САРЫСУ АУДАНЫН ДАМЫТУДЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

 

САРЫСУ АУДАНЫН ДАМЫТУДЫҢ

2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

БАҒДАРЛАМАСЫ

МАЗМҰНЫ

 

І. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ……………….……………………………..…… 3
ІІ. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ ………..………………………………… 6
Бағыт 1: Экономика ……………………………………………………………………….. 6
1.1. Өнеркәсіп және инвестициялар…………………………………………………… 6
1.2. Агроөнеркәсіп кешені………………………………………………………………….. 9
1.3. Шағын және орта бизнес, сауда…………………………………………………… 13
Бағыт 2: Әлеуметтік сала………………………………………………………………… 17
2.1. Білім беру…………………………………………………………………………………… 17
2.2. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау………………………………………… 22
2.3. Мәдениет, спорт және туризм……………………………………………………… 26
2.4. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп…………………………………….. 30
Бағыт 3: Инфрақұрылым………………………………………………………………… 35
3.1. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы………………….. 35
3.2 Экология және жер реурстар…………………………………………………………. 41
III. Негізгі бағыттар, мақсаттар, мақсатты  индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары………………..…………………………………. 42
3.1 2016-2020 жылдарға арналған Сарысу ауданының негізгі даму бағыттары………………………………………………………………………………………… 42
3.2 Мақсаттар, мақсатты  индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары…………………………………………………………………………………………… 43
Қажетті ресурстар………………………………………………………………………………  

54

 

І. БАҒДАРЛАМА  ПАСПОРТЫ

 

Бағдарлама атауы     Сарысу ауданын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827 Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің  одан әрі қолданылуының кейбір мәселелері туралы» №931 Жарлығы.

Өңірдің негізгі сипаттамалары     Жамбыл облысының Сарысу ауданы 1928 жылы құрылған.

Сарысу ауданы Жамбыл облысының оңтүстік-батысында орналасқан. Солтүстігінде аудан Мойынқұм ауданымен шекаралас, оңтүстігінде – Оңтүстік Қазақстан облысымен және Талас ауданымен. Аудан аумағы 31,3 мың шаршы км жерді алып жатыр.

Сарысу ауданының  01.01.2015 жылғы жағдай бойынша әкімшілік-аумақтық бөлінуі 1 қаламен және 9  ауылдық округтермен сипатталады. Ауданда 26 елді мекен бар.

Аудан орталығы – Жанатас қаласы, 1969 жылдың 25 маусымда құрылған, аумағы – 3044 га, 6 шағынаудан және 3 елді мекендер бар.

Географиялық жағынан оның аумағы негізінен жазық. Ауданның климаты анағұрлым құрғақшылық және кенет континенталды ерекшеліктермен сипатталады. Ауданда, әсіресе, оның жазықты бөлігінде жауын-шашын аз жауады. Қар қабаты жұқа, әркелкі болады. Ауданның барлық дерлік аумақтарында шығыстан және солтүстік шығыстан аңызақ жел соғып, тек қиыр оңтүстікте оңтүстік-шығыс бағыттағы аңызақ жиі қайталанады.

Ауданның ішкі жалпы өнімінде өнеркәсіп 11,3%, ауыл шаруашылығы 40,8%, құрылыс 41,5%, көлік 0,5%, байланыс 1,1 %, сауда 4,89%  құрайды.

Ауданның қалыптасқан экономикалық құрылымында тау-кен өңдеу, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын  қайта  өңдеу салалары басымдыққа ие. Оның аумағында ірі фосфорит кендері орналасқан.

Ауданның  өнеркәсібінің негізін  «Қазфосфат»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені құрайды. Тау-кен өңдеуші кәсіпорын фосфор шикізатын өндірумен және оны ұсақтаумен айналысып, ауданда ғана емес, облысты  тау-кен өңдеу саласының дамуын қамтамасыз етіп отыр.

Бағыттары ·   Экономика;

·   Әлеуметтік сала;

·   Инфрақұрылым;

Бағдарламаның мақсаттары ● Өнеркәсіп пен инвестициялар;

● Агроөнеркәсіп кешен;

● Шағын және орта бизнес, сауда;

● Білім беру;

● Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

● Мәдениет, спорт және туризм;

● Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп;

● Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы;

● Экология және жер ресурстары.

Нысаналы индикаторлары Өнеркәсіп және инвестициялар

·     Өңдеу өнеркәсібіндегі өнеркәсіп өндірісінің индексі;

·     Негізгі капиталға салынған инвестициялар

·     Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтердің) нақты көлемінің индексі;

·     Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялардың нақты көлем индексі;

·     Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы  мүйізді ірі қара және мүйізді ұсақ қара мал басының үлесі;

·     Жұмыс істеп тұрған ШОК тіркелгендер;

·     Бөлшек сауданың нақты көлем индексі.

·     Жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымды мектептер саны;

·     Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту;

·     Атаулы әлеуметтік көмек «шартты ақшалай көмек) алушылардың ішіндегі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар үлесі.

·     Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің ішінен жұмысқа орналасқан мүмкіндіктерді шектеулі адамдардың үлесі

·     Мүгедектерге қол жетімділік қамтамасыз етілген әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы обьектілерінің үлесі

·     1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің (келу) орташа саны:

·     Халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі

·     Өткен жылмен салыстырғанда өңірдегі орналастыру орындары қызмет көрсеткен келушілер санының ұлғаюы

·     10 000 тұрғын шаққандағы қылмыстың деңгейі;

·     Көшелерде жасалған қылмыстардың үлесі;

·     Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі.

·     Бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету;

·     Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету;

·     Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілу;

– қалаларда

– ауылдық елді мекендерде

·     Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі;

·     Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне қатысты оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі;

·     Экологиялық талаптар мен санитарлық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан).

Қажетті ресурстар * 2016 жыл – 619534,0 мың теңге;

2017 жыл – 875121,0 мың теңге;

2018 жыл – 3806043,7 мың теңге;

2019 жыл – 4749153,2 мың теңге;

2020 жыл – 1403851,6 мың теңге.

* – қаржыландыру көлемдері 1593697,6 бюджет шығындарының нақтылануына байланысты өзгереді

 

 

 

ІІ. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 

БАҒЫТ 1: ЭКОНОМИКА

 

1.1. Өнеркәсіп

Өнеркәсіп аудан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады, ол төрт негізгі салалық кешенді қамтиды – тау-кен өндіру және өңдеу, электрмен жабдықтау және сумен жабдықтау.

Өнеркәсіп өндірісі 2016 жылы 15,6 млрд.теңгеден 2019 жылы 23,5 млрд. теңгеге  дейін ұлғайды.

2016-2019 жылдар аралығында өнеркәсiп кәсiпорындарының өндірген өнім көлемі 7,9  млрд. теңгеге артып, 103,0 пайызды немесе 23,5 млрд. теңгенi құрап отыр. Экономикалық қызметтің негізгі түрлері бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі кен өндіру өнеркәсібінде – 22,2 млрд. теңгені, өңдеу өнеркәсібінде – 864,0 млн. теңгені, электрмен және сумен, жылумен жабдықтау, кәріз жүйесі – 384,5 млн. теңгені құрады.

Жалпы өнеркәсіп өнімдерінің 94,5 пайызы тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласында атқарылған («Қаратау» ТКӨК – 4,3 млрд. тг. – 453,3 тн., «Еврохим – Қаратау» ЖШС – 12,7 млрд. тг. – 135,6 тн., «Еврохим-Тыңайтқыш» ЖШС – 5,2 млрд. тг. – 545,2 тн.).

2019 жылы өнеркәсіп өнімнің облыс аудандарының көлеміндегі үлес салмағы –  5,0 пайызды құрап, 4 орынды иеленіп отыр.

 

2020 жылдың қаңтар – қыркүйек айларының қорытындысы бойынша өнеркәсiп кәсiпорындары 18 319,1 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, өнеркәсiп өнiмдерiнiң нақты көлем индексi өткен жылдың тиісті кезеңімен  салыстырғанда 101,0 %-ды құрады (2019 ж. – 15,9 млрд. теңге, 101,1 %).

Оның ішінде кен өндіру өнеркәсібінде – 17,4 млрд. теңге (НКИ – 100,9 %), өңдеу өнеркәсібінде – 711,0  млн. теңге (100,9 %), жылумен, электр энергиясымен жабдықтау саласы 153,8 % (174,5 млн. теңге), сумен жабдықтау саласы 116,4 % (81,5 млн. теңге).

 

 Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Өнеркәсіп

·  Өнеркәсіптің күшті базалық салаларының болуы: тау-кен өндірісі, металлургия өнеркәсібі, металдық емес минералдық өнімдер өндірісі;

·  Шағын кәсіпкерліктің белсенді дамуы, өз бетінше жұмыспен қамтылған халық санының өсімі;

·  Қымбат емес тұрақты өсіп отырған жұмысшы күші.

 

 

Өнеркәсіп

· Өндірісті модернизациялаудың төмен деңгейі;

· Инвесторлар үшін төмен тартымдылық;

· Шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі (өнімділік);

· Шағын бизнестегі қызмет көрсету саласының жоғары үлесі;

· Шағын бизнесті ұстау инфрақұрылымының жеткіліксіз деңгейі;

· Білікті жұмысшы кадрлардың және инновациялық менеджмент саласындағы кадрлардың жеткіліксіздігі.

Мүмкіндіктер Қауіптер
Өнеркәсіп

·      Жаңа минералдық-шикізат ресурстарын игеру;

·      Бәсекеге қабілетті өнімнің кең құрамын шығаратын өндірісті дамыту;

 

Өнеркәсіп

·   Ауылдың басқа өңірлеріне қарағанда экономикалық даму қарқыны төмен.

·   Аудан бизнес-ахуалының нашарлау мүмкіндіктері;

·   Үдемелі индустриаландыру жоспарларын іске асыру үшін қолжетімді электр энергиясының тапшылығы.

 

Саланың негізгі мәселелері:

Өңірдегі өнеркәсіптің жүйе қалыптастырушы кәсіпорындарының тауарлар сатып алуындағы қазақстандық мазмұн деңгейінің төмендігіне мыналар әсер етеді:

  • шикізат сатып алуға мәжбүр республика экономикасының қосымша салалары дамуының жеткіліксіз деңгейі;
  • өңдеу саласы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, бұл бәрінен де бұрын кәсіпорындардың технологиялық деңгейінің төмендігімен, жабдықтардың физикалық тұрғыдан ескіруімен және моральдық ескіруімен байланысты;
  • отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;
  • айналым қаржыларының жеткіліксіздігі мен пайыздық мөлшерлемесі төмен ұзақ мерзімді кредиттердің қол жетімсіздігі.

