2021-2023 жылдарға арналған Азаматтық бюджет

 

Құрметті сайт қонақтары!

Сіздердің назарларыңызға аудан бюджетінің негізгі көрсеткіштері, бюджеттік қаражатты қалыптастыру және жұмсау бағыттары туралы ақпараттан тұратын Сарысу ауданының
2021-2023 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылады.

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

– Сарысу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері;

– Сарысу ауданы бюджетінің түсімдері мен шығыстары.

Сарысу ауданының «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы           23 желтоқсандағы №87-2 шешімін іске асыру туралы бекітілген.

2021-2023 жылдарға арналған Сарысу ауданы деңгейіндегі

азаматтық бюджет

  1. 2021-2025 жылдарға арналған Сарысу ауданының

әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы №9 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Сарысу ауданының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы әзірленіп, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынылды.

Аймақтың экономикалық саясатының негізгі бағыты инфрақұрылымды дамыту және индустрияландыру арқылы экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету болып табылады.

Экономикалық өсудің мақсатты параметрлеріне инвестициялық белсенділік есебінен қол жеткізіледі. Бұл өз кезегінде технологиялық модернизациялауды белсенді жүргізуге мүмкіндік беретін негізгі капиталдың шоғырлануының артуы есебінен қамтамасыз етіледі.

 

Көрсеткіштер 2020 ж.

(болжам)

Болжам
2021 ж. 2022 ж. 2023 ж. 2024 ж. 2025 ж.
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі, өткен жылғы тиісті кезеңге % 101,5 101,5 102,0 102,0 102,5 102,0
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлер қазу көлемі, өткен жылғы тиісті кезеңге % 101,0 101,5 102,0 102,0 102,5 102,0
Өңдеуші өнеркәсібінің көлемі, өткен жылғы тиісті кезеңге % 101,0 101,5 102,0 102,0 101,0 101,5

 

2020 жылдың қорытындысы

 

2021-2025 жылдар аралығындағы Сарысу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер 2020

жыл

2021 жыл 2022 жыл 2023 жыл 2024 жыл 2025 жыл
Болжам
Әлеуметтік сала көрсеткіштері
Тұрғындар саны, мың адам 44,5 45,0 45,5 46,0 47,6 48,2
Ең төменгі күн көріс деңгейі, теңге 31 183 34 402 36 122 37 928 39 824 41 815
Айлық есептік көрсеткіш, теңге 2 651 2 917 3 062 3 215 3 376 3 545

 

Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті – салық және салық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Экономикалық саясатты, сондай-ақ қаланың бәсекеге қабілеттілігін сапалы жаңа деңгейге және тұрақты экономикалық дамуға жетуге ықпал ететін жоспарлау және басқару жүйелерді дамыту мақсатында 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджетті қалыптастыру Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың бюджет қаражатын қатаң түрде үнемдеу және оларды тиімді пайдалану туралы берген тапсырмасына сәйкес іске асырылды.

Сарысу ауданының «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №87-2 шешімімен аудан бюджеті бекітілді.

 

2021-2023 жылдарға арналған аудан бюджетінің негізгі параметрлері

мың. теңге

Атауы 2021 жыл 2022 жыл 2023 жыл
Нақтыланған жоспар Жоспар Жоспар
1. Кірістер, оның ішінде: 13 468 736 11 729 590 11 922 802
Салықтық түсімдер 1 616 035 1 705 851 1 796 803
Салықтық емес түсiмдер 9 558 10 139 10 772
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 22 660 23 471 24 183
Трансферттердің түсімдері 11 820 483 9 990 129 10 091 044
 2. Шығындар 13 468 736 11 729 590 11 922 802
3. Таза бюджеттік кредиттеу 31009 0 0
Бюджеттік кредиттер 78759 0 0
Бюджеттік кредиттерді өтеу 47750 0 0
4. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 0 0 0
Қаржы активтерін сатып алу 0 0 0
Мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 0 0
5. Бюджет тапшылығы (профициті) -31009 0 0
6. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) 31009  0  0
Қарыздар түсімі 78759  0  0
Қарыздарды өтеу 47750  0  0
Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары 0  0  0

           

Түсімдері

 

2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау Әдісімен, ауданның әлеуметтік экономикалық даму болжамындағы макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде, Қазақстан Республикасының Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

 

Аудан бюджетінің шығындары

 

2021-2023 жылдарға арналған бюджет жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының іс-шараларын жүзеге асыру, халықтың әлеуетін жақсартуға, жұмыссыздықты төмендетуге жасалған бюджет.

 

Р/с АТАУЫ 2021 ж. 2022 ж. 2023 ж.
  Шығындар 13 468 736 11 729 590 11 922 802
1 Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер 1 036 455 1 058 025 1 099 617
2 Қорғаныс 31 860 5 730 5 889
3 Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі 2 070 2 070 2 070
4 Бiлiм беру 0 0 0
5 Денсаулық сақтау 0 0 0
6 Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру 2 061 664 2 030 792 2 172 070
7 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 1 599 680 129 000 128 500
8 Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк 863 673 637 628 641 341
9 Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану 5 776 0 0
10 Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 58 281 60 526 62 928
11 Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 17 938 18 115 18 307
12 Көлiк және коммуникация 8 300 11 800 11 800
13 Басқалар 59 130 34 786 36 632
14 Борышқа қызмет көрсету 0 0 0
15 Трансферттер 7 723 909 7 741 118 7 743 648

 

Жыл сайын аудан бюджетінің шығындары 15 функционалдық топ бойынша жоспарланады. Аудан бюджетінің шығындарында облыстық және республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферт енгізілген.

Мақсатты трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер және даму нысаналы трансферттеріне бөлінеді.

