Сарысу іс-шаралар жоспарына

Сарысу іс-шаралар жоспарына

САРЫСУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын,  Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 2015 жылға арналған кешенді әлеуметтік –мәдени іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Іс-шаралар жоспарына сәйкес аудандық мекеме, кәсіпорындармен, құқық қорғау органдары, баспасөз ақпарат құралдары «Нұр Отан» партиясы және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыстар атқарды.
Сонымен қатар, жыл сайын аудан әкімімен Сарысу ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.
Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, Сарысу жастары мекемесінің ұйымдастырумен Жастар жемқорлықсыз болашақты таңдайды атты флешмоб өткізілді. Оған ауылдық Қала және ауылдық округтердің жастар өкілдері, колледж білімгерлері, «Жас Отан», «Сарысу ауданының кәсіпкерлер ассоциациясы»,  «Жамбыл облысы Афгандық ардагерлер мен мүгедектер Одағының Сарысу қоғамы» қоғамдық бірлестіктері қатысты.
Іс-шаралар жоспарына сәйкес аудандағы барлық білім мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында сынып сағаттары өткізілді.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2015 жылы аудан көлемінде «Қоғамда жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру бойынша кешенді іс-шаралар ұйымдастыру» атты әлеуметтік жобаны жүзеге асыру үшін аудандық бюджеттен 1,0 млн теңге қаржы қаралған. Әлеуметтік жобаны «Сарысу ауданының кәсіпкерлер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда. Қазіргі таңда мемлекеттік органдармен бірлесіп, тұрғындар арасында іс-шаралар өткізуде.
2015 жылдың шілде айында қала және ауылдық округ әкімі аппараттарының, мекеме, кәсіпорындардың жауапты қызметкерлерімен парасыз қоғам аты дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Тамыз айында «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыс агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы» тақырыбында 4 дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Ағымдағы жылдың 12 ақпанында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында ҚР-ның мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің  Жамбыл облысы бойынша  департаменті Талас, Сарысу ауданы бойынша өкілінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.
Ағымдағы жылдың 27 ақпанында, 29 мамырда және 18 маусымында,  құқық қорғау органдарының өкілдерімен, аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының мамандарымен және аудандық зейнетақы төлеу мемлекеттік ортылығының мамандарымен, қыркүйек айында Түркістан ауылдық округі, Ә.Бүркітбаев, қазан айында Жайылма, Саудакент ауылдарында партияның 2014 жылдың 8 шілдесінде қабылданған  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кездесулер ұйымдастырылып өткізілді.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Нұр Отан партиясының  «Жемқорлығы жоқ ел-гүлденген ел» жобасы аясында қоғамдық кеңес пен партия аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен 18-29 жас аралығындағы жас азаматтардың қатысуымен «Жемқорлықсыз жарқын болашақ» атты аудандық карикатура байқауы, «Жемқорлығы жоқ ел-гүлденген ел» жастар форумы өткізілді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау тұрғысында аудан әкімі аппаратында, барлық атқарушы органдарда «сенім телефондары» жұмыс істейді және олардың номерлері ай сайын аудандық «Сарысу» газетінде жарияланып отырады. Аудандағы барлық мекемелердегі көрнекті жерлерге бірыңғай байланыс орталығының «1494» сенім телефоны орналастырылған. Жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктері ғимараттардың көрнекі жерлеріне қойылған.
Азаматтар үшін мемлекеттік органдар ғимаратында сыбайлас жемқолыққа байланысты қолжетімді ақпараттар орналастырылған.
Сыбайлас жемқорлық ұғымын және сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiмен кездескен жағдайда азаматтардың әрекет ету тәртiбiн түсiндiретiн мәліметтер ілінген.
Сонымен қатар Жаңатас қаласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыс агенттігінің сенім телефондарына 4 билборд орналастырылған.
Аудандық мәдениет үйінің және облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының тарапынан мереке, атаулы күндерге орай жастарға патриоттық сезім қалыптастыруға бағытталған фильмдер, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Елбасы Н.Назарбаев туралы фильмдер көрсетілді.
Есепті мерзімде «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе білімгерлер арасында жастардың жемқорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында Ұйым ауылындағы №11 Сарысу колледжінде «Арнаулы орта білім беру мекемелеріндегі жемқорлық жағдайы» атты пікірсайыс өткізілді.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен ғибадат үйлеріне келушілері арасында кездесулер өткізуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың  2015-2025 жылдарға арналған бағдарламалары бойынша елді мекендерде есеп беру, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта кеңейтілген жиын өткізілді. Жиынға ішкі істер бөлімінің жеке құрамы, аудандық мекеме кәсіпорын басшылары мектеп жиректорлары қатысты.
Сонымен қатар қараша айында Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының мәжіліс залында Нұр Отан партиясы аудандық филиалы жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың  2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасының» аясында Жемқорлық және заң тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Игілік ауылдық округінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыс агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, прокуратура және ішкі істер департаментінің өкілдері кездесу өткізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу бойынша қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар тарапынан дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастырылуда.
Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын жүйелi және мақсатты қалыптастырумен айналысатын азаматтық қоғам субъектiлерiне қажетті қолдау көрсетілуде және бірлесіп жұмыстар атқарылуда.
Аталған шаралар алдағы уақытта жалғасатын болады.