Туған жерге тағзым

Елбасы  Н. Ә. Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  бағдарламалық  мақаласында  айтылғандай,  әрбір  азамат  өзінің  туған  жерін  қадірлеп,  туған  жерге  деген  кішкентай  да  болса  көмек   қолын  созуға міндетті. Елбасының  бастамасын  қолдау  мақсатында,   Тоғызкент ауылдық округі Әбілда ауылының   түлегі,  жеке  кәсіпкер  Құдайбергенов  Сейтхан  өзінің  жеке  кәсібінің  тасын  өрге  домалатып  жүрген  азамат.

Сейтхан Омарұлы ауыл игілігіне өз қаржысынан 200 мың теңгеге грейдер тіркемесін алып берді. Сонымен қатар,   неше  жылдан  қоршау  жүргізілмеген аумағы   1 150 м   жерге  созылып   жатқан  ауыл  қорымын  түгелімен  қоршап  берді.  Қазақта  «Өлі   разы  болмай  тірі  байымас»-  деген  аталы  сөз  барын  өзінің  жанында  ұстайтын  Сейтхан  Омарұлы  осындай  игілікті  жұмыс  жасап, ауыл қарияларының  алғысына  бөленді.