Тағзым етілді

Маусым 1, 2019

31 мамыр – Қазақстанда 20-ғасырдың 20-50-жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Сталиндік қуғын-сүргінге зерттеушілер саяси репрессияны, ашаршылықты, халықтар депортациясын жатқызады.1920-30- жылдардағы  ашаршылықтан түрлі дерек бойынша қазақ халқының жартысына жуығы қырылды. Тек Қазақстанда 20 мыңнан астам адам түрмеге қамалып, ату сияқты қатал жазаға кесілді.

Бұл күн қазақ тарихында қасіреттің ізін қалдырған кезең болды. Аптал азаматтар жазықсыз жапа шекті. Олардың ішінде ет жүрегі елім деп соққан жайсаң жандардың тағдырлары тәлкекке түсті. Бүгінгі ұрпақ, олар туралы еске алуды ұмытқан жоқ. 31-мамыр солақай саясаттың құрбандарын еске алып, қадір тұтатын күн.

Өткен ғасырдың 30-шы жылдары бүгінгі Тәуелсіз  Мемлекеттер достастығы  елдері аумағында жүргізілген саяси қуғын-сүргіннің салдары, қазақ тарихында, қасіреттің ізін қалдырған кезең болды. Сол тұста ұлтымыздың маңдайына біткен талай азаматтарымыз солақай саясаттың үкімімен жазықсыз атылып кетті. Олардың бар кінәсі  ұлтының сөзін сөйлеп, сойылын  соққандығы еді. Тілін, ділі  мен дінін сақтап қалуға деген әрекеті «халық жауы» деген атқа   душар етіп, қудалауға ұшырауына  және жазықсыз жазалануына себепші болды.

Солақай содыр саясаттың құрбандарын бүкіл ел болып, еске  алып, қадір тұтар күні Жаңатас қаласындағы «Даңқ» монументіндегі «Қуғын-сүргін құрбандары» құлпытас ескерт-кішінің алдында еске алу митингісі болып өтті.

Митингіде аудандық мәслихат хатшысы С.Бегеев сөз сөйледі. Сонымен қатар, сая -си қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, арнайы құлпытасқа гүл шоқтарын қойып, құрбан болғандардың рухтарына тағзым етті. Осындай шара барлық ауылдық округтерде де өткізілді.

***

Байқадам ауылдық округінде Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай іс-шара болып өтті. Жиында аудандық мәслихаттың хатшысы С.Бегеев, қуғынға ұшырағандардың ұрпақтары зейнеткер Мәкіш Қуанышбеков және ауданның Құрметті азаматы Алтын Досжанова сөз сөйледі. Аруақтарға бағыштап  «Майлыбай» мешітінің имамы Ғабит Кәрібеков құран оқыды.

***

Игілік ауылдық округіне қарасты, Өндіріс ауылында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты. Ескерткіш алдында аруақтарға ауыл имамы құран бағыштап, ауыл ардагерлері, ауданның Құрметті азаматтары Т.Сәрсекеев пен Ә.Жұматаевтар сөз сөйледі. Ауыл тұрғындары құрбандарды еске алып, гүл шоқтарын қойды.