Сарысу ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссия отырысының хаттамасы

 

Сарысу ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссияның отырысының

хаттамасы

 

Жаңатас қаласы                                    №                11 желтоқсан 2019 жыл

сағат 10.30

 

Төрағалық етуші: Қ.Мәдібек – комиссия төрағасы, аудан әкімі

 

Жиынға қатысқандар: Сарысу ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелері

 

 

Шақырылғандар: аудан әкімдігінің бөлім басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органдарының басшылары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, баспасөз ақпарат құралдарының өкілдері.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың 2019 жылдың 11 айында Сарысу ауданында орындалуы туралы.

Хабарламашылар: аудан әкімдігінің білім бөлімі, ішкі саясат бөлімі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшылары.

____________________________________________________________________

 

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімдігінің білім бөлімі, ішкі саясат бөлімі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшыларының хабарламалары назарға алынсын.

  1. Аудан әкімдігінің білім бөліміне:

1) ауданның барлық мектептерінде адалдық дүкендерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының сақталуын, балабақшаға кезекке қою, жұмысқа қабылдау шараларының толық ақпараттық жүйелермен жүзеге асуын бақылауға алсын;

3) білім беру ұйымдарының басшыларымен жемқолықтың алдын алуға бағытталған шараларды тұрақты ұйымдастырсын.

  1. Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ақпараттық қолдау жөнінде жұмыстарды жалғастырсын;

2) жастар ресурстық орталығымен бірге жылына екі ауқымды іс-шара ұйымдастырсын;

3) әлеуметтік тапсырыс негізінде қоғамдық ұйымдармен өткізілетін іс-шаралардың мерзімінде ұйымдастырылуын қадағаласын;

4) әлеуметтік тапсырысты жоспарлауда жыл ішінде өтетін іс-шаралардың санын арттырсын.

  1. Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі:

1) жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарды бөлім қызметкерлері арасында тұрақты жүргізсін;

2) қызмет көрсету стандарттары талаптарының, олардың мерзімдерінің сақталуын бақылауға алсын.

  1. Барлық мекеме, кәсіпорын басшылары Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 28 қарашадағы «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен енгізілген жаңашылықтар туралы ұжым қызметкерлері арасында 2019 жылдың 30 желтоқсанына дейін жиындар өткізсін.
  2. Хаттаманың орындалуы туралы ақпаратты 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін аудан әкімі аппаратына ұсынсын.
  3. Осы хаттаманың орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесіне жүктелсін.

 

 

         Комиссия төрағасы,

         аудан әкімі                                                                      Қ.Мәдібек

 

 

 

 

 

 

 

Хаттамалаған:

Қ.Алдабергенов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі комиссия отырысының

хаттамасы

 

Жаңатас қаласы                                    №                                   11 желтоқсан 2019 жыл

сағат 10.00

Төрағалық етуші: Қ.Мәдібек – комиссия төрағасы, аудан әкімі

 

Жиынға қатысқандар: Құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі комиссия мүшелері

 

Шақырылғандар: аудан әкімдігінің бөлім басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органдарының басшылары, полиция бөлімінің жауапты қызметкерлері, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, баспасөз ақпарат құралдарының өкілдері.

 

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласында 2019 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстар туралы.

Хабарламашы: Сарысу ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Аманжолов Нұржан Әбдімұталіпұлы

___________________________________________________________________

 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Сарысу ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Н.Аманжоловтың хабарламасы назарға алынсын.

  1. Аудандық полиция бөліміне ұсынылсын:

1) Қазақстан Республикасында құқық бұзушылық профилактикасының 2017-2019 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру мақсатындағы 6 индикаторлардың жоспарлы мәніне қол жеткізілмегеніне назар аударып, 2020 жылғы индикатордың көрсеткіштерінің дұрыс жоспарлануын бақылауға алу;

2) Жалпы қылмыстың өсуіне, оның ішінде өсімі артып отырған қылмыс түрлеріне назар аударып шаралар қабылдау;

3) өз құзырет шегінде жол көлік оқиғаларының себептеріне және проблемасына талдау жасап, профилактикалық бағытта жұмыстарды күшейту;

4) кәмелетке толмағандар жасаған және оларға қатысты жасалған қылмысты төмендетуге бағытталған тиісті органдармен бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру;

5) бөтеннің мүлкін ұрлау, оның ішінде пәтер ұрлығының өсуіне байланысты шаралар қабылдау;

6) Әкімшілік айыппұлдардың өндірілуін қамтамасыз ету.

  1. 2. Жаңатас қаласының әкімі:

1) қылмыстардың басым көпшілігі Жаңатас қаласында орын алуына байланысты қылмыс жиі орын алатын аудандарда полиция бөлімімен бірге тұрғындармен кездесу жиындарын ұйымдастырсын;

2) тұрғандардарға көпқабатты үйлерінің аулалары мен кіреберістерінің түнгі уақытта жасанды жарықпен, бақылау камераларымен жабдықтауының тиімділігі мен мүмкіндіктерін түсіндірсін;

3) қаладағы бақылау камераларын тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;

4) қала ішіндегі қараусыз жүрген мал иелеріне айыппұл салу жұмыстарын жандандырсын;

5) Әрбір көпқабатты тұрғын үйге және жеке секторларда көшеге жауапты тұрғынды белгілеп, мақсаты мен міндеттерін түсіндірсін.

  1. Ауылдық округ әкімдері:

1) Мал ұрлығының алдын алуға бағытталған рейдтік жұмыстарды тұрақты ұйымдастырсын;

2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізсін;

3) бақташысыз жайылымға жіберілетін мал иелерін анықтап,  түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.

4) шаруалармен, полициямен бірлескен үшжақты меморандумға отыру шараларын жандардырсын және көшірмелерін ұсынсын.

  1. Халықты жұмыспен қамту орталығы еңбек заңнамаларын сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Жаңатас жел электр станциясы құрылысын жүргізуші заңды тұлғаларға қызметкерлерімен еңбек шартын жасау қажеттігі жөнінде арнайы хат жолдасын.
  2. Хаттаманың орындалуы туралы ақпаратты 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін аудан әкімі аппаратына ұсынсын..
  3. Осы хаттаманың орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесіне жүктелсін.

 

 

         Комиссия төрағасы,

         аудан әкімі                                                                      Қ.Мәдібек

 

 

 

 

Хаттамалаған:

Қ.Алдабергенов