Сонымен қатар, өнеркәсіптік кәсіпорындардың маркетингтік қызмет деңгейінің әлсіздігі тұтынушылар тарапынан сұраныстың төмен болуына алып келеді.

Инвестициялар

2017-2019 жылдары ауданда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінде тұрақты өсім байқалуда. Яғни, 2017 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция – 24708,3 млн. теңге, 2018 жылы – 26526,1 млн. теңге, 2019 жылы – 37556,7 млн. теңгені құрады. 2020 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 16289,0 млн. теңгені құрады.

 

2017-2019 жылдары негізгі капиталға салынған инвестиция

(млн.теңге)

 

Ең жоғарғы көрсеткішке 2019 жылы қол жеткізіліп, 2016 жылмен салыстырғанда 52,2%-ға артқан. Инвестиция көлемінің өсуі шаруашылық субъектілерінің жеке қаражаттары есебінен орын алған.

 

2018 жылғы қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар

 

2019 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың қаржыландыру көздері бойынша құрылымы келесідей болды: республикалық бюджеттен  – 2584,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 844,6 млн. теңге, жеке қаражаттар – 19742,7 млн. теңге және резидент еместер қаражаты есебінен 14385,3 млн. теңге.

 

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі – 16 млрд. 289,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 60,6 %-ға орындалды (2019 жылы – 18 140,5 млн. теңге, 120,4 %).

Оның ішінде бюджет қаражаты – 2 674,3 млн. теңге, меншік қаражаты – 13 191,3 млн. теңге, резидент еместер қаражаты – 29,0 млн. теңге.

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Инновациялар және инвестициялар

·      Тұрғындардың жоғары білім деңгейі;

·      инновациялық инфрақұрылым элементтері;

·      техника және технологияны дамыту бойынша бөлімшелері бар ірі кәсіпорындардың болуы;

·      инновация дамуының оң динамикасы.

 

Инновациялар және инвестициялар

·      Ғылым және өнеркәсіп арасындағы әлсіз байланыс;

·      бизнестің инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;

·      инновация дамуының іріктелген статистикалық бақылау мәселелері;

·      ірі өнеркәсіптік компанияларының өңірлік университеттермен өзара-іс қимылға қызығушылығының болмауы;

ӘКК инновациялық жобаларда әлсіз қатысуы.

Мүмкіндіктер Қауіптер
·      Инновацияларды дамыту үшін ИИДМБ мүмкіндіктерін қолдана отырып өнеркәсіп салаларын жаңғырту үшін жаңа технологияларды әзірлеу;

·      2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының инновациялық даму Тұжырымдамасының және оны іске асыру бойынша Жол Картасының мүмкіндіктерін пайдалану;

·      энерго және ресурсты үнемдеу салаларында инновацияны дамыту.

·      Қолданыстағы өңірлік инновациялық жүйенің жоқтығы.

 

 

Саланың негізгі мәселелері:

Өңірлік инновация орталығының жоқтығы, өнеркәсіп кәсіпорындарының ғылыммен белсенділігінің төмен үлесі;

Жеке инвестициялар үшін жобалардың тартымсыздығы.

Экономикалық өсу орталықтарын дамыту

 

1.2 Агроөнеркәсіптік кешен

Бәсекеге қабілетті өнім өндіру және агроөнеркәсіп кешені жүйесін тиімді жүзеге асыру – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарының бірі.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің құрылымының жартысынан көбі халық шаруашылығының өнімдері, 9,9 пайызы – шаруа қожалықтарының өнімдері, бұл ретте шаруа қожалықтарының саны аудандағы барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарының 36,5 пайызын құрайды.

2018-2020 жылдары ауыл шаруашылық саласында өндіріс көлемінің ұлғаюы байқалып, 2020 жылдың 9 айында 12,1 млрд. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің құрылымы

Кесте 1

  2018 жыл 2019 жыл 2020 жыл 9 ай
млн. теңге НКИ, % Үлес  сал. % млн. теңге НКИ, % Үлес  сал. % млн. теңге НКИ, % Үлес  сал. %
Ауыл шаруашы-лығының жалпы өнімі, барлығы, о,і: 10679,0 104,6 100,0 12939,0 104,0 100,0 12064,6 103,0 100,0
– өсімдік шаруашылығы 5175,7 103,6 48,4 6477,8 103,1 50,1 6616,1 129,4 54,8
– мал шаруашылығы 5474,5 105,6 51,3 6396,6 105,0 49,9 5437,0 120,0 45,2

 

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауыл шаруашылығында өндiрiлген өнiм ағымдағы бағалармен есептегенде 12 064,6 млн. теңгенi құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,5 %-ды құрады (2019 ж. – 9 605,3 млн. теңге, 101 %). Оның ішінде:

– Егін шаруашылығы – 6616,1 мың теңге (129,4 %).

– Мал шаруашылығы – 5437,0 мың теңге (120,0 %).

 

Егін шаруашылығы

Көктемгі дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің дайындық барысы қалыпты деңгейде жүргізілуде. Ағымдағы жылы егістік алқап көлемін 21128,0 гектарға жеткізу жоспарланған. Былтырғы жылмен салыстырғанда 836,0 гектарға (104,1%) артып отыр.

Сонымен қатар, 13345,0 гектар жер сүдігер (келер жылы көктемде себілетін немесе отырғызылатын жаздық дақылдар үшін осы жылғы жаздың екінші жартысында немесе күзде жүргізілітен топырақты негізгі өңдеу) жыртылды. Осыған байланысты, ағымдағы жылы 1011,0 гектар көктемгі жер жырту жоспарланған. Жаздық арпаны 4600,0 гектарға (2019 жылы 4587,7 га, 100,3%), дәндік жүгеріні 1000,0 гектарға (2019 жылы 985,3 га, 101,5%), мақсарыны 7220,0 (2019 жылы 7100,3 га 101,7%), картоп 40,0 гектар (2019 жылы 40,0 га, 100,0%), көкеніс дақылдары 230,0 гектар (2019 жылы 224,0 га, 102,7%), бақша дақылдары 310,0 гектар (2019 жылы 305,0 га, 101,6%), жаңадан себілетін көпжылдық шөптер 859,0 гектар (2019 ж. 850,0 га, 101,1%), оның алдыңғы жылдардағы көпжылдық шөптер – 3719,0 гектар (2019 ж. 3684,8 га, 100,9%), және 1486,9 га (2019 ж. 2000,0 га, 74,3%) сүр көтеру жоспарланған.

Бүгінгі күнге 5 158,0 гектар жаздық арпа орылды. Әр гектардан орташа өнімділігі 20,1 центнерден өнім алынды. Жалпы жиналған өнім көлемі 10368,4 тонна. 3577,0 гектар күздік бидайдың соңғы орылып, 7 016,2 тонна өнім жиналды. Мақсары дақылын және дәндік жүгері дақылдарын жинау жұмыстары қыркүйек айының 1 декадасында басталды.

Көкөніс және бақша дақылдарын жинау тамыз айынан басталды. Бүгінгі күнге 269,0 гектар көкеніс дақылдары жиналып, 6 752,0 тонна көкөніс аудан халқының тұтынуына пайдаланылуда, сонымен қатар 355,0 гектар бақша дақылдары толықтай жиналып, 8 804,0 тонна қауын мен қарбыз 50-130 теңге аралығында сатылды.

2020 жылы шаруалар тарапынан 888,0 тонна минералды тыңайтқыш алынып, 6 350,0 гектар алқап тыңайтылды. Ағымдағы жылы 900,0 тонна минералды тыңайтқыш алу жоспарланса, бүгінгі күнге 37 шаруалар             1 825,3 тонна минералды тыңайтқыш алуға келісім-шарт жасады. Оның ішінде бүгінгі күнге 979,0 тоннасы алынып, 7 450,0 гектар жер тыңайтылды. Минералды тыңайтқыш алу жоспары толығымен орындалды.

Ауыл шаруашылығы техникалары

Ауыл шаруашылығы техникаларының жаңару жоспары – жалпы техника санының 10,0 % (66 дана техника). Бүгінгі күнге 327,3 млн. теңгеге 77 дана техника (2 комбайн, 12 дөнгелекті трактор, 19 басқа қосалқы құрылғылар мен 44 тіркеме (вагон-дом для проживания) алынды.

Мал шаруашылығы

Ауданда 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек  айларында мүйізді ірі қара –       22 607 басқа, қой-ешкі – 218 540 басқа, жылқы – 7 801 басқа, түйе –             2 570 басқа, құс – 23 159 басқа жеткізілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақытысымен салыстырғанда мүйізді ірі қара – 1 823 басқа, жылқы – 1 174 басқа, түйе – 448 басқа артты.

МІҚ аналық басымен селекциялық асылдандыру жұмыстарын жұмыстарын жүргізу бойынша аудан көлемінде 53 шаруа қожалық 3 616 МІҚ аналық басымен асылдандыру жұмыстарын жүргізіп, субсидия алуға өтініш берген. Бекітілген жоспар 3 800 МІҚ аналық басымен асылдандыру жүргізу. Жоспардың орындалуы 95,1 %.

Қозы етін экспорттау бойынша биылғы жылға бекітілген жоспар –     180 тонна. Жыл басынан бері ауданнан «Мерке Ет комбинаты» ЖШС-не 1 610 бас қозы (29,3 тн) өткізілді. Жоспардың орындалуы 16,3 %.

Биылғы жылы бордақылау алаңына 1 193 бас бұқашық өткізу жоспарланған болса, жыл басынан бері ауданнан 77 бұқашық өткізілді. Жоспардың орандалуы 6,4 %.

 

Мал басы динамикасы, мың бас

Кесте 4

Көрсеткіштер өлшем бірлігі 2018 жыл 2019 жыл 2020 жыл 9 ай
Ірі қара мал бас 19318 20479 22607
жылқы бас 6290 6631 7801
түйе бас 2111 2164 2570
қой-ешкі бас 222600 206127 218540
құс бас 21600 22368 23519

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Ауылшаруашылығы

·  Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу өндірісін тұрақты дамыту үшін қолайлы ауа-райы жағдайлары;

·  Табиғи шабындықтары мен жайлаулары бар ауылшаруашылық жерлерінің болуы;

 

 

 

 

Ауылшаруашылығы

· Механикаландырудың төмен деңгейі және ауылшаруашылық техникасы ескіруінің жоғары деңгейі;

· Суару инфрақұрылымының ескіруі, суармалы жерлер алқабының азаюы;

· Инфрақұрылымдық объектілердің тапшылығы (мал соятын пункттер мен көкөніс сақтайтын қоймалар);

·     Малдың 90% жуығы жеке қосалқы шаруашылықтардың үлесінде.

