Туған жер – киелі мекенім

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы барлығымызға таныс екені белгілі. Еліміздің мақсаты айқын, бағыты белгілі, ол әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.Қазақ, « Туған жерге туыңды тік » деп бекер айтпаған. Кіндік қаны тамған жерді сүю біздің дәстүріміз. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе,  өскен ауылыңа, өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жер әркімнің шыр етіп жерге түскен, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмірбақи тұратын өлкесі. «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегі. Туған жерге деген сүйіспеншілік, туған елге – Қазақстанға  деген   патриоттық сезімге ұласады.Оқушылардың өз өлкесі туралы мәліметтер алуына , туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруда өлкетану курсының маңызы зор. Оқушылар өлкетану курсында өздері тұрған жердің табиғат жағдайлары , ресурстары , тарихи тұлғалары , талантты өнер иелері , тарихи – мәдени ескерткіштері т.б. туралы мәліметтер алады және тың деректер жинауға дағдыланады.Оқушылардың бойында туған жер табиғатын қорғай білу және туған елге деген сүйіспеншілік сезімдері қалыптасады.Туған жер киелі мекен екенін ұмытпайық!