Сыбайлас жемқорлыққа-жол жоқ

 

Ұлттық дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі мақсатында 100-нақты қадамының 13-қадамында – жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлеу көзделген болатын. Осы негізде 2015 жылы 18 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заң қабылданды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бөлім қызметкерлері арасында құқықтық оқыту жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады.  Жыл басынан бүгінгі күнге дейін жер қатынастары бөліміне жеке және заңды тұлғалардан барлығы 47 өтініш арыз түссе, оның ішінде жеке тұлғадан 38, заңды тұлғалардан 9 арыз-шағымдар қабылданса, жеке қабылдауда 97 азамат болып, барлығына уақытында жауап берілген.  Сыбайлас жемқорлық фактілерін тудыратын фактілердің бірі ол бөлімге қызметкерлерінің бөлімге жер қатынастарын реттеу бойынша туындаған сұрақтарымен келген жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жасауы және күнделікті қарауларға түсіп жатқан өтiнiштерге берiлетiн жауаптар. Берілген жауаптар ауызша немесе жазбаша болса да Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде болуға, арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтуы тиiс.   Жемқорлық-қызметтік лауазымды пайдалана отырып оны жеке мүддеге пайдалану.Жемқорлық, әсіресе мемлекеттік органдарда қауіпті.Алайда көп жағдайларда азаматтардың өзі лауазымды қызметкерлердің осындай қадамға баруына себепші болады.Сондықтан да заң бойынша «алушыға» ғана емес «берушіге» де жауапкершілік артылған. Бұл ретте өз құзыреті шегінде аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға шақырады.