Сарысу ауданы страт план коррупц

Сарысу ауданы страт план коррупц

«БЕКІТЕМІН»
Сарысу ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
__________________ О.Көкей
«___»______________2015 жыл

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспарын Сарысу ауданында іске асыру жөніндегі жоспары  

 

Р/с
Іс-шараның атауы Аяқтау нысаны Орындау мерзімі Жауапты орындаушылар
1 2 3 4 5
1 Аудан әкімінің интернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету Интернет-ресурстарда тараулар 2015 – 2017 жылдардағы
4-тоқсан
Сарысу ауданы әкімінің аппараты
2. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберіндегі міндеттерді мерзімінде орындамау деректері орын алған жағдайлар туралы, өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы, мемлекеттік сатып алу туралы күшіне енген келісім шарттарды заңсыз деп тану туралы, тұрақсыздық айыппұлын өндіріп алу туралы сот органдарына жүгінулер бойынша қабылданған шараларға мониторинг жүргізу аудан әкімі аппаратына ақпарат Жарты жылда 1 рет Аудан әкімдігінің бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері
3 Жер учаскелерін бекіту кезінде Қазақстан Республикасы Жер кодексі талаптарын бұзудың алдын алу мен заң бұзушылықты анықтауға бағытталған шараларды жүргізуді қамтамасыз ету Жылына 2 рет талдау жасау, қорытындысын БАҚ-та жариялау Жарты жылда 1 рет Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі, қала және ауылдық округ әкімдері
4 Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру ісіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету Тоқсан сайынғы талдау, нәтижелерін БАҚ-та жариялау Тұрақты Аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
5 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары көп жасалатын салаларды, мақсатты топтарды  анықтап, мемлекеттік қызметшілерді қолданыстағы заңнама талаптарын оқытуды жүзеге асыру Оқу-бағдарламасы Тұрақты Аудан әкімдігінің бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері
6 Кәсіпкерлерге жануарлардан алынған өнімдердің (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ ара шаруашылығының өнімдері) қауіпсіздігін растайтын құжатты (өнімнің түрін, санын, иесінің Т.А.Ә., межелі объектісін көрсете отырып, сараптама актісінің телқұжаты) базарларда жұмыс істейтін ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларынан тікелей алуға мүмкіндік беру арқылы жеке және коммуналдық базарлардың қызметіндегі әкімшілік кедергілерді алып тастау жөнінде ұсыныс берсін. Ұсыныс енгізу 2016 жылғы
4-тоқсан
Аудан әкімдігінің ветеринария, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік бөлімдерінің басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері
7 Сыбайлас жемқорлық сипатта құқық бұзғаны үшін және жемқорлық көріністерінің барлық фактілеріне жариялылықты қамтамасыз ету аудан әкімі аппаратына ақпарат Тұрақты Аудан әкімдігінің бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері
8 Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу бойынша мәліметтерге, сондай-ақ тұрғын үй алған азаматтардың тізімдеріне еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету Ақпаратты аудан әкімінің интернет-ресурстарында орналастыру 2015
жылғы
4-тоқсан
Аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
9 Мемлекеттік қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың қолданыстағы заңнамалар бойынша құқықтық оқуына аса назар бөліп, оларға сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылық жасап, нәтижесінде қатаң жазаға тартылғандардың тағдырын көрсете отырып тиісті түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру аудан әкімі аппаратына ақпарат Үнемі Аудан әкімдігінің бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері
10 Кондоминиум объектісіне қызмет көрсететін ұйымдардың халық қаражатын жұмсау тәртібін регламенттеу жөнінде ұсыныс енгізу ұсыныс 2015 жыл Аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, қала әкімі
11 Аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиялардың жұмыс жоспарларында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мәселелерді көздеу Жұмыс жоспарына қосымша өзгеріс енгізу тұрақты Аудан әкімі аппараты
12 Саяси партиялармен және қозғалыстармен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта қоғамдық тыңдаулар, акциялар және іс-шаралар өткізу Тиісті іс-шаралар өткізу Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, «Сарысу жастары» мекемесі қала және ауылдық округ әкімдері
13 Жастар ұйымдарын тарта отырып және оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізе отырып, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту Жұмыс жоспары, оқу бағдарлама-лары жыл сайын Аудан әкімдігінің білім, ішкі саясат бөлімдері, «Сарысу жастары» мекемесі қала және ауылдық округ әкімдері
