар кітапханасы мен балалар-жасөспірімдер орталығы «Жас зерттеуші» оқушылардың ғылыми қоғамы мүшелері бірлесіп,  «Туған жерім-тұнған шежірем» атты әдеби алаң кешін өткізді.

Іс-шарада туған жеріміз «Жаңатас» аталуының әр әрпіне жинақталған қыр-сырларына тоқталды.

Бірінші бөлімінде «Атауы сырға толы Жаңатасым» кезеңінде «Жас зерттеуші» оқушылардың ғылыми қоғамы жетекшісі Зәуре Тоғызбаева Жаңатас қаласының аталу тарихына байланысты дәйекті деректермен таныстырып өтті.

Ал, кештің екінші бөліміндегі «Айшықты тұлғаларым» тақырыбына тау-кен маманының инженері, ардагер, ауданның Құрметті азаматы Бейбіт Асылбеков Жаңатастың қала болып құрылуы мен бүгінгі күнге дейінгі хронологиялық тарихына және  кеніміз фосфорды тапқан  геолог ғалымдар туралы мәліметті оқырмандарға кеңінен түсіндірді.

„Қаратау” тау-кен химия комбинатының ардагері Қалдыбай Бегешбаев қаланың  қала болып тұруындағы қызықты естеліктерін, оның ішіндегі қоғам қайраткері  Д.Қонаевтың Жаңатасқа келгені, онымен болған кездесуі жайлы қызықты, әсерлі әңгімелерді баяндады.

Іс-шараның «Жаңарған-жаңғырған Жаңатасым» кезеңінде оқырмандар жаңарған-жаңғырған  Жаңатасты Аят Тамаш, Ақтолқын Жакен, Хадиша  Пернебек таныстырса, «Ағартушы ағаларым» бөлімінде, Пернебай Дүйсенбин, Тынышбай Рахимов, Ескермес Ескендіров сынды ақын-жазушыларымыздың өмірбаяны және шығармашылығы жайлы кітапхана қызметкері Манар Қасымбекова слайд-шоу арқылы таныстырып, өлеңдерін Аружан Жаңбырбай, Айғаным Шакентай, Аужан Ақбота мәнерлеп оқыды.

«Табиғатым-тал бесігім» бөлімінде кітапхана қызметкері Мадина Тұрлыбекова  сұрақ-жауап  ойынын жүргізді. Ойында Бауыржан Килиев, Дильяра Досымжан, Асылай Марат тапқырлығын танытты. Сонымен қатар, кеште Сейдіш Жәния, Разах Нұрсұлтан  туған жерге деген сүйіспеншілігінен туындаған төл-тумалары өлең жолдарын оқыды. Іс-шараның «Саз әлемінің сазгерлері» бөлімінде кітапхана меңгерушісі Айгүл Қойлыбекова жергілікті сазгерлер Ы.Шералиевтің «Сарысуым», Т.Үшқоңыровтың «Жаңатас вальсі»,Т.Тұнғатовтың «Пай-пай, Қазақстаным»,Т.Рахимовтың «Алтайдың ар жағынан келген ару» әндерін көрермендермен бірге орындалды.

Кеш соңында, келген қонақтарға сыйлықтар беріліп, белсенді қатысқан оқырмандарға Алғыс хат тапсырылды.