Тамақ өнімдерінің  қауіпсіздігі туралы

Қараша 25, 2019

Тамақ өнімдерінің  қауіпсіздігі туралы

Өнім  қауіпсіздігін мониторингілеу  мақсатында  өнімдерді  сатып алу  шеңберінде болатын дүкендерде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы  саласындағы  нормативтік –құқықтық  актілердің, гигиеналық  нормативтер мен техникалық   регламенттердің  КО ТР  021-022 /2011  талаптарына сәйкес  тағам өнімдерін  сатып алуыңыз қажет.

Қазіргі таңда талғампаз тұтынушының сұранысына сай азық-түліктің түрі өте мол. Бірақ  тамақ өнімдерінің сақтау ережелері мен мерзімдеріне дайындау мен термиялық өңделу тәртібі сақталғанына, қауіпсіздігіне аса назар аудара бермейміз. Сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын төмендегі ережелерді орындау арқылы  сақтандыра аласыз.

Қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдасаңыз, ол үшін:

Азық-түлік  дүкендерде сатып аларда оның сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарына, жарамдылық мерзіміне, сыртқы затбелгісіне көңіл аударыңыз. Тауардың сапасына күмән туса сатып алудан бас тартыңыз.

Ұйымдастырылмаған орындардан тамақ өнімдерін сатып алмаңыз. Антисанитариялық жағдайда сатылатын тамақ өнімдері, әсіресе термиялық өңдеуден өтпеген балық, ет пен сүт өнімдері өте қауіпті.

Есіңізде болсын, қоздырғыш өнімнің дәмдік сапасын және сыртқы түрін өзгертпейді, тағамның микробпен зарарланғанын тек зертханалық әдіспен ғана дәлелдеуге болады. Тез бұзылатын азық-түліктер мен тамақты тоңазытқышта сақтаған жөн. Олардың сақталу мерзімі мен қандай жағдайда сақталатынына да көңіл бөлу қажет. Иістенген, дәмі бұзылған тағамды жеуге болмайды. Біздің әрқайсымыз өзіміздің денсаулығымызды және басқалардың денсаулығын қорғауға жауапты екенімізді сезінуіміз керек.Тазалық – денсаулық кепілі.

Қ.Мадемарова, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы