2020-2022 жылдарға арналған Азаматтық бюджет

 

 

 

 

Құрметті сайт қонақтары!

 

 

 

Сіздердің назарларыңызға аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің негізгі көрсеткіштері, бюджеттік қаражатты қалыптастыру және жұмсау бағыттары туралы ақпараттан тұратын Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің 2020-2022 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылады.

 

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

– Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері;

– Сарысу ауданының қала және ауылдық округтері бюджеттерінің түсімдері мен шығыстары.

 

«2020-2022 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №67-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Сарысу аудандық мәслихаты сессиясының 2020 жылғы 5 қарашадағы №84-2 шешімін іске асыру туралы бекітілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2020-2022 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтері деңгейіндегі азаматтық бюджет

 

  1. 2020-2024 жылдарға арналған Сарысу ауданының

әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы №9 бұйрығымен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» сәйкес Сарысу ауданының 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы әзірленіп, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынылды.

Аймақтың экономикалық саясатының негізгі бағыты инфрақұрылымды дамыту және индустрияландыру арқылы экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету болып табылады.

Экономикалық өсудің мақсатты параметрлеріне инвестициялық белсенділік есебінен қол жеткізіледі. Бұл өз кезегінде технологиялық модернизациялауды белсенді жүргізуге мүмкіндік беретін негізгі капиталдың шоғырлануының артуы есебінен қамтамасыз етіледі.

 

Көрсеткіштер 2019 ж. Болжам
2020 ж. 2021 ж. 2022 ж. 2023 ж. 2024 ж.
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі, өткен жылғы тиісті кезеңге % 103,0 101,0 101,5 102,0 102,0 102,5
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлер қазу көлемі, өткен жылғы тиісті кезеңге % 103,4 101,0 101,5 102,0 102,0 102,5
Өңдеуші өнеркәсібінің көлемі, өткен жылғы тиісті кезеңге % 102,6 101,0 101,5 102,0 102,0 101,0

 

2019 жылдың қорытындысы

 

 

Индустрияландыру картасы аясында 2020-2024 жылдар аралығында 5 жоба жүзеге асырылады, жобалардың жалпы құны 540,8 млрд. теңгені құрайды. Жобалар шеңберінде жалпы     2 050 жаңадан жұмыс орны ашылады.

 

2020-2024 жылдар аралығындағы Сарысу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер 2019

жыл

2020 жыл 2021 жыл 2022 жыл 2023 жыл 2024 жыл
Болжам
Әлеуметтік сала көрсеткіштері
Тұрғындар саны, мың адам 21,5 21,5 21,6 21,6 21,6 21,7
Ең төменгі күн көріс деңгейі, теңге 29 698 31 183 32 121 33 406 34 742 36 132
Айлық есептік көрсеткіш, теңге 2 525 2 651 2 784 2 922 3 069 3 222

 

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері – салық және салық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатын және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтердің жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Экономикалық саясатты, сондай-ақ қаланың бәсекеге қабілеттілігін сапалы жаңа деңгейге және тұрақты экономикалық дамуға жетуге ықпал ететін жоспарлау және басқару жүйелерді дамыту мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджетін қалыптастыру Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың бюджет қаражатын қатаң түрде үнемдеу және оларды тиімді пайдалану туралы берген тапсырмасына сәйкес іске асырылды.

«2020-2022 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы                       №67-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Сарысу аудандық мәслихаты сессиясының 2020 жылғы 5 қарашадағы №84-2 шешімін іске асыру туралы бекітілген.

 

 

2020-2022 жылдарға арналған қала және ауылдық округтер бюджеттерінің негізгі параметрлері

мың. теңге

Атауы 2020 жыл 2021 жыл 2022 жыл
Нақтыланған жоспар Жоспар Жоспар
1. Кірістер, оның ішінде: 2 387 830 1 741 175 1 949 759
Салықтық түсімдер 140 498 79 610 81 699
Салықтық емес түсiмдер 204 1 172 2 372
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 0 0 0
Трансферттердің түсімдері 2 247 128 1 659 793 1 865 688
 2. Шығындар 2 704 655 1 741 175 1 949 759
3. Таза бюджеттік кредиттеу 0  0  0
Бюджеттік кредиттер 0  0  0
Бюджеттік кредиттерді өтеу 0            0            0
4. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 0 0 0
Қаржы активтерін сатып алу 0            0            0
Мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0  0  0
5. Бюджет тапшылығы (профициті) -316 825  0  0
6. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) 316 825  0  0
Қарыздар түсімі 293 482  0  0
Қарыздарды өтеу 0  0  0
Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары 23 343  0  0

           

Түсімдері

 

2020-2022 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау Әдісімен, Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің әлеуметтік экономикалық даму болжамындағы макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде, Қазақстан Республикасының Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

 

Сарысу ауданының қала және ауылдық округтері бюджеттерінің шығындары

 

2020-2022 жылдарға арналған қала және ауылдық округтері бюджеттері жобасы Елбасының Қазақстан халқына жолдауының іс-шараларын жүзеге асыру, халықтың әлеуетін жақсартуға, жұмыссыздықты төмендетуге жасалған бюджет.

 

р/с АТАУЫ 2020 ж. 2021 ж. 2022 ж.
  Шығындар 2 704 655 1 741 175 1 949 759
1 Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер 394 534 260 318 265 610
2 Қорғаныс 0 0 0
3 Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі 0 0 0
4 Бiлiм беру 1 090 146 1 295 468 1 454 607
5 Денсаулық сақтау 0 0 0
6 Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру 0 0 0
7 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 950 035 185 389 229 542
8 Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк 0 0 0
9 Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану 0 0 0
10 Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 0 0 0
11 Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 0 0 0
12 Көлiк және коммуникация 40 946 0 0
13 Басқалар 228 994 0 0
14 Борышқа қызмет көрсету 0 0 0
15 Трансферттер 0 0 0

 

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің шығындары             15 функционалдық топ бойынша жоспарланады. Сарысу ауданының қала және ауылдық округтері бюджеттерінің шығындарында аудандық бюджеттен бөлінген субвенция енгізілген.

2020 жылы аудандық бюджеттен бөлінген субвенция көлемі – 1 629 150 мың теңгені,      2021 жылы – 1 377 388 мың теңгені, 2022 жылы – 1 428 639 мың теңгені құрайды.

 

 

 

Әлеуметтік сала

 

Әлеуметтік саланың шығыстары 3 функционалдық топтан тұрады:

  1. Білім
  2. Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру
  3. Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік.

 

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

2020 жылы Сарысу ауданының қала және ауылдық округтері бюджеттерінің білім беру саласына қаралған қаржы – 1 105 686 мың теңгені құрайды.

 

 

 

 

Білім беру саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру шығыстары

 

2020-2022 жылдарға білім беру саласы шығындары

                                                                                                                         мың. теңге

Атауы  

2020 жыл

 

2021 жыл болжам 2022 жыл болжам
Барлық шығындар: 1 090 146 1 295 468 1 454 607
Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту 1 085 063 1 290 023 1 448 781
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру 5 083 5 445 5 826

 

 

 

   

 

 

 

   

 

 

 

                                  

Коммуналдық және құрылыс саласының шығыстары

 

  1. Көлік және коммуникация

 

 

Көлік және коммуникация саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру шығыстары

                                                                     

 

 

Коммуналдық және құрылыс саласының шығыстары

 

                мың теңге

Атауы  

2020 жыл

 

2021 жыл болжам 2022 жыл болжам
Барлық шығындар: 990 981 185 389 229 542
Коммуналдық шаруашылық 950 035 185 389 229 542
Көлік және коммуникация 40 946 0 0