Жемқорлыққа қарсы күрес

Қазақстан  Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына орай, сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді.Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласында дендеп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою және жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.

Осындай келеңсіз құбылыс-тармен бітіспес күрес тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы.Мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтындардың өзгенің тағдырына, жұмысына деген немқұрайлығы, тоңмойын шенеуніктердің тойымсыздығы, қарапайым анықта-ма алуы үшін шеті жоқ кезек көптеген азаматтар мемлекеттік қызметкерлерді пара алуға өздері арандатады. Өйткені, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімділік жетіспейді.Сол себепті де мұндай ауыр кеселді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен жеңе алмаймыз. Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады.Көптеген заң бұзушылықтарға, жергілікті атқарушы орган басшылары тарапынан жол берілетіні байқалды.

Бүгінгі таңда мемлекеттің ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ең басты назары экономикалық даму процестерінің басқарылуына, ұйымдық-құрылымдық буындардың тиімді жолдарына, ішкі өзін-өзі бақылау жүйесін құруға және қылмыстылықты тазартуға аударылуы тиіс.Сонымен бірге сыбайлас  жемқорлықпен күрестің басты бағыты-оның алдын алу, яғни оның себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн деп есептейміз.