14 Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалауды және рейтингтер беруді жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдармен тұрақты негізде өзара іс-қимылды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету тиісті ақпарат ұсыну тұрақты Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі ,  қала және ауылдық округ әкімдері
15 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуына сыртқы талдау мен бағалауды жүргізу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдастықтың, БАҚ өкілдері қатарынан арнайы мониторингтеу тобын құру Бұйрық 2015 – 2017 жылдардағы
4-тоқсан
Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, аудан әкімдігінің бөлімдері,  қала және ауылдық округ әкімдері
16 Арнайы мониторингтеу тобының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуына сыртқы талдау мен бағалау жүргізуін қамтамасыз ету Талдау жүргізу жыл қорытын-дысы бойынша жыл сайын, 1 ақпаннан кешіктір-мей Аудан әкімі аппараты
17 Халық тарапынан сыртқы бағалауды алу және қоғам пікірін есепке алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы есептерді БАҚ-та, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сайтында жариялау Жарияланымдар жыл қорытын-дысы бойынша жыл сайын, 1 ақпаннан кешіктірмей Аудан әкімінің аппараты, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері
18 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуы туралы жыл сайынғы есепті БАҚ-та орналастыру Есеп жыл қорытын-дысы бойынша жыл сайын, 1 ақпаннан кешіктірмей Аудан әкімінің аппараты, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері
19 Іс-шараларды жоспарлау мен іске асырудың барлық кезеңдерінде бюджетті қалыптастыруға қатысушыларды жауапкершілікке тартудың және жауапкершіліктің аражігін ажыратудың тиімді тетігін құру мәселесін пысықтау аудан әкімі аппаратына
ақпарат
2015 жылы Аудан әкімінің аппараты, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері
20 Аудандағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға арналған іс-шаралар әзірлеп, орындалуын қамтамасыз ету аудан әкімі аппаратына ақпарат Тұрақты аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, қала және ауылдық округ әкімдері
21 Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді стандарттау жөніндегі жоспарды әзірлеу Жоспар 2015 жылы аудан әкімдігінің қаржы бөлімі, қала және ауылдық округ әкімдері
22 Олардың ашықтығын арттыру мақсатында квазимемлекеттік сектордың сатып алу тетігін, оның ішінде тауарды немесе көрсетілетін қызметті егжей-тегжейлі сипаттай отырып, тендерді ұтып алған тұлға, баға туралы толық ақпаратты, сондай-ақ өндіруші туралы ақпаратты жариялау жолымен жетілдіру кеңес шешімі 2015 жылы аудан әкімдігінің қаржы бөлімі, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі,  қала және ауылдық округ әкімдері
23 Сауда базарларын заманауи форматқа кезең-кезеңмен көшіру жөнінде  шаралар қабылдау ұсыныс енгізу,
ақпарат беру
2015
жылы
аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі,  қала және ауылдық округ әкімдері
24 Инвестициялық артықшылықтар берілетін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне ірі сауда объектілерінің (дүкендердің, сауда үйлерінің) құрылысын енгізу мәселесін пысықтау ұсыныс енгізу,
ақпарат беру
2015 жылы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі,  қала және ауылдық округ әкімдері
25 Коммуналдық сауда алаңдарын ұлғайту және коммуналдық сауда алаңдарына мұқтаждарды қамтамасыз ету ұсыныс енгізу,
ақпарат беру
2015 жылы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, қаржы бөлімі қала және ауылдық округ әкімдері
26 Сауда объектілері әкімшіліктерінің мемлекеттік кірістер органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және/немесе ресми еңбек қатынастарын ресімдемеген жалға алушы жеке тұлғаларға алаңдарды беруі бойынша бақылауды жетілдіру мәселесін пысықтау Ақпарат беру 2015
жылы
аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі,  қала және ауылдық округ әкімдері
27 Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар бөлінісінде түсетін өтініштерге талдау жүргізу мүмкіндігімен мемлекеттік сатып алу процесіне қатысушылардың шағымдарын қабылдау процесін автоматтандыру және оларды қарау қорытындыларын Қаржыминінің интернет-ресурсында жариялау үшін «электрондық үкімет» және «электрондық мемлекеттік сатып алу» порталдарымен ықпалдастыру бөлігінде ЭҚАБЖ-ны пысықтау ЭҚАБЖ ақпараттық жүйесін «электрондық үкімет» және «электрондық мемлекеттік сатып алу» порталдарымен ықпалдастыру 2016 жылғы
2-тоқсан
Аудан әкімдігінің бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері

Аудан әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық бөлімшесі                                                                        Қ.Алдабергенов