Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2016 жылы орындалуы туралы ақпарат

Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2016 жылы орындалуы туралы ақпарат

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған күрделі мәселенің бірі. Ауданда Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары және облыстық мәслихатпен бекітілген Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда.

Бұдан бөлек ҚР Мемлекеттік қызмет істері Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының келісімімен Сарысу ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2016 жылғы арналған іс-шаралар жоспары бекітіледі.

Аталған жоспарларға сәйкес  аудандық мекеме, кәсіпорындармен, құқық қорғау органдары, баспасөз ақпарат құралдары, «Нұр Отан» партиясы және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыстар атқарылуда.

Сарысу ауданы әкімінің ресми сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімі жұмыс істейді. Сайтқа заңнамалық актілер, бекітілген жоспарлар, атқарылған шаралар, комиссияның шешімдері және тағы басқа мәліметтер тұрақты жарияланып тұрады.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберіндегі міндеттерін мерзімінде орындамау деректері бойынша өнім берушілерді жосықсыз қатысушы деп тану, келісім шарттарды заңсыз деп тану, тұрақсыздық айыппұлын өндіру жөнінде сот органдарына жүгіну мәселелеріне мониторинг жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Жер кодексі талаптарын бұзудың алдын алу мен заң бұзушылықты анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Жер учаскелерін беру жер комиссиясының қорытындысы негізінде беріледі. Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мәслихат депутаты, кәсіпкерлік палатасының және басқада мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері енгізілген.

Жер учаскелерін беру, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру мәселелері бойынша «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының тарапынан қоғамдық бақылау қойылған.

Жыл сайын сәуір айында мемлекеттік тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтардың тізімі аудандық Сарысу газетіне жарияланып тұрады.

Орын алған құқық бұзушылықтар бойынша жыл сайын зерделеу жұмыстары жүргізіліп отырады. 2015 жылғы құқық бұзушылықтардың басым көпшілігі  мемлекеттік сатып алу (7) және халықты жұмыспен қамту (2) заңнамаларының талаптарын сақтамағандықтан орын алған.

Орын алған кемшіліктердің алдын алу мақсатында аудан әкімдігінің қаржы бөлімі тарапынан қала, ауылдық округ әкімі аппараттарының, аудан әкімдігінің бөлімдерінің жауапты мамандарымен семинар-кеңестер өткізілді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2016 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған қызметшілер жоқ. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған 1 қызметші тәртіптік жазаға тартылды.

Сонымен қатар, тәуекелі жоғары мекемелердің мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандары арнайы оқу курстарына жіберілді. Сонымен қатар, сатып алуды ұйымдастыруға жауапты қызметшілерге 2 күндік оқу семинар сабақтары ұйымдастырылды.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдамасын ұйымдастыру мен өту тәртібіне сәйкес қызметшілер кәсіби білім мен тәжірибе алуы үшін арнайы мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өткізілуде.

Қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылық жасап, нәтижесінде қатаң жазаға тартылғандардың тағдыры туралы тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Әрбір жасалған сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар бойынша жиын өткізіледі.

Мемлекеттік органдар тарапынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №486 қаулысына сәйкес нормативтiк құқықтық актілерге мониторинг жүргізіліп тұрады.

Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлықты тудыратын және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларын анықтау, сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу арқылы заңнама тиімділігін бағалау мен болжау мақсатында жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық сипатта құқық бұзғаны үшін және жемқорлық көріністерінің барлық фактілеріне жариялылық қамтамасыз етілген.

«Тұрғын үй қастынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес ауданның аумағында шығатын мерзімді баспасөз басылымдарында және интернет-ресурстарында жыл сайын бірінші тоқсанда – коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайға немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайға мұқтаждарды есепке алудың бөлек тізімдері жарияланады.

Жергілікті атқарушы органның тұрғынжай беру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде – тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін тұрғын үй беруге мұқтаждарды есепке алу тізімдерінде белгіленген олардың кезектілігін көрсете отырып жарияланады.

Сонымен қатар, уәкілетті мемлекеттік орган ғимаратының көрнекі жеріне кезек тізімі орналастырылған.

Үй-жайлар иелерi тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсететiн ұйымдармен осындай қызмет көрсету туралы жеке шарттар жасасқан. Шартқа сәйкес қызметтер көрсетілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспарларда қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар қамтылған.

Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, Сарысу жастары мекемесінің ұйымдастырумен Жастар жемқорлықсыз болашақты таңдайды атты флешмоб өткізілді. Оған ауылдық Қала және ауылдық округтердің жастар өкілдері, колледж білімгерлері, «Жас Отан», «Сарысу ауданының кәсіпкерлер ассоциациясы»,  «Жамбыл облысы Афгандық ардагерлер мен мүгедектер Одағының Сарысу қоғамы» қоғамдық бірлестіктері қатысты.

Жоспарға сәйкес аудандағы барлық білім мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында сынып сағаттары өткізілді.

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тарапынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуына сыртқы талдау мен бағалауды жүргізу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдастықтың, БАҚ өкілдері қатарынан арнайы мониторингтеу жөнінде арнай топ құрылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуы туралы есеп аудан әкімінің ресми сайтына орналастырылған. Қазіргі таңда баспасөз ақпарат құралдарына жариялау жоспарлануда.

Іс-шараларды жоспарлау мен іске асырудың барлық кезеңдерінде бюджетті қалыптастыруға қатысушыларды жауапкершілікке тартудың және жауапкершіліктің аражігін ажыратудың тиімді тетігін құру мәселесін пысықталуда.

Аудан әкімдігі жанынан кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде комиссия құрылған. Комиссияның арнай іс шаралар жоспары бекітілген. тиісті жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді стандарттау жөніндегі жоспарды әзірлеу жөнінде тапсырмалар берілді.

Сауда базарларын заманауи форматқа кезең-кезеңмен көшіру жөнінде  шаралар қабылдануда Жаңатас қаласынан жабық базар ғимараты салынып, пайдалануға берілді. Қазіргі таңда ұлғайту шаралары жүргізілуде. Бұдан бөлек Жаңатас қаласының бас жоспары әзірленуде. Жоспарда сауда орындары қарастырылған.

Инвестициялық артықшылықтар берілетін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне ірі сауда объектілерінің (дүкендердің, сауда үйлерінің) құрылысын енгізу Сауда объектілері әкімшіліктерінің мемлекеттік кірістер органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және/немесе ресми еңбек қатынастарын ресімдемеген жалға алушы жеке тұлғаларға алаңдарды беруі бойынша бақылауды жетілдіру мәселелері пысықталуда.

Аталған шаралар алдағы уақытта жалғасатын болады.