Сарысу ауданының әкімі Б.Жақсылықовтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Шілде 31, 2020

Сарысу ауданының әкімі Б.Жақсылықовтың
Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді барша мұсылман қауымының қасиеттi мейрамы – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт жалпы адамзатты жақсылық пен ізгілікке, бауырмалдық пен имандылыққа жетелейтін ұлық мереке.
Береке мен бірлікті, қайырым мен қанағатты арттыратын құтты мейрам – Құрбан айт адамдардың етене араласуын, ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығын қалыптастырады.
Бұл күндері – әрбір мұсылман баласы Алла Тағалаға сыйынып, ел тыныштығы мен халық бірлігін, отбасының амандығын тілейді.
Адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемділігі, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Әр адамның сараңдығы мен жомарттығы да сыналады.
Құрбандық шалып жетім-жесірлерге, жағдайы төмен отбасыларға мейірбандылық көрсететін, бір-біріне ізгі тілектер жолдап, имандылыққа шақыратын күндер.
Ұлысты ұйыстыратын осы ұлағатты мейрамды халқымыз өз ұлттық дәстүрімен үйлестіріп, ғасырлар бойы бекем ұстанып келді.
Бүгінде, дәстүрлі дініміз тәуелсіз елімізбен бірге түлеп, халқымызға қайта оралды. Құрбан айттың алғашқы күні ресми демалыс ретінде жарияланып, рухани мұрамыздың ажырамас бөлігіне айналды.
Қадірменді жамағат!
Баршаңызға береке-бірлік, бейбіт өмір, әр шаңыраққа игілік пен амандық тілеймін!
Алла Тағала барлық дұға-тілектеріңізді қабыл етсін!
Құрбан айт мүбәрак болсын!