Қоғамдық кеңес мүшелері бас қосты

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері аудан тұрғындарымен кездесу жиын өткізді. Басқосуға облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.

Қоғамдық кеңес мүшелері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында туындайтын міндеттері медициналық сақтандыру, әйел азаматтардың зейнет жасына шығуы, атаулы әлеуметтік көмек, латын әліпбиіне көшу мәселелері бойынша хабарламалар жасады.

Жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.