Індетті жою-міндет

Досбол ауылдық округі әкімшілік ғимаратында, әкімшілік қызметкерлерінің ұйымдасты-руымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы П.Алтынбеков, ауылдық учаскелік полиция қызметкері А.Бегманов, жастар ісі жөніндегі инспектор Р.Түзелбаев және ауылдық округтегі мекеме қызметкерлері мен әкімшілік қызметкерлері қатысты.

Іс-шарада ауыл әкімі Н.Молдабеков «Сыбайлас жемқор-лыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы заңнама-сының талаптарын сақтау барысы туралы хабарлама жасады. Хабарламашы аталған заң талаптарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа  адамдардың, сондай–ақ оларға теңестірілген  адамдардың тиімді қызметін   қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың  түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейтіндігін жеткізді және Заң аясында түсініктер берді.

Сөз кезегін алған ауылдық ардагерлер  кеңесінің төрағасы П.Алтынбеков қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, олардың  зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі екендігін айтып өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жемқорлықсыз қоғам қалыптастыру мақсатында жастарға бағыт–бағдар беру, жемқорлық жайлы ойларымен бөлісіп, оның алдын қалай алуға болатыны жайлы пікірлерін жеткізіп,  көкейіндегі сұрақтарға тұшымды жауаптар алды.