·     кепілдік капиталдың болмауына байланысты екінші деңгейдегі банктердің ауыл шаруашылығын төмен несиелеуі.

Мүмкіндіктер Қауіптер
Ауылшаруашылығы

·        Мал табынындағы өнімділігі жоғары асыл тұқымды малдың үлесін ұлғайту;

·        Ауылдық несиелік серіктестіктер мен ауылдық тұтыну кооперативтерінің желісін кеңейту.

 

 

 

 

 

Ауылшаруашылығы

·  Ауыл шаруашылығында қаржылық және технологиялық мүмкіндіктері шектеулі жеке қосалқы шаруашылықтар (әсіресе мал шаруашылығында) үлесі басым, бұл саланың дамуына, жаңа технологияларды ендіруге кері әсер етеді;

·  Нашар кепілдік базаға байланысты ауыл халқын кредиттеу проблемалары, халықтың ауылдық кооперация және тетіктері мәселелері бойынша ақпараттануының төмен деңгейі.

 Саланың негізгі мәселелері:

– аудан ауыл шаруашылығы өсімінің дамуын тежейтін негізгі себеп – шаруашылықтардың ұсақ тауарлығы;

– көптеген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінде негізгі және айналымдағы қаржылардың жеткіліксіздігі;

– Мал шаруашылығына қатысты бағдармаларының әлеуетті қатысушыларында несиелерді кепілдік мүлікпен қамтамасыз ету проблемасының болуы. Кепілдікті қамтамасыз ету үшін ұсынылатын мүлік негізінен ауылдық жерлерде орналасқан, сондықтан өте төмен бағаланады.

– машина-трактор паркінің жеткіліксіз техникалық жарақтандырылу деңгейі, жаңа прогрессивтік технологиялардың әлсіз енгізілуі;

– ауылда білікті кадрлардың жеткіліксіздігі;

– еңбекті көп қажетсінетін үрдістердің әлсіз механикаландырылуы; ауыл шаруашылығы техникасының тозу деңгейінің жоғарылығы, мал шаруашылығында өнімділігі жоғары генетикалық материалдың және өсімдік шаруашылығында элиталық тұқымдардың төмен үлесі, мал шаруашылығы шикізатын даярлау, сақтау және бастапқы қайта өңдеу, көкөністі сақтау бойынша инфрақұрылымның болмауы;

– суару кезеңінде судың жеткіліксіздігі;

– сауда-логистикалық инфрақұрылымның дамымауы;

– отандық ауыл шаруашылығы өнімінің және оны қайта өңдеу өнімдерінің ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі.

1.3. Шағын және орта бизнес, сауда

Өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлік жолға қойылған экономикалық сала ретінде бағаланады. Шағын және орта бизнес халықтың жұмыспен қамтылуының айтарлықтай пайызын, тауарлар мен қызметтердің кең көлемді саласын қалыптастыруды, бюджетке салық түсімдерінің маңызды үлесін қамтамасыз етеді. Аудандағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму көрсеткіштері түсімдік динамикасына ие, бұл экономиканың осы саласының дамуының оңды үрдістерінен көрініс береді.

 2017-2019 жылдардағы шағын және орта кәсіпкерлік

көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы

1 кесте

         Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2017 жыл 2018 жыл 2019 жыл
Тіркелген субъектілер саны бірлік 2279 2357 2369
Жұмыс істейтіні бірлік 1799 1832 2198
Өндірілген өнім, көрсетілген қызмет көлемі  млн. теңге 6478,1 7800,0 5527,4
Жұмысшылар саны адам 5603 4822 5645

 

2020 жылдың 1 қазанына 3 277 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 160, жеке кәсіпкер – 2 328, шаруа қожалықтар саны – 789.

Тіркелген субъектілердің ішінде белсенділерінің саны 2 653 бірлікті құрап, яғни үлесі 80,9% артты.

2020 жылдың қаңтар-қазан қорытындысымен белсенділердің үлесі 82,1% артады деп күтілуде.

 Несиелендіру

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында:

  • екінші деңгейлі банктер арқылы несие алу үшін 35,0 млн теңгені құрайтын 3 жобаның құжаттары ұсынылды (Есқұлова Азиза – 5,0 млн.тг. –Халық банкі, Абилдаева Рахат – 15,0 млн.тг. ВТБ банкі, Кузекбаева А. – 15,0 млн тг ВТБ банкі). Соның ішінде бүгінгі күнге 1 жоба – 15,0 млн тг қол жеткізді, 1 жоба мақұлданды – 15,0 млн.тг шешімін күтуде. 1 жоба – 5,0 млн.тг банк қаржыландырудан бас тартты.
  • кепілдік беру тетігін бүгінгі күнге 2 – жоба 5,2 млн тг қолданып отыр. Жалпы кепілдік мөлшері жетпеген кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
  • қайтарымсыз гранттық қаражаттар үшін өтетін конкурсқа қатысуға ниет білдірген ауданнан 64 жобаның құжаты облыстық кәсіпкерлік басқармасына ұсынылып, (о.і. 35 жоба өндіріс, 19 жоба жылыжай, 1 жоба балық шаруашылығы, 2 жоба құс шаруашылығы, 7 жоба қызмет көрсету саласына бағытталған) 4 жоба 15 млн теңгеге мақұлданды.
  • инфрақұрылым тарту тетігі бойынша 3 жоба 758,1 млн теңгеге мақұлданып қаражатын күтуде (26,1 млн.тг «Шалқыма» ШҚ, «Асыл Тұз» ЖШС – темір жол тұйығын тарту, «КазЦемТрайдинг» ЖШС – электр энергиясын тарту).

Жаңатас қаласы кәсіпкерлерін нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясындағы несиелік қаражаттармен қамту бойынша:

Тараз қаласындағы Халық банкіне 51,7 млн теңгені құрайтын 5 жобаның құжаттары ұсынылған. Соның ішінен, бүгінгі күнге 1 жоба 6,2 млн тг қаржысын алды (А.Охабеков), 1 жоба 12,0 млн теңгеге мақұлданды (Г.Мутляпова), 3 жоба қаралып жатса (Е.Ташкеев, Ш.Абжаппарова, П.Ерубаев), табысы тойханадан болуына байланысты 14 млн теңгені құрайтын 1 жобаны қараудан бас тартты (А.Усербай-Аянхолл).

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы берілетін несиелік қаражатқа Жаңатас қаласынан бүгінгі күнгі 105 млн теңгені құрайтын 18 жобаның тізімі ұсынылған. Пысықтау және құжаттарын жинақтау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күнге толық құжатымен 82 млн тг құрайтын 12 жобаның құжаттары ұсынылса, о.і. 4 жоба 20,0 млн тг қол жеткізді.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша.

Бағдарлама аясында Агрокредиттік корпорациясы арқылы 3 жоба 76,0 млн теңгеге мақұлданып қаржысын алды. Бүгінгі күнге қосымша 15 млн тг құрйтын 1 жоба қарауға ұсынуға дайын (АКК қаржының таусылуына байланысты жобаны қабылдамады).

Қаржыландырылған 3 жоба:

  1. «Мұрагер 3» ШҚ – 15 млн тг – ірі қара малын алу;
  2. «Жантөре Саудакент» ЖШС – 11 млн тг – егін егу жобасы;
  3. «Жеңіс» ШҚ – 50 млн тг – ірі қара малын алу.

 

Сауда

Ішкі сауда бөлшек және көтерме сауда тауар айналымдарынан құралады.

2017-2019 жылдары бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 28,3 %-ға артқан.

 

2016-2018 жылдардағы бөлшек сауда тауар айналымы, млн.теңге

 

Атауы Өлш. бір. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж.
Аудандағы  бөлшек сауда айналымы млн. теңге 1392,7 1570,0 1787,0
Аудандағы бөлшек сауда айналымының НКИ % 117,2 105,7 107,6

 

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы қорытындысы бойынша бөлшек сауда тауар айналымы 1 млрд. 162 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 96,5 %-ға орындалды (2019 ж. – 1131 млн. тг.,109,0 %).

Себеп – бөлшек сауда бойынша есеп тапсыратын кәсіпорын «Аянат» ЖШС-гі  ағымдағы жылы  5 жылға жұмысын уақытша тоқтатып, нөлдік есеп тапсырып отыр. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін 3 жылға салықтан босатылу жеңілдігін пайдалану мақсатында                     ЖК «Сарыпбекова» жеке кәсіпкерлігі аясында жұмыс жасауда. Сонымен қатар орын алып отырған төтенше жағдай (карантин) бөлшек сауда тауар айналымының төмендеуіне әсерін берген.

 

Көтерме сауда

2017-2019 жылдары көтерме сауда тауар айналымында төмен көрсеткіш қалыптасып, 6,8 млрд. теңгеден 3,2 млрд. 900,5 млн. теңгеге дейін жетті.

Себебі, аудандағы көтерме сауданың негізін құраушы – «Жарас» ЖШС-нің өнімдерін тасымалдаушы компания – «Блиц-Продукт» ЖШС 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында өз жұмыстарын уақытша тоқтатып, облыстық және республикалық деңгейде өтетін статистикалық есептілік бойынша іріктеуге қатыспаған (енгізілмей қалған). Жыл ішінде бұл кәсіпорын қайта тіркеліп есептіліктерін тапсырды, дегенмен арада өткен уақыттағы есептіліктері кемшілік болып тұр.

2016-2019 жылдардағы көтерме сауда тауар айналымы, млн.теңге

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы көтерме сауда тауар айналымы 2 млрд.083 млн. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен    салыстырғанда 98,4 %-ға орындалды (2019 ж. – 1 951,9 млн. тг, 28,2 %).

 Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Шағын және орта кәсіпкерлік

·     «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде бизнесті қаржылай қолдау;

·  Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде  моноқалалардағы ШОБ қолдау шаралары;

·  «өңірде ауыл кәсіпкерлігінің белсенді дамуы;

·  ірі бизнес пен ШОБ арасындағы серіктестік бағдарламасы;

·  ШОБ үшін әкімшілік кедергілерді болдырмау бойынша әкімдіктің жүйелі жұмыстары;

·  сауда көлемі дамуының және халықты жұмыспен қамтудың оң динамикасы;

·  әлеуметтік-маңызы бар тауарларға бөлшек сауда бағасы мониторингінің қалыптасқан жүйесі;

Шағын және орта кәсіпкерлік

·     ШОБ субъектілерінде жеке айналым қаражатының, кепілзаттық мүліктің жеткіліксіздігі;

·     аймақтағы ШОБ өкілдерінің кооперациясының және мамандандырылуының жеткіліксіздігі;

·     бөлшек сауда бойынша заңнамада кемшіліктер, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерде заманауи терминологиялардың болмауы;

·     көліктік-логистикалық орталықтарының болмауы, «ауылдық жер» байланысындағы логистикалық мәселе;

·     айналым қаражатының тапшылығы, сауда кәсіпорындарының және желілерінің жоғары борыштық жүктемесі;

·     кәсіпкерлердің теориялық және тәжірибелік әлсіз дайындықтары, білікті мамандардың жетіспеушілігі, оның ішінде сауда саласында.

·     өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттігінің төмендігі;

Мүмкіндіктер Қауіптер
Шағын және орта кәсіпкерлік

·  Шағын кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту.

 

Сауда

·  Халыққа көрсетілетін қызметтер номенклатурасын кеңейту және қызметтердің заманауи түрлерін дамыту;

·  Қызметтер саласының экономиканы дамытудағы ролі мен орнын толық ауқымда зерттеу кәсіпкерлердің осы салаға назар аударуын арттырып, аудан экономикасының сервистік-технологиялық дамуының алғышарттарын қалыптастыруға мүмкіндік берген болар еді.

Шағын және орта кәсіпкерлік

·  Бизнестің жабылуы және банкроттыққа ұшырауы, жаңа өндіріс ашуда кәсіпкерлік бастаманың төмендеуі, қолданыстағы өндірістің әртараптануы;

Сауда

·  Көрсетілген қызметтер көлемдерінің қысқаруы;

·  Қызмет көрсету саласына заманауи технологияларды ендірудің төмен деңгейі.

 

 

Саланың негізгі мәселелері:

ШОБ-та: субъектілердің басым бөлігінде өз инвестициялық және айналымдағы қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы; банктер ШОБ субъектілерінің кепілдікке қабілеттілігінің төмендігінен займдар бойынша пайыздық ставканы ұлғайту арқылы тәуекелділік құнын кредиттерге ауыстыруға мәжбүр; шағын бизнес үшін инженерлік-техникалық жұмысшы мамандықтар саласындағы білікті кадрлардың тапшылығы.

Саудада: бөлшек сауда кәсіпорындары қауымдастықтары жанындағы сату орталықтарының, тұтыну кооперативтерінің, ірі тәуелсіз супер және гипермаркеттердің жоқтығы; «ауылдық жер-қала» байланысына қажетті көлік-логистикалық орталықтардың болмауы; алаңдарды жалға алудың жоғары ставкалары, логистика және сақтау шығындары бүкіл сауда жүйесінің жалпы тиімсіздігін және бәсекеге қабілетсіздігін айқындайды; айналымдағы қаражаттың тапшылығы; сауда секторында топ-менеджменттің тапшылығы.

 

БАҒЫТ 2: ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

 

2.1. Білім беру

Аудан бойынша білім бөліміне қарасты 27 мектеп бар (22 орта, 4 негізгі,1 бастауыш)онда 556 сыныпта 9209 оқушы білім алуда.

(2019-2020 оқу жылымен салыстырғанда 330 оқушыға көбейген, 2019 жылы 547 сынып, 8879 оқушы).

27 мектептің 17 типтік, 10 ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан.

Қосымша білім беру мекемесі – 9 (1 балалар мен жасөспірімдер орталығы, 1 балалар шығармашылық орталығы, 3 өнер мектебі, 1 саз мектебі, 1 техникалық шығармашылық орталығы, 2 аула клубы). Қамтылған оқушылар саны 3657, қамтылу үлесі 39,7%.

100 балаға арналған Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс жасауда, ондағы педагогтардың саны-14.

Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтамасыз ету үшін 11 балабақша 14 шағын орталық жұмыс жасауда. Ондағы 2320 бала қамтылуда.

Апатты және үш аусымды мектептер жоқ.

Жалпы білім саласын қаржыландыруға 2020 жылға 7 млрд 683 млн 551 мың теңге бөлініп, игерілуде. Республикалық бюджеттен 1 млрд 185 млн 522 мың теңге, жергілікті бюджеттен 6 млрд 498 млн 029 мың теңге.

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқу

Сарысу  ауданында  мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтылған 25  мекеме бар. Ондағы 11(5қ /6а) балабақшада 1780 бала (1216қ/564а), 14 (4қ /10а) шағын орталықтарда 540 бала (251қ/289а),  барлығы 2320  (қала 1467 – 63,2%, ауыл  853- 36,7 %) бала тәрбиеленуде.

Балабақшалардың 5-і типтік ғимаратта, 6-ы ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан Жалпы са­нындағы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы орындардың үлесі, 7,9% (Саин б/б -110, Еңлік ш/о-80, барлығы 190 бала)

Жан басына шаққанда қаржыландыру 93 673 – 16 535 теңге аралығында, ата ана жарнасы қала балабақшалары 8000 теңге, ауыл – 6000 теңге, шағын орталықтар -5500 теңге

Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі:

1-6   жас  аралығында  (2320 бала) – 93,8% (обл 86%)

3-6   жас  аралығында  (1372 бала) – 100%  (обл 100%)

1-6 жас кезекте турған бала саны-200 бала

Үш балабақшаның («Айгүл», «Балдырған», «Ақбота») мектепалды даярлық сыныптарында 75 бала тәрбиеленуде.

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру педагогтар  саны – 338

Оның ішінде: жоғары білімдісі – 230 (68 %), арнаулы орта – 108(31,9%)

Жоғары санаттысы – 24 (7,1%), І санатты – 72 (21,3%), екінші санатты – 100 (29,5%), санатсыз – 142 (42,0%). Жоғары және бірінші санатты педагогтар саны – 96 (28,4%).

Индикаторлық көрсеткішке сәйкес мектепке дейінгі кәсіптік білімі бар педагогтар үлесі – 60,5% (158 педагог)Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасында облыстық көрсеткіш 63%;

Барлық 2320 тәрбиеленушінің бүгінгі күні ата-аналардың өтініші бойынша 24 мекеме (10 б/б мен 14 ш/о)  78 кезекші топқа 1095 баланы (94%) қамтып отыр. Онда 413 кіші қызметкерлер мен 273 педагог жұмыс істеуде.

(Жайлаукөл, С.Сейфуллин, Аубакиров мектептеріндегі шағын орталықта кезекші топқа 15 баладан 45 бала қамтылуда)

 

Орта білім беру 

Аудандағы 27 мектепте 9209 оқушы білім алуда. Оқу процесі 2 форматта жүргізілуде.

  1. 5085 оқушы дәстүрлі форматта білім алуда 55,2% (шағын жинақты 18 мектепте 1973 оқушы, қашықтықтан жұмыс жасайтын 9 мектепте бастауыш 1-4 сыныптардың 247 кезекші топқа 3112 оқушы мектепке келіп дәстүрлі түрде білім алуда)
  2. Қашақтықтан оқылатын 9 мектепе 4124 оқушы қашықтықтан білім алуда 44,8%.

Қашықтан оқыту кезінде Daryn.onlinе, «Bilim Land»,WhatsApp,  Telegram, Классрум,  электронды пошта және басқа да мессенджерлер пайдаланылуда.

Аудандағы 27 мектептің барлығы «Daryn online» cайтына енгізілді. Жалпы  қолданушы оқушылар  9198, мұғалімдер-1209.

«Bilim Land» білім беру платформасына ауданның барлық мектебі онлайн режимінде жұмыс жасайды. Жалпы 1191 аккаунт берілген.

Аталған платформаларды қолдану үшін жергілікті бюджеттен 3 млн 329 мың теңге бөлініп, игерілді.

 

Аудан бойынша мектептерде -1296 мұғалім (жоғарғы білімдісі – 1177 (90,8%),

арнаулы орта – 119 (9,1%).

күндізгі оқу бөлімінде- 498 (38,4 %)

сырттай оқу 798 (61,5%) бөлімінде оқыған.

2018 жылы 254 педагог-қызметкер ұлттық біліктілік тестілеуге өтініш білдірген, оның 131 (51,5 %) педагог тесттен өтті.

2019 жылдың мамыр айында 509 педагог-қызметкер ұлттық біліктілік тестілеуге өтуге өтініш білдіріп, 285 (55,9 %) өтті.

2020 жылы 289 педагог-қызметкер ұлттық біліктілік тестілеуге өтініш білдірген, оның ішінде 162 мұғалім тестке барып 63 (38,8 %) педагог тесттен өтті,  пандемияға байланысты ұлттық біліктілік тестілеу тоқтатылған болатын. Ағымдағы жылдың 127 мұғалім тестке баруда.

Қазіргі танда: шебер – 9 (0,8%), зерттеуші 158 (15), сарапшы – 197 (18,7%), модертор – 99(9,4%).

 

Қосымша білім беру мекемелері

9 қосымша білім беру мекемесі – 3657 оқушы қамтылған, қамтылу үлесі 39,7%. ҚР Білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2020 жылға жоспарланған межелі көрсеткіштің сәйкес үлесі толық орындалды. Білім беру мекемелерінде 210 мұғалім, жоғары білімдісі – 151(71,9%), жоғары категориялы-43(20,4%), І категориялы -60(28,5%), ІІ категориясы бар-46(21,9%), санатсыз – 61(29 %) педагог.Сонымен қатар қосымша білім беру мекемелеріне 13 дана тепловизор таратылып берілді.

 

Педагог кадрлар

2020 жылы аудан бойынша барлығы 1858 педагог жұмыс атқаруда.

жоғарғы білімдісі – 1569 (84,4%), арнаулы орта – 289 (15,6%).

күндізгі оқу бөлімінде- 723 (39 %), сырттай оқу 1135 (61%) бөлімінде оқыған.

Педагог-шебер – 9, педагог-зерттеуші – 158, педагог-сарапшы – 197, педагог-модератор – 99, жоғарғы категориялы-234, І категориялы – 343, ІІ категориялы – 321, санатсыз -497 педагог.