 

Ағымдағы нысаналы трансферттер. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде: жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін, жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюына және (немесе) кірістерінің азаюына әкеп соғатын, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың өкілді және атқарушы органдарының, актілерін қабылдаудан туындайтын төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған.

 

Нысаналы даму трансферттер жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық немесе жергілікті бюджетте бекітілген сомалар шегінде беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар нысаналы даму трансферттерінің сомаларын айқындау үшін тиісті жоғары тұрған органға жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі мен олар бойынша шығыстар сомалары көрсетілген өтінімдерді ұсынады.

 

2021 жылға арналған аудан бюджетінің түсімдері мен шығыстары құрамында ескерілген облыстық және республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер, нысаналы даму трансферттер және бюджеттік кредиттер

 

р/с Атауы Сомма
ың теңге)
1 2 3
Барлығы 3 270 155
оның ішінде:
Ағымдағы нысаналы трансферттер 1 783 231
Нысаналы даму трансферттері 1 408 075
Бюджеттік кредиттер 78 759
Ағымдағы нысаналы трансферттер
оның ішінде:
1 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 561 613
2 Балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет 242 019
3 Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайту 12 306
4 Ымдау тілі маманының қызметін көрсету 3 251
5 Техникалық көмекшi (компенсаторлық)  құралдар тiзбесiн кеңейту 6 770
6 Туберкулезбен ауыратын адамдарға ай сайынғы ақшалай жәрдемақы 9 477
7 Мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін жұмыскерлердің жалақысына қосымша ақылар белгілеу 8 316
8 Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеу 53 891
9 Жалақыны ішінара субсидиялау 15 360
10 Жастар практикасы 61 257
11 Ақылы қоғамдық жұмыстар 432 004
12 Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру 175 020
13 Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту 11 267
14 Ауылдық округтерде, қалаларда «е-Халық» ақпараттық жүйесін енгізу 8 590
15 Шағын қалаларды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету 100 532
16 Конго – Қырым геморрагиялық қызбасына  қарсы  күрес бойынша шараларды жүргізу 26 278
17 Арналар мен науаларды ағымдағы жөндеу жұмыстарына (оның ішінде: Қызылдихан ауылының жанындағы суару науасын ауыстыру – 8 201,0 мың теңге, Маятас ауылының жанындағы суару науасын ауыстыру – 47 259,0 мың теңге) 55 460
Нысаналы даму трансферттері  
оның ішінде:  
1 «Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 4-ші шағын ауданындағы № 15а тұрғын үйді қайта жабдықтау» 225 269
2 Жамбыл облысы жаңатас қаласы Сарысу ауданы 1 шағын ауданының №47 тұрғын үйдің қайта жабдықтау (2021 жылға барлығы -467395,0 мың теңге) 340 237
3 Жамбыл облысы Сарысу ауданы 1 шағынауданының №41 тұрғын үйдің қайта жабдықтау (2021 жылға барлығы -689241,0 мың теңге) 475 589
4 Жамбыл облысы жаңатас қаласы Сарысу ауданы 1 шағын ауданының №47 тұрғын үйдің қайта жабдықтау 127 158
5 Жамбыл облысы Сарысу ауданы 1 шағынауданының №41 тұрғын үйдің қайта жабдықтау 213 652
6 Жамбыл облысы Сарысу ауданы Байқадам ауылдық округіндегі С.Д. Искаковтың «Шалқыма» шаруа қожалығын «Жамбыл электр жүйелері» ЖШС-нің электр жүйесіне қосу. Жер телімінің кадастр белгісі 06-094-032-005 26 170
Бюджеттік кредиттер  
Оның ішінде  
1 Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер 78 759

 

Әлеуметтік сала

 

Әлеуметтік саланың шығыстары 2 функционалдық топтан тұрады:

  1. Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру
  2. Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік.

 

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жан жақты көмек көрсетілуде. Мәдениет үйлерінің, спорттық алаңдар құрылыстары жүргізілуде.

 

2021 жылға қаралған қаржы

млн. теңге

 

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру шығыстары

 

                                     мың.теңге

Атауы  

2021 жыл

 

2022 жыл болжам 2023 жыл болжам
Барлық шығындар: 2061664 2030792 2172070
Әлеуметтiк қамсыздандыру 915932 1016299 1149273
Әлеуметтiк көмек 1083387 964581 972781
Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қам-тамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер 62345 49912 50016

 

 

 

 

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру шығыстары

 

                                                                                              мың теңге

Атауы  

2021 жыл

 

2022 жыл болжам 2023 жыл болжам
Барлық шығындар: 862214 637628 694341
Мәдениет саласындағы қызмет 291 321 291917 294579
Спорт 36 477 45639 45814
Ақпараттық кеңістік 217747 217795 271190
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге қызметтер 316669 82277 82758

Коммуналдық және құрылыс саласының шығыстары

 

  1. Тұрғын үй шаруашылығы
  2. Көлік және коммуникация

млн. теңге

 

Тұрғын үй шаруашылығы, көлік және коммуникация саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру шығыстары

                                                                     

                мың теңге

Атауы  

2021 жыл

 

2022 жыл болжам 2023 жыл болжам
Барлық шығындар: 1 607 980 140800 140300
Тұрғын үй шаруашылығы 1 599 680 129000 128500
Көлік және коммуникация 8 300 11800 11800

 

 

 

Құрылыс саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру шығыстары

                      

                мың теңге

Атауы  

2020 жыл

 

2021 жыл болжам 2022 жыл болжам
Барлық шығындар: 17 938 18115 18307
Құрылыс жұмыстары 17 938 18115 18307