Сыбайлас жемқорлық

Аудандық Әділет басқармасында жер қатынастары және жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімі мен сот орындаушы, медиатор мен заңгерлердің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық елдің болашағына балта шабуда» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге қатысушыларға сыбайластық туралы қабылданған заң толықтай түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлықтың нендей зиян келтіретінін айта отырып, одан аулақ болуға шақырды. Сыбайлас жемқорлықтың шырмауына қалған тұлғаның болашағы темір тормен байланысты екенін, отбасы мен қызметінен айырылатынын, болашаққа деген мақсатына балта шабылатынын жеткізді.