 

Кадр жетіспеушілігі         

2020-2021 оқу жылы аудан мектептерге 20 маманға сұраныс берілді:

(3-физика, 12-Орыс тілі мен әдебиеті, 3-математика, 2-химия).

Қазіргі танда барлық бос орындар зейнеткерлер мен қосалқы мұғалімдермен жабылуда. Маман тапшылығына байланысты 12 зейнет жастағы мұғалім (ауыл-4 , қала -7 ) еңбек шарты негізінде жұмысқа тартылды.

2018-2019 оқу жылында ауданда 38 жас маман қабылданған.

2019-2020 оқу жылында 49 жас маман қабылданды. Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша 32 маман тартылған (көтерме жәрдемақы алғандар – 14, тұрғын үйге несие алғандар – 5)

2020-2021 оқу жылы ауданға 17 жас маман қабылданды. Дипломмен ауылға бағдарламасымен 13 маман тартылған (бүгінгі күнге әзірге көмек көрсетілмеген)

 

ҰБТ қорытындысы

2019- 2020 оқу жылының Ұлттық бірыңғай тестілеуге 273 мектеп бітірушінің 249-і өтініш білдіріп, қатысу көрсеткіші-91,2 %. (өткен жылы – 77,5%). ҰБТ барысында 4 түлек тиым салынған заттарды пайдаланғаны үшін аудиториядан шығарылды.

Аудан бойынша ҰБТ-дегі орташа балл 66,4 % құрады, өткен оқу жылымен салыстырғанда 14,2 пайызға төмен көрсеткіш көрсетті. (2019 жыл – 80,6 орта балл)

100-ден жоғары балл алған мектеп бітірушілер саны-19 ( 2019 жылы -30)

«Алтын белгі» төсбелгісі иегерлері-11, оның ішінде 100-123 балл аралығында алғаны-8, 100 балдан төмен алғаны-3.

«Үздік аттестат» иегерлері-9, оның ішінде 104-90 балл алғаны-3, 85-79 балл алғаны-5, 52 балл алғаны-1. /Ш.Датқа ом/

Аудан бойынша ең жоғары көрсеткіш 125 Адамбаев орта мектебінен.

 

Түлектердің орналасуы:

Жалпы ЖОО-на орналасқаны-234, оның ішінде гранты-109, АОО-на орналасқаны-32, оның ішінде гранты-17,орналаспағаны-7. /оның ішінде 2-уі жұмыс жасайды, 2-еуі әскерге,2-еуі денсаулығына,1-уі отбасы жағдайына/

«Серпін» бағдарламасы бойынша 2018-2019 оқу жылында 3 оқушы грант иегері атанса, 2019-2020 оқу жылында аталған бағдарлама бойынша оқуға түскен оқушылар жоқ.

 

 

 

 

Интернет

Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты 27 мектептер ішкі сымсыз «Wі-Fі»мен жарақтандырылып.

2020 жылға интернет қызметімен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталында ашық конкурс тәсілімен хабарландыру жарияланған. Хабарландырудың техникалық ерекшелігінде интернет жылдамдығы қаладағы 5 мектепте кемінде 50 Мегабит/секунд, ауылдық округтардағы 22 мектепте кемінде 10 Мегабит/секунд болуы керек депкөрсетілген. Конкурстың қорытындысы бойынша

«Транстелеком» АҚ  3 мектеп 50 Мегабит/секунд  «Тех Сервис» 2 мектепті 70 Мегабит/секунд және «Транстелеком» АҚ-ның диллері болып табылатын ЖК «Абдраимов» 22 мектеп 10 Мегабит/секунд келісім шарт жасалынды.

Кәзіргі тандан барлық 27 мектепте Интернет қызметі өз қалыпында жұмыс істеп тұр. 2020 жылға Интернет желісімен қамтамасыз етуге жергілікт бюджеттен  31  млн. 46,0 мың теңге құрайды

 

Жаңа модификациялық кабинеттер

Аудандағы барлық 27 мектептер  71 заманауи модификациялық кабинетпен жабдықталған, оның 4-і  26 000,0 мың теңгеге 2020 жылы алынды. Қамтылу үлесі 65,7% құрады. (химия кабинеті 18 (66,6%), ЛМК кабинеті – 17 (62,9%), биология кабинеті – 18 (66,6%)), физика кабинеті – 18 (66,6%))

2019 жылы 10 дана модификациялық кабинет  сатып алуға 68 150,0 мың теңге бөлініп игерілді.

 

Робототехника

Қазіргі таңда жалпы аудан бойынша 17 (62,9%) мектеп робототехника кабинеттерімен жабдықталған. Оның ішінде 3 данасы 2020 жылы 19 500,0 мың теңгеге сатып алынды. Мектепте робототехника үйірмелеріне барлығы 2710 оқушы, 30,5% қамтылды.

 

ІТ(айти)-сынып

Ауданда 7 мектепте   ІТ-сынып  жұмыс жасауда. Оның ішінде 2020 жылы 3 дана ІТ сынып сатып алуға 24 000,0 мың теңге бөлініп, игерілді.

2020-2021 оқу жылында 8 мұғалім 4 мектепте 240 (6,7%) оқушы үйірмеге қамтылған. (2019 жылы 27 745,0 мың теңгеге 3 мектепке алынған)

 

Құрылыс, апатты, үш ауысымды             

Ауданда апатты және үш ауысымды мектептер жоқ.

1) Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты 1 мектепке «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша157 527,0 мың теңге бөлініп Ақтоғай ауылындағы Ақтоғай орта мектебі ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2) «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша79 874,0 мың теңге бөлініп Жаңаталап ауылындағы Жаңаталап орта мектебі ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Күрделі жөндеу жұмыстарды уақтылы тапсырмаған үшін мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз жолданды.

Спорт зал

Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты 27 жалпы білім беретін мектеп бар. Оның ішінде 5 мектепте спорт зал жоқ (Жанаталап ом, Донда сенбин ом, Үшбас,Үшарал негізгі мектептері, Көкдала бастауыш мектебі). Жаңаталап орта мектебі жанынан спорт зал құрылысы салыну жоспарланған. Аудандық құрылыс бөлімі тарапынан 990,0 мың теңгеге ЖСҚ дайындалды және 380,0 мың теңгеге сараптама қорытындысынан өткізілуде.

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Білім беру

·      мектепке дейінгі мекемелер санының жыл сайынғы өсуі;

·      оқушылардың республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларда, конкурстарда, ғылыми жобалар байқауында жоғары нәтижелері;

·      ТжКБ жұмысқа орналасқан түлектері санының өсуі.

·  Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының желісін кеңейту;

 

 

Білім беру

· Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында орын тапшылығы сақталуда;

· Ауданның мектепке дейінгі балалар ұйымдарының спорт залдармен, жүзу бассейндерімен, музыкалық сабақтар өткізетін залдармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, тиісті жабдықтар (асханалық) мен құрал-саймандардың ескіруі;

· Күрделі жөндеуді қажет ететін мектептер үлесінің артуы;

· Ауылдық елді мекендерде кең жолақты Интернет желісіне қолжетімділіктің жеткіліксіздігі;

· Техникалық және кәсіптік білім беру объектілері ғимараттарының ескіруі;

· Арнайы пәндер оқытушыларының тапшылығы.

Мүмкіндіктер Қауіптер
Білім беру

·    Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтуды 100%-ға жеткізу мақсатында бюджеттік және жеке қаржыландыруды кеңейту;

·    Жас мамандарды мектепке дейінгі білім беру саласына тарту және қолдау;

·     Мектеп оқушыларының санын 1 компьютерге 1-2 балаға дейін келетіндей етіп азайту, кең жолақты Интернетке қосылуын 100% жеткізу мақсатында жұмыстарды дамыту;

·     Мектептерді ыңғайландырылған жайларда орналастыру дағдысын жою, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау мақсатында шаралар қабылдау;

·    Жас педагог кадрлардың өз ісіне шынай берілуін және ауылдық жердегі елді мекенге орнығуын ынталандыру;

·    Білікті кадрлардың ауылдық аудандардағы кәсіптік білім беру жүйесіне ағылуын ынталандыру;

Білім беру

·  Мектепке дейінгі білім беру саласын мемлекеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі және жоқтығы жаңа мектепке дейінгі балалар ұйымдарын салуда жеке сектор бастамасының жоқтығы;

·  Облыстық және жергілікті бюджеттерден бөлініп отырған бюджеттік қаржылардың шектеулігі салдарынан аудандағы мектепке дейінгі балалар мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нашарлауда, атап айтқанда бірқатар мектепке дейінгі балалар мекемелерінде спорт залдары, жүзу бассейндері, саз залдары, ыстық су жоқ, бұл балалардың денсаулығын нығайту және олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау мүмкіндігін төмендетеді;

·  Ауылдық жерлердегі ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептер үлесін сақтау салдарынан жаңа мектептер салу шығыстарын қаржыландырудың жеткіліксіздігі;

·  Колледждегі өндірістік оқу шеберлері жалақысының төмендігі, олардың кәсіптік білім беру жүйесінен кетуі оқу процесінің сапасының және оқушылардың практикалық тәжірибені меңгеруінің төмендеуіне әсер етуде, бұл кезегіне қарай бітірушілердің еңбек нарығындағы қажеттілігіне кері әсерін тигізеді.

 

2.2. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

Ауданның еңбек нарығының негізгі индикаторларының серпінін талдауында жұмыспен қамтылған халық санының өсуі байқалады.

Ауданда 2017-2019 жылдары «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының аясында тұрақты жұмыс орындарына 4 159, қоғамдық жұмыстарға 1 230 жұмыссыз, әлеуметтік жұмыс орындарына 377 жұмыссыз, жастар практикасына 477 жас және қысқа мерзімді оқуға 902 азамат, бизнес бастау кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарына 510 және несие алғандар 182 азаматты құрады.

2017 жылы ауданда 633 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындары – 531, уақытша жұмыс орындары – 102.

2018 жылы 408  жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындары – 370, уақытша жұмыс орындары – 38.

2019 жылы 1 237 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындары – 820, уақытша жұмыс орындары – 417.

Жаңадан құрылған жұмыс орындарының динамикасына сәйкес жаңадан құрылған жұмыс орындары 2017 жылмен салыстырғанда 2019 жылы 2 есеге артып отыр, оның ішінде тұрақты 1,5 есе, уақытша – 4,1 есе.

