Сарысу ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2016 жылға арналған ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

«КЕЛІСЕМІН»

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

министрлігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы

 

___________________Б.Исақов

«___»_____________ 2016 жыл

               «БЕКІТЕМІН»

Сарысу ауданының әкімі

 

_______________ Б.Жайлыбаев

«___»_____________ 2016 жыл

 

№Р/с Іс-шара атауы Іске асыру кезеңі Аяқталу нысаны Орындалуына жауаптылар
1 Аудан әкімінің сайтындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жөнінде арнайы айдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттарды (Стратегияны, жаңадан қабылданған ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының мәтіні, осы бағытта өткізілген іс-шаралар туралы мәліметтер) орналастыру және үнемі жаңартып тұру жыл бойы Айдар ашу, ақпараттарды жаңартып тұру Аудан әкімі аппаратының басшысы, Жаңатас қаласының әкімі
2 Барлық мемлекеттік орган ғимаратында арнайы арыз-шағымдар жәшігін, азаматтарды қабылдау кестесін, сенім телефоны туралы ақпараттық стенд орналастыру тұрақты Ақпараттық стенд Аудан әкімі аппаратының басшысы, қала және ауылдық округ әкімдері, әкімдік бөлімдерінің басшысы
3 Мемлекеттік орган басшылары тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған сұхбаттар жариялау жылына бір рет БАҚ-да мақалалар, МҚІМ ЖОД-не есеп Аудан әкімі аппаратының басшысы, қала және ауылдық округ әкімдері, әкімдік бөлімдерінің басшысы
4 Мемлекеттік орган қызметкерлері тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мақалалар жариялау жарты жылда бір рет БАҚ-да мақалалар, МҚІМ ЖОД-не есеп Аудан әкімі аппаратының басшысы, қала және ауылдық округ әкімдері, әкімдік бөлімдерінің басшысы
5 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мекеме қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Жемқорлық індет – жою міндет» тақырыптарында құқықтық оқытулар («дөңгелек үстел» отырысы, семинар, дәріс, кездесулер және т.б.) ұйымдастыру тоқсанына бір рет Құқықтық оқытулар, хаттама Аудан әкімі аппаратының басшысы, қала және ауылдық округ әкімдері, әкімдік бөлімдерінің басшысы
6 9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай арнайы іс-шара ұйымдастыру желтоқсан Іс-шара,

МҚІМ ЖОД-не есеп

Аудан әкімі аппаратының басшысы, қала және ауылдық округ әкімдері, әкімдік бөлімдерінің басшысы
7 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы билбордтар, кермелер дайындау және орналастыру жыл ішінде Билбордтар, кермелер орналастыру Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, қала және ауылдық округ әкімдері

 

 

Аббревиатураның толық жазылуы:

МҚІМ ЖОД – Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті