Аудандық Қоғамдық кеңестің жарты жылда атқарған жұмыстары туралы есебі

ҚОҒАМДЫҚ  КЕҢЕС  ЫҚПАЛДЫ  КҮШКЕ АЙНАЛУЫ ТИІС
Аудандық Қоғамдық кеңестің жарты жылда  атқарған жұмыстары туралы есебі

Елімізде орнығып жатқан азаматтық қоғам мемлекеттің және жеке тұлғаның, үкіметтік емес ұйымдардың  даму  деңгейінің  көрсеткіші деуге болады. Елбасының сарабдал  саясатының арқасында азаматтық қоғам институттарының санының жыл санап арта түсуі  олардың  жаңа саяси экономикалық мазмұн мен мәнге ие   болғанының көрінісі.

Біздің ауданымызда 17  үкіметтік емес ұйымдардың тіркеліп, олардың жартысына жуығының  белсенді  қызмет  атқарып жатқаны  жұртшылықтың   кешегі    мейлінше мемлекеттендірілген кеңестік  күйден арылып қоғам  ісіне  мақсатты түрде  араласып  отырғанының  дәлелі. Осы тұрғыдан келгенде саяси өмірге енді араласа бастаған қоғамдық кеңестердің жаңа талапқа тез бейімделуі  азаматтық қоғам мен  жергілікті өзін- өзі басқаруды  жаңа деңгейге көтеруге, азаматтардың өз құқықтары мен  бостандықтарын кедергісіз жүзеге асыруларына, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылықты  нығайтуға   үлкен ықпал етпек.

Ол үшін Қоғамдық кеңестер қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған заң берген өкілеттіктер аясында  қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама және мемлекеттік орган басшылары жұмысының нәтижелері туралы    есептерін  тыңдау нысанында өз жұмыстарын ұйымдастырулары тиіс.

Қоғамдық бақылау тетіктері заңның 19 бабында  жан-жақты көрсетілген.   Жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың  сөзбұйдаға салмай   сұраған ақпаратты толық көлемде беруі, кеңес мүшелерінің  атқарушы биліктің  алқалы отырыстарына   қатысуын қамтамасыз етуі, оларды  мемлекеттік комиссиялардың  құрамына қосу,  қоғамдық кеңестің сұрау салу сияқты  Қазақстан Республикасының  заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдер арқылы қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.

Құрылғанына 4 айдың ғана жүзі болған  аудандық  Қоғамдық кеңестің алғашқы адымдары мен алда атқарар істері жөнінде жылына екі рет бұқараны хабардар ету заңмен белгіленген міндетіміз. Енді ретімен баяндайық.

Заңға сәйкес облыстық мәслихаттың хатшысы Болатбек Дондаұлы басқарған арнайы комиссия конкурстық негізде  жасақтаған құрамы 21 адамнан тұратын  5 ұлттың өкілдерін қамтыған облыстық Қоғамдық кеңес ақпан айының ортасында  облыстық Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында өмірге келген-ді. Сол күні  Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысында ұйымдастыру  мәселесі қаралып, кеңестің төрағасы, секретары, жұмыс бағыттары бойынша 4 Комиссия құрылып, олардың  төрағалары, хатшылары, 8 адамнан  президиум мүшелері сайланған болатын.

Басшылық құрамына  елімізге, ауданымызға белгілі Сұлтанбеков Нұраш, Райымбеков Пернебек,  Ермашов Әбдіманап, Ермекбаев Болат сайланды.

Кеңестің  алғашқы отырысында аудан әкіміБ.Жайлыбаевауданның өткен жылғы  саяси-әлеуметтік, экономикалық  салаларда қол жеткен табыстары туралы есеп беріп, биылғы жүзеге асар  ауқымды  міндеттерді  жан-жақты баяндап,азаматтық қоғамның қолғанаты – Қоғамдық кеңестің назарын заң берген мүмкіндіктерді пайдаланып облыстағы түйінді мәселелердің шешілуіне қолғабыс етулеріне аударды. Осы күн, яғни 2016 жылдың 24 ақпаны облыстық Қоғамдық кеңестің тұсауы  кесілген  күн болып  есептеледі.

