«Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының алғы шарттары»

Қыркүйек 3, 2019

«Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының алғы шарттары»

Бүгін Сарысу аудандық орталық кітапхананың «Коворкинг» білім орталығында «Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының алғы шарттары» атты кездесу өтті.
Мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болатындығы жайлы кітапханашы М.Қасымбекова тоқталып өтті.
Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың мемлекет дамуына кері әсері туралы кеңінен айтылды.
Сонымен қатар, шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлық салдарымен күресу, сыбайлас жемқорлықпен байланысты әрекеттерді жасағаны үшін жауапкершілік төңірегінде қилы пікірлерін ортаға салды.