Осы атқарылған іс-шаралар барысында халықтың тұрмыс деңгейі көтеріліп, 2016-2018 жылдары жұмыссыздық деңгейі 4,4 – 4,5 % деңгейінде қалыптасып отыр.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында бүгінгі күнге жұмыс сұрап өтініш білдіргендердің саны – 2 809 азамат, оның ішінде ауыл тұрғындары  – 2 157 адам.

Жыл ішінде белсенді шаралармен қамтылған азаматтардың саны 3662, оның ішінде:

  • тұрақты жұмыспен қамтылғандары – 1 151
  • қоғамдық жұмысқа жолданғандар – 970
  • жол картасы аясында орналасқандар – 551
  • әлеуметтік жұмыс орындары – 136
  • жастар практикасы – 260
  • қысқа мерзімдік кәсіптік оқыту – 131
  • мемлекеттік грант – 296
  • шағын несие алғандар – 23
  • «Бастау бизнес» кәсіпкерлікке оқыту – 144.

Есепті кезеңде 935 жұмыссыз азамат есепте тұр. Оның ішінде ауыл тұрғыны – 737 адам.

І-Бағыт: Техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету.

2020 жылы 131 азаматты қысқа мерзімдік кәсіптік оқыту жоспарланып, 39 495,0 мың. теңге қаржы қаралды.

Бүгінгі күнге 131 азаматтың барлығы қысқа мерзімді оқуға жолданып, қаралған қаржы толығымен игерілді. Оның ішінде «Бағыт-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 11 азамат жүк көлік жүргізушісі, 15 азамат тырнақ шебері, 15 азамат дәнекерлеуші, 15 адам слесарь мамандықтары бойынша, «Эльба» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 15 адам азпазшы мамандығы бойынша, «Агрони» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 15 адам тігінші және 15 адам наубайшы мамандықтары бойынша, «Эко Блок» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 15 адам шаштараз мамандығы бойынша және «Әулие-Ата» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 15 адам массажист мамандығы бойынша жолданып, оқуларын аяқтады.

ІІ-Бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

2020 жылы ауылға 29 азаматқа 92 400,0 мың теңге шағын несие беру жоспарланған.

Несие алуға жолдама алғандардың қатарынан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қоры арқылы мал шаруашылығына 72 азамат жолдама алды, оның ішінен 25 адам несие алды (2 азамат 2019 жылғы қаржы есебінен). Игерілген қаржы – 91 000,0 мың теңге. Басқа азаматтардың жолдамалары қаралуда.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру бойынша 2020 жылғы кешенді жоспар – 487 адам, қаралған қаржы 265,3 млн. тенге. Бүгінгі күнде 296 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант беріліп, қаралған қаржы толығымен игерілді. Грант алғандардың ішінен 50 азамат мемлекеттік кірістер басқармасына жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп және 246 адам бірыңғай жиынтық төлем төлеу арқылы жұмыстарын жүргізуде.

ІІІ-Бағыт: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту .

Әлеуметтік жұмыс орындарына 2020 жылғы жоспар – 80 адам, қаралған қаржы 21,1 млн. теңге. Бүгінгі күнге республикалық бюджеттен 136 адам жолданып, 13,1 млн. теңге қаржы игерілді.  Бағдарлама бойынша жұмысын аяқтағандар 52 адам болса, оның ішінде тұрақты жұмыспен қамтылғаны 44 адам.

Жастар практикасын ұйымдастыру бойынша жоспар – 240 адам. Қаралған қаржы – 111,3 млн. теңге. Бүгінгі күнге 260 жас маман жолданып, 66,8 млн. теңге қаржы игерілді. Жастар практикасын аяқтағандар –            14496 азамат, оның ішінде 125 жас маман тұрақты жұмыспен қамтылды.

Қоғамдық жұмысты ұйымдастыру бағытында 2020 жылға       313,9 млн. теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда 970 азамат жолданып,  146,1 млн. теңге қаржы игерілді.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек

Жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмекке 680 отбасының өтініштері қабылданып, 625 отбасына (3 354 адам) тағайындалды. Оның ішінде шартты ақшалай көмек 496 отбасына, шартсыз атаулы әлеуметтік көмек 129 отбасына тағайындалған. 55 отбасына  әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылды (учаскелік комиссияның актісі, қорытындысы немесе күнкөріс деңгейін отбасына шаққанда кедейшілік шегінен асуына байланысты).

Шартты ақшалай көмек алушылардың ішінен жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылғандары 207 адам.

  1. Тұрақты жұмысқа – 89 адам
  2. Қоғамдық жұмысқа – 49 адам
  3. Әлеуметтік жұмыс орындарына – 21 адам
  4. Мемлекеттік грант – 42 адам
  5. Жастар практикасына – 4 адам
  6. Кәсіптік оқуға – 2 адам.

 

Әлеуметтік бағдарламалар

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 7 067 адамға 345,5 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер көрсетілді.

І. Әлеуметтік бағдарламалар бойынша:

– Ауылдық елді мекендерде тұрып жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының  мамандарына  отын сатып алу үшін – 11 288,0 мың теңге қаржы қаралған. Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша 1 267 маманға 10,5 млн. теңге қаржы жеке шоттарына аударылды.

– Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек бойынша жыл басынан бері 625 аз қамтылған отбасындағы 3 354 адамға 189,5 млн. теңге төленді. Кепілдендірілген әлеуметтік пакенттер ұсыну үшін 1-3 және 3-6 жас аралығындағы барлығы 613 баланың тізімі жасалып, «Магнум» ЖШС-мен жасалған келісім шартқа сәйкес 35,7 млн. теңге аванстық төлем жүргізілді.

–  Тұрғын үй жәрдемақысына 271 отбасының 1 003 адамына 2 150,0 мың теңге төленді;

– Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарындағы 297 адамға 23,1 млн. теңге төленді.

ІІ. Ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмектер бойынша қаралған қаржы барлығы – 46 132,0 мың теңге. Оның ішінде есепті мерзімде:

– үйде оқитын 65 отбасындағы 69 мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыруға 2 149,1 мың теңге төленді;

– үйде арнаулы қызмет көрсету жағдайында барлығы 156 адамға (мүмкіндігі шектеулі 34 бала, 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар 11 бала, жалғыз басты 111 қарт, оның ішінде 3 мүгедек) 20 күтім жөніндегі қызметкер қызмет көрсетіп, оларға 30,3 млн. теңге төленді;

– Жүріп-тұруы қиын 1-ші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызмет көрсетуіне есепті мерзімде жұмсалғаны 17,7 млн. теңге. Бұл көмек түрімен 89 адам (53 тірек-қимыл аппараты бұзылғандар, 23 көзі нашар көретіндер) қамтылды.

– Қызмет көрсетуші «Молодежное общество инвалидов» мүгедектер қоғамы арқылы есту қабілеті төмен 7 мүмкіндігі шектеулі азаматқа әлеуметтік қызмет көрсеткен ымдау тілі маманына 1 352,5 мың теңге төленді;

– 166 адам міндетті гигиеналық құралдармен және қосымша компенсаторлық құралдармен қамтамасыз етіліп, 23,9 млн. теңге игерілді;

– Мүгедектерге инватакси қызметін көрсетуге 11 645,0 мың теңге қаралып, есепті мерзімде 9 000,0 мың теңгесі игерілді. Айына орта есеппен 46 мүгедектен 115 шақыртулар келіп түсті.

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

·     Жұмыссыздардың, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және аз қамтылғандардың шағын несие алуға үлкен сұранысы;

·     мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету;

·     сауықтыру шараларын жүргізу үшін және мүгедек балалардың денсаулық сапасын жақсарту үшін ең соңғы технологиялармен жабдықталған сауықтыру орталақтарының желілері кеңеюде;

·     «Өрлеу» пилоттық жобасын жүзеге асыру;

·     атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының төмендеуі;

·     өндірістік жарақаттану деңгейінің азаюы;

бақылау және түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде еңбек заңнамаларының бұзылу фактілері төмендеген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

·     Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесінің жоғарылығы;

·     жұмыс күшінің біліктілігінің төмендігі;

·     тұрақты жұмыс орындарының болмауы, әсіресе ауылда;

·     ауылдағы кедейшілікті және жұмыссыздықты оқшаулау;

·     өліммен аяқталатын жағдайлардан зардап шегушілердің артуы;

·     қабылданып жатқан шараларға қарамастан жоспарлы тексерістердің санын азайту аясында еңбек құқығының бұзылғаны байқалуда.

 

Мүмкіндіктер Қауіптер
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

·     Жастар тәжірибесімен қамтамасыз ету;

·     әлеуметтік қызмет және арнайы қызметтерді көрсету мекемелерінің жүйесін кеңейту;

·     ауылда кәсіпкерлік бастамасының дамуына ықпал ету;

·     медициналық-әлеуметтік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту.

·     материалдық шығынды талап етпейтін ұйымдық сипаты бар қайғылы оқиғалардың себептерін жою;

кең ауқымды тұрақты жұмыстарды жүргізу есебінен еңбек заңнамасының бұзылу деректері азайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

·     Шағын несие беруге қаржыландыруға қаражаттың жетіспеушілігі;

·     жастар тәжірибесін өткеннен кейін тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасу барысындағы қиындықтары.

 

 

Саланың негізгі мәселелері:

– еңбек нарағындағы сұраныс пен ұсыныстың арасындағы теңсіздік сақталуда, дәрігерлер, мұғалімдер, монтажниктер, газоэлектросварщиктер, электриктер, ауыр жүк машинасын жүргізушілер барынша қажет мамандықтар болып табылады;

– өз бетінше жұмыспен қамтылғандар және уақытша жұмысқа орналастырылғандардың жоғары үлесі, әсіресе ауылдық жерлерде;

– жастарды жұмысқа орналастырудың төмен деңгейі;

– жұмыс күші біліктілігінің төмендігі.

– өмір сүру деңгейінен төмен халықтың үлесінің жоғарылығы;

– атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санындағы өз бетінше жұмыспен қамтығандардың үлесінің жоғарылығы;

– атаулы әлеуметтік көмек алушылардың және мемлекеттік балалар жәрдемақысы жұмыспен қамтуға ықпал етудің белсенді шараларына қатысуға тілек білдірмеуі;

– жұмысқа орналасу мәселесі өзекті болып тұрған кедейшіліктен шығу бойынша белсенді шаралардың тиімділігінің төмендігі.

– ауданда қозғалуы қиын мүгедектер үшін ыңғайластырылған қоғамдық көліктің жоқтығы;

– мүгедектерді жұмысқа орналастыру проблемасы;

– үкіметтік емес секторда мүгедектерді арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтудың төмен деңгейі;

– әлеуметтік маңызды нысандардың ішінара бейімделуі, қолжетімділік тек пандустар салумен ғана шектеледі.

 

2.3.  Мәдениет

Бүгінде аудан көлеміндегі мәдениет саласында 45 мәдениет нысаны және бір «Зерде» бейнемобилі халыққа қызмет атқарады. Оның 17 ауылдық клубтар, 2 мәдениет үйі, 1 аудандық орталық кітапхана, 3 қалалық, 22 ауылдық кітапхана. Сонымен қатар аудандық музей мен аудандық мұрағат жұмыс істейді.

Осы аталған мәдениет нысандарында барлығы – 220-ға жуық қызметкер жұмыс жасайды.

Жыл басынан бері мәдениет саласында барлығы 12,0 мың адам қатысқан 922 мәдени іс-шаралар өткізілді, оның ішінде ауылдық жерде 716 іс-шара, қатысушылар саны – 77,4 мың адам.

Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі есепті кезеңде 1828 іс-шара өткізді (бұл оқырмандар конференциясы, дөңгелек үстелдер, кездесулер кеші, сұрақ-жауаптар кеші, әдеби-музыкалық кештер, танымдық сағаттары, кітап көрмелері және т.б).

Кітап қорының жалпы саны – 432758 дана, мемлекеттік тілде – 233284 дана, жаңа  түскен әдебиеттер саны -4486дана,  мемлекеттік тілде  – 4126 дана, кітап берілімі -376382дана,мемлекеттік тілде-316651,оқырман саны- 23805адам, келім   саны -208500адам.

Кітапханалар «КАБИС» және «РАБИС» бағдарламасымен жұмыс атқарады. Енгізілген дерекқор -440759 дана, оның ішінде-8001 мерзімді басылымдар.

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Мәдениет

·  Отандық мәдениет өніміне сұраныс дәрежесінің жоспарлы өсуі байқалады;

·  Мәдениет саласында жаңа ақпараттық технологияларды ендіру арқылы халықтың мәдени құндылықтарға қолайлы осы заманғы форматта қол жетімділігі кеңейтілген.

Мәдениет

· Мәдени мекемелер желісінің дамуындағы теңсіздіктерге байланысты аудан халқының мәдени ұйымдар қызметіне қолжетімділігінің бірдей еместігі;

· Саланың нашар материалдық-техникалық базасы және білікті кадрлардың тапшылығы;

Мүмкіндіктер Қауіптер
Мәдениет

·  Ауданның тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дамыту;

 

Мәдениет

·  Табиғи-ауа райы жағдайларының тарихи-мәдени мұра объектілеріне келеңсіз әсері;

·  Мәдениет мекемелері қызметтері құнының өсімі;

·  Саладан білікті мамандардың кетуі.

 

Саланың негізгі мәселелері:

  • мәдени қызметкерлерді даярлау орталықтарының болмауы. Маркетингті және арт-менеджментті игерген жаңа үлгідегі басқарушы кадрлардың, шығармашылық көшбасшылардың тапшылығы проблемасы шешуді қажет етеді.
  • ауылдық елді мекендердегі мәдениет мекемелері желілерінің жеткіліксіздігі, атап айтқанда Түркістан ауылдық клуб үйі әкімшілік ғимаратта орналасқан;
  • ауылдарда білікті мамандардың жеткіліксіздігі және ауылдық жерлердегі жұмыстың тартымсыздығы;
  • мәдениет мекемелерінің материалдық – техникалық базасының дамымауы, атап айтқанда ауылдық клуб үйлерінде музыкалық күшейткіш аппаратуралар жоқ.

 

Дене шынықтыру және спорт

Ауданда 181 спорт нысан. Жеке меншік стадион 1 Жаңатас қаласында, Жаңатас қаласындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 1 спорт кешені бар, спорт алаңша – 110 оның ішінде Жаңатас қаласында – 32, футбол алаңы – 26 оның ішінде Жаңатас қаласында – 6, спорт зал – 30 оның ішіде Жаңатас қаласында – 12, орнатылған спорт зал – 13 оның ішінде Жаңатас қаласында – 4.

Бұқаралық спортты дамытуүшін 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қортындысы бойынша ауданымызда өткізілген спорттық іс-шаралар:

Ұлттық спорт түрлеріннен өткізілген іс-шаралар

Жыл басынан өткізілді – 3

Оның ішінде ауылдық аймақтарда – 1

Жыл басынан қамтылған адамдар – 120

Саламатты өмір салты туралы (бұқаралық спорттық іс-шаралар).

Жыл басынан өткізілді – 25

Оның ішінде ауылдық аймақтарда – 5

Жыл басынан қамтылған адамдар – 1756

Оның ішінде ауылдық округтерден – 650

Кешенді спорттық іс-шаралар (спартакиадалар).

Жыл басынан өткізілді – 2

Жыл басынан қамтылған адамдар – 801

Жоғарғы жетістіктер (қаңтар-қыркүйек айы):

Балалар мен жасөспірімдер жалпы санына қатысты 7 мен 18 жас аралығында балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді қамту ауданда 2020 жылдың алты айы бойынша жалпы аудан мектептерінде оқушылар саны 9209 баланы құрайды. Оның ішінде 7 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылар саны – 8267. Осы оқушылардың ішіндегі спорт мектептерінде  дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатыны 2636 баланы немесе  31,8 пайызды құрайды.

 

Аудан бойынша 14-29 жас аралығындағы жастар саны – 9545. Оның ішінде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушы жастар

саны – 4869 (51 %).

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айы аралығында спорт түрлерінен Сарысу ауданы құрама командасының жетістіктері. (Медаль саны)

қ/с

Іс-шаралар

деңгейі

Алтын

(саны)

Күміс

(саны)

Қола

(саны)

Барлығы
1 Халықаралық

(чемпионат, турнир) жарыстар

3 1 4 8
2 Республикалық (чемпионат, бірінішілік, турнир) жарыстар 7 6 5 18
3 Облыстық (чемпионат, бірінішілік, турнир) жарыстар 34 32 50 116
Барлығы: 44 39 59 142

 

Тұрғындардың спорт нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында елді мекендерде тұрғындарды қабылдау мүмкіндігіне қарай бөлім тарапынан талдау жұмыстары жүргізіліп, 181 спорт нысаны белгіленді. Оларда аудан тұрғындары тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануы үшін кесте жасалды. Соның ішінде Жаңатас қаласы бойынша – 59, ауылдық округтерде – 122 нысан.

2020 жылдың ІІІ-тоқсаны бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушы тұрғындар  31,5 %  (13997 адам) құрады.

 Спорт мектептері бойынша.

БЖСМ 2020 жыл

ІІІ-тоқсаны бойынша

Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі балалар-жасөспірімдер спорт мектептер саны 5
Штат саны: 216
Барлық БЖСМ оқушылар саны 2636 оқушы
Спорт түрлерінің саны 20

(футбол, баскетбол, волейбол, шахмат, дойбы, бокс, каратэ-до, дзю-до, грек-рим, самбо, үстел теннисі, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, қол күресі, джуи джитсу)

Бөлімшелер саны 157
Оқытушы-жаттықтырушылар саны: 88
Жоғарғы дәрежелі оқытушы-жаттықтырушылар 5
І дәрежелі оқытушы-жаттықтырушылар 4
ІІ дәрежелі оқытушы-жаттықтырушылар 28
Қазақстан Республикасының аумағында біліктілігін қайта даярлау курсынан өткен оқытушы-жаттықтырушылар

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Дене шынықтыру және спорт

·  Бірінші кезекте сұраныс жағынан дене шынықтыру кіші секторының күшті жақтарына оқушылар мен білімгерлер санының өсіп отырғандығын жатқызуға болады, бұл демографиялық келеңсіздіктің аяқталуының салдары.

 

Дене шынықтыру және спорт

· Мектептердегі спорт объектілері мен спорт алаңдарының (спорт залдары, киім шешетін жерлер, спорт алаңқайлары) созылмалы жеткіліксіздігі, сондай-ақ құрал-саймандардың айтарлықтай жеткіліксіздігі;

· Сондай-ақ елеулі кемшілігі – ауылдық елді мекендерде спорт бойынша нұсқаушы-әдіскерлердің жетіспеушілігі.

Мүмкіндіктер Қауіптер
Дене шынықтыру және спорт

·  Спорт мектептері мен спорттық секциялардың айтарлықтай жетіспеушілігінен осындай ұйымдардың қызметіне қанағаттандырылмаған сұраныс. Бұдан басқа балалар мен жастардың өсіп отырған саны бұқаралық спортты дамытудың мүмкіндігі болып табылады, бұл алда сұраныстың өсетінін көрсетеді;

Дене шынықтыру және спорт

·  Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, халықтың дене шынықтыру белсенділігі әдетте әл-ауқатының жақсаруына қарай төмендейді.

 

 

Саланың негізгі мәселелері:

  • спорттық ғимараттардың басым көпшілігі техникалық пайдалану жөніндегі жетілдірілген нормативтер мен талаптарға, халықаралық регламенттерге және жарыстар мен оқу-жаттығу процесін өткізу ережелеріне сәйкес келмеуі.
  • заманауи талаптарға жауап беретін ғылыми базаның болмауы;
  • спорт саласында білікті мамандардың жетіспеуі.

 

2.4. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп.

Қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды есепке алу мен тіркеудің толықтығын қамтамасыз ету, қылмыстың объективті статистикалық мәліметтеріне қол жеткізу және оларды нақтырақ көрініске келтіру қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу рәсімдерінің ашықтығын, сондай-ақ оларды шешудің жеделдігін арттыруға мүмкіндік берді.

Жергілікті әкімдік тарапынан аудандық полиция бөліміне мүмкіндігінше көмек көрсетілуде.

Көлік қатынасын реттеу үшін үш көшенің қиылыстарына жаңа бағдаршамдар орнатылды. Мүгедектер үшін жол белгілері мен дыбыс, жарық сигналдарын орнатылған.

Барлық учаскелік полиция қызметкерлеріне ақылы қоғамдық қызмет есебінен көмекшілер берілген.

Барлық тірек пункттері жаңа компьютерлермен жабдықталған.

 

Қылмыс деңгейі

 

2020 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында жалпы 138 қылмыс тіркелді (2019  ж. – 180 қылмыс). Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қылмыс саны 42 қалмысқа төмендеген. Қылмыстың ашылу деңгейі 82,4 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,9 пайызға төмендеген (2019 жылы 84,3 %).

Жыл басынан бері аудан аумағында барлығы 11 жол көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 13 адам дене жарақаттарын алып, 2 адам қайтыс болған (2019 жылдың 9 айында аудан аумағында барлығы 16 жол көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 41 адам дене жарақаттарын алып, 3 адам қаза болған).

 

Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл

Жаңатас қаласында 4 мөлтек ауданда орналасқан 4-ші өрт бөлімшесі өрт қауіпсіздігі қызметін атқарады.

Қала аумағында 15 өрт сөндіру гидранттары бар. Жалпы су құбыры желісінің ұзақтығы 95,3 шақырым.

Дала алқаптарында жану оқиғаларын болдырмау мақсатында аудан аумағында ауылдық округтерде 159 адамнан құрайтын ерікті өрт сөндіру 18 жасақтары құрылған, 32 техника, оның ішінде 16 соқасы бар тракторлар, 188 сапалақ, 4 мотопомпа, 12 аспалы өрт сөндіргіштер дайындалды.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан, ерікті өрт сөндіру жасақтарына 100 дана камуфляж, 100 фонарик және 100 дана респиратор және 100 дана етік дайындалды.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан, барлық ауылдық округ әкімдеріне және «ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС, «Казфосфат» ЖШС филиалы және темір жол мекемелеріне жол бойындағы өртке қарсы жер жырту, билбордтарды орнату жөнінде хаттар хаттар жолданып, бұл жұмыстар толығымен аяқталды. Қазіргі уақытта, аудан бойынша 5 билборд және 4 тыйым салу белгілері орнатылды.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан «Қазақстан темір жолы» ҰҚ-жүк тасымалдау» Жамбыл бөлімшесінің бастығына, Жамбыл учаскесі бойынша жол қауіпсіздік департаментінің бас регионалдық ревизорына, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ Жамбыл магистралдық жүйесінің бөлімшесінің филиал директорына ескі тепловоздарды қолданыстан алу жөнінде хаттар берілді.

Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен қаржы қарастырылып, өртке қауіпті кезеңде орманды далалық алқаптарда ғарыш мониторингін жүргізу үшін «ГеоСат» ЖШС келісім жасалды.

Қиындық туғызатын мәселелер:

  1. 9 ауылдық округтарының әр қайсысына 20 данадан асылатын өрт сөндіру құралдарын /ранцевый огнетушитель/;
  2. Бір-бір соқадан және 5 дана 3 тонналық жылжымалы өрт сөндіру тіркемелер /автопоилка/;
  3. Әр ауылдық округтарға бір бір соқа алу жөнінде мәселелер туындап отыр.

 

Сарысу ауданында азаматтық қорғау міндеттерін шешуге шұғыл әрекет ету жасағы, азаматтық қорғау қызметтері, штаттық авариялық-құтқару құрамалары, аумақтық және объектілік құрамалары құрылған.

Азаматтық қорғауға қорғау баспаналар, басқару пункті, радиациялыққа қарсы баспаналар, радиациялық және химиялық приборлар мен құлақтандыру жүйелері жатады.

Сарысу ауданында 3 қорғау баспаналар орналасқан, олардың барлығы қанағаттанарлық жағдайда және «Қаратау» ТКӨК «Казфосфат» ЖШС филиалында орналасқан. Осы қорғау баспаналар арнайы тексеріліп, актілер жасалынды. Тексеру барысында 2 қорғау баспаналардың сыйымдылығы 1200-ден және 1 панахананың сыйымдылығы 300 адам сыйғызады.

Басқару пункт аудан әкімінің аппаратының жертөлесінде орналасқан. Пункт қажетті байланыс және интернет желісімен, құрал-саймандармен және жабдықтармен жабдықталған, бірақ, толық жабдықтау үшін қосымша қаражат қаралу қажет.

Жаңатас қаласында 87 көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелері радиациялыққа қарсы баспаналар болып саналады.

П-160 аппаратурасында құрастырылған және республикалық жүйемен ұштастырылған Автоматтандырылған орталықтан құлақтандыру жүйесі 1977 жылдан бері жауынгерлік кезекшілікке қойылған. АОҚЖ арқылы Сарысу ауданының мемлекеттік басқару органдарын, төтенше жағдайлар комиссия мүшелерін және халықты төтенше жағдайлар қаупі немесе пайда болуы туралы құлақтандыру және ақпараттандыру жүргізіледі.

Аудандық телекоммуникация торабында П-160 құлақтандыру аппаратурасы және циркулярлық шақыру тағаны орналасқан. Аудан орталықтан құлақтандыру үшін талап мөлшерлері бойынша 30 электрсиреналары қажет. Қазіргі уақытта жұмысқа жарамды 1 электросиренасы бар. Соның ішінде: Жаңатас қаласы бойынша 4 белгіленген (аудандық электр жүйелері мекемесі, орталық аурухана және С.Сейфуллин мектебінің ғимараттары), бары 1 (аудандық телекоммуникация торабы), ауылдық жерлердің елді мекендерінде 27 болуы керек, бары жоқ.

Бүгінгі күні аппаратураның тозуы 100% құрайды, запас бөліктері мен блоктарының болмауы жұмыс істеу қабілетіне әсер етеді және бүкіл жүйенің толық істен шығуына әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар, командалық оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау қызметтердің және шұғыл әрекет ету жасағының жеке қорғау құралдары (противогаздар) мен радиациялық және химиялық приборлар пайдалану мерзімдері өтіп кеткен.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау, және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 23 сәуірдегі №387 бұйрығы Азаматтық қорғау құрылымы құрылған мекеме басшысына Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамаларына сәйкес құралымды құруға, жабдықталуына және дайындықта ұстау жауапкершілігі жүктеледі.

Шұғыл әрекет ету жасағының құрамы – арнайы киімдермен, жеке басты қорғау құралымен және т.б. нормативтік Нұсқаулыққа сай өз базасында жарақтандырылады.

Шұғыл әрекет ету жасағының құрамы жасақталған базалық мекеме басшылары шұғыл әрекет ету жасағының құрамын құрал жабдықтар, саймандар, арнайы киімдер, керек-жарақтармен қамтамасыз етуге міндетті және олардың әрдайым дайын болуын қадағалау қажет.

Қиындық тұғызатын мәселелер:

  1. 1972 жылы шығарылған П-160 құлақтандыру аппаратурасы әбден ескірген, қосалқы заттары жоқ және қазіргі уақытта ондай қосалқы заттар шығарылмайды. Құлақтандыру сиренасы автоматты түрде қосылмайды, тек қана мәжбүрлі түрде қосылады. Құлақтандыру аппаратурасына 48Ү блок питаниясы алу немесе жаңалау қажет.
  2. Ауданда барлық жеке қорғану құралдарын тозығы жеткен себептерден толығымен кезең-кезеңімен сатып алу.

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Қоғамдық қауіпсіздік

·      Азаматтардың заңды мүдделерін, құқықтарын және еркіндігін қорғау бойынша жағдайлар жасау. Қылмыс жөніндегі барлық арыздар мен хабарламалардың толық тіркелуі және есепке алынуы;

·      ІІМ ұрлықтармен күресу бойынша ведомствалық бағдарламасын жүзеге асыру;

·      полиция қызметкерлерінің қызметтік және жауынгерлік дайындық деңгейін, жауынгерлік қабілеттілігін және кәсібилігін арттыру;

·      полиция «мектеп» инспекторларының институтын одан әрі дамыту.

 

Қоғамдық қауіпсіздік

· Қылмыс туралы барлық арыздарды және жүгінуді толық тіркеу және есепке алу негізінде полиция қызметкерлеріне жүктеме артты, бұдан ішкі істер органдарының негізгі қызметтерінде кәсіби мамандардың  жылыстауын және олардың тұрақтамауын алдын алады;

· ІІБ тіркеуде тұрған тұлғалардың ішінде отбасы-тұрмыстық  саласындағы құқық бұзушылық алдын алу бойынша шаралардың жетіспеушілігі;

· тұрмыстық маскүнемділік, алкоголизм және нашақорлықтың алдын алуының шешілмеуі;

· қиын тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды әлеуметтік бейімдеудің және сауықтырудың жеткіліксіз деңгейі;

· облыстың ішкі істер органдарының типтік әкімшілік ғимараттармен қамтамасыз етілмегендігі және қолданыстағыларын қайта құру қажеттілігі;

· қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейі және полиция бөлімшелерінің оқыту базасының болмауы;

балалардың бос уақытын ұйымдастыратын нысандардың, қайтарымсыз аула клубтарының, үйірмелердің, спорттық секциялардың жеткіліксіздігі.

Мүмкіндіктер Қауіптер
Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

·      Қылмыспен күресуде халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру;

·      ақпараттандыру жүйесі мен электрондық дерекқор базасын жетілдіру және құру;

·      құқық бұзушылардың және қылмыстардың санын өсуін ескерту бойынша заманауи шараларды қабылдау;

·      оңтайландырылған сотқа дейінгі істі қолдану саласын кеңейтудің қажеттілігі;

·      лаңкестік және экстремистік ұйымдардың мүшелерін анықтау және құрықтау, әкелім, діни-экстремистік әдебиетін және басқа заттарды тарату арналарын жабу шараларын жүргізу.

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

·      Бірыңғай экономикалық кеңістіктің аумағында Кедендік одақтың дамуымен қылмыстық топтастырулардың белсенді шоғырланудың қауіпі өсуде, халықаралық қылмыстық топтардың Қазақстан аумағын ауған героинінің транзиті және қылмыстық табыстарды жасыру үшін пайдаланудағы әрекеттерінің күшеюі.

·      Қазақстанмен шектес мемлекеттердің тұрақсыз қоғамдық-саяси ахуалы көші-қон ағындарының және олармен байланысты қылмыс өсіміне ықпал етеді;

·      дәстүрлі емес экстремистік ағымды білдіретін шетелдік миссионерлер мен діни бірлестіктердің қызметі;

 

Саланың негізгі мәселелері:

– мақсатты жедел-іздестіру іс-шараларының және қылмыстарды ашу бойынша арнайы операциялар санының жеткіліксіздігі;

– полиция бөлімшелерінің кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінің төмен деңгейі;

– аудандық мәндегі жолдарға көше-жол желілеріне қызмет көрсететін жол-патрульдік полиция қызметкерлері