Содан бергі төрт айда қандай іс-шаралар атқарылды? Оны мына төмендегі кестеден көруге болады:

 

 

 

Қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ақпарат

Қоғамдық кеңестер функцияларының атауы Функциялардың іске асырылуы туралы ақпарат

(ақпаратта көрсетілуі тиіс:

аталған функция қоғамдық бақылаудың қандай түрі арқылы іске асырылады;

аталған функцияны іске асыруда қатысатын (тартылған) адамдардың саны және олардың категориясы;

мемлекеттік органдары үшін қандай ұсынымдар мен шешімдер қабылданды;

қоғамдық кеңестердің ұсынымдарын іске асыру барысында мемлекеттік органдармен қандай шаралар қабылданды

Қоғамдық кеңестердің аталған функцияны іске асыруы бойынша жұмысының ашықтығы (ақпараттамәліметтердің қандай БАҚ-да, сайттарда жарияланғаны көрсетілуі тиіс)  
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын талқылау 1. 1.03.2016 ж. аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №56-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасын талқыланды.

2. 1.03.2016 ж. Сарысу аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі жобасы талқыланды.

3. 20.04.2016 ж. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы аудан әкімдігінің қаулы жобалары талқыланды.

4. 12.04.2016 ж. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №56-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасы талқыланды.

5. 5.05.2016 ж. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №56-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасы талқыланды.

Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №56-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімі аудандық «Сарысу» газетінде 29.03.2016 ж. № 30 (7776) жарияланды
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуын талқылау    
атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау 1.Үстіміздегі жылдың 25 ақпанында Сарысу ауданы әкімі Б.Жайлыбаевтың 2015 жылдың әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары бойынша есебі тыңдалды. Есептік жиынға аудан әкімі, мәслихат хатшысы, аудан әкімінің орынбасарлары және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты (21 адам). Қоғамдық кеңес шешімінде 11 мәселе бойынша ұсынымдар енгізілді. Қоғамдық кеңес хаттамасы тиісті мемлекеттік органдарға жолданды. Орындалуы бақылауда болады.

2. 22.06.2016 жылы Сарысу аудандық орталық аурухананың Саудакент бөлімшесінің жағдайы туралы аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары А.Жолдыбайдың есебі.

3. 24.06.2016 жылы аудан әкімдігінің білім бөлімінің бастығы И.Баймағанбетовтің «Ұлттық біріңғай тестілеу қорытындысы және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы» есебі тыңдалды.

 

Аудандық «Сарысу» газетінде 27.02.2016 ж. №17-18 (7763-64) және Сарысу ауданы әкімінің ресми сайтында орналастырылды

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудандық «Сарысу» газетінде 25.06.2016 ж. №54 санында жарияланды.

бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау    
азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу 1. 12.04.2016 жылы өткізілген Қоғамдық кеңестің отырысында аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №56-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасы қаралып, оған оң қорытындысы берілді.

2. 20.04.2016 жылы өткізілген Қоғамдық кеңестің отырысында азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы аудан әкімдігінің қаулы жобасы қаралып, оған оң қорытындысы берілді.

3. 5.05.2016 жылы өткізілген Қоғамдық кеңестің отырысында аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №56-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасы қаралып, оған оң қорытындысы берілді.

4. Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі ұсынған аудандық әкімдіктің қаулы жобасы қаралып, қаулы жобасындағы «10 есе» деген сөзді «2 есе» деген сөзбен ауыстыру ұсынылды.

5. Аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі ұсынған аудан әкімдігінің қаулы жобасы талқыланып, жоба қабылданбады.

 
қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
  1. 2016 жылы 5 сәуірде келіп түскен Саудакент ауылының тұрғыны К.Сержановтың өтініші зерделеп, жауабы берілді.
  2. Саудакент ауылының тұрғыны Е.Сатовтың арызына жауап берілді.
  3. 07.06.2016 жылы облыстық қоғамдық кеңеспен бірлескен отырыста Жаңатас қаласының біртоп тұрғындарының (Қ.Жандарбек және басқалары) арызы қаралды.
  4. 24.06.2016 жылы Жаңатас қаласының біртоп тұрғындарының (Қ.Жандарбек және басқалары) арызы бойынша бір топ тұрғындармен кездесу болды.

 

 
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органдарға енгізу 20.06.2016 жылғы аудандық кеңес отырысында жайылымдық жерді пайдалану бойынша Қазақстан Республикасының Заң жобасы талқыланып, ұсыныстар берілді.  
қоғамдық бақылауды осы Заңда көзделген өзге де нысандарда жүзеге асыру Қоғамдық кеңес төрағасы:

1. 25.03.2016 ж. Сарысу аудандық мәслихатының сессиясына қатысты;

2. 29.03.2016 ж. Сарысу ауданы әкімдігінің отырысына қатысты;

3. 29.03.2016 ж. «Еврохим-Қаратау» ЖШС Фосфат өнімдерін химиялық кешен құрылысы барысында табиғатты қорғау жоспары жобасы аясында өткізілген қоғамдық тыңдауға қатысты;

4. 26.04.2016 ж. Сарысу ауданы әкімдігінің отырысына қатысты;

5. 27.04.2016 ж. Сарысу аудандық мәслихатының сессиясына қатысты;

6. «Казхиммонтаж Холдинг» АҚ-ның Саудакент ауылындағы Шабақты өзенінің бойынан өндірістік мақсатқа шағал тас алу мәселесі талқыланып, 22.04.2016 жылы қоғамдық тыңдау өткізілді.

7. Үстіміздегі жылы сәуір айында аудандағы Конго-Қырым гемморагиялық қызбасының алдын алуға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес бөлінген қаражаттың заңдылықтары, яғни сатып алынған дәрілердің сапасы мен атқарып жатқан жұмыстары зерделенді.

8. 17.05.2016 ж. Аудан көлемінде пайдаланылмай жатқан жерлердің салықтық ставкаларын көтеру туралы кеңес отырысы өтті.

9. 19.05.2016 ж. Жамбыл облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің аудан тұрғындарына ҚР Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге түсіндірме жұмыстарына арналған жиынына қатысты.

10. 27.05.2016 ж. ҚР Жер кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша Саудакент және Жаңаталап ауылдық округ тұрғындарымен кездесу өткізілді.

11. 31.05.2016 ж. Сарысу ауданы әкімдігінің отырысына қатысты.

12. «Еврохим» компаниясы басшыларының қатысуымен 22.06.2016 жылы өткен штаб отырысына қоғамдық кеңес мүшесі М.Тоқсанбаева қатысты. Отырыста Жаңатас қаласының келбетін жақсарту, бірқатар тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жаңғырту жобалары таныстырылды. Қаланы көріктендіру бойынша ұсыныстар берілді.

13. Қоғамдық кеңес мүшелері 28.06.2016 жылы Сарысу ауданы әкімдігінің отырысына қатысты. 14. Жер реформасын түсіндіру бойынша 29.06.2016 жылы Тоғызкент ауылында тұрғындармен кездесу өтті.

 
қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру жатады Қоғамдық кеңес жанында 4 комиссия құрылған:

1) Бюджет, қаржы және табиғатты пайдалану және техногендік үрдістер мәселелері жөніндегі комиссиясы

2) Қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жөніндегі комиссиясы

3) Аграрлық саясат, қоршаған ортаны қорғау, қала және ауылдық аумақтарды дамыту, құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық салаларын дамыту мәселелері жөніндегі комиссиясы

4) Әлеуметтік-мәдени салалар және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі комиссиясы

 

 

МИЗЕНБАЕВ МАРҚАШ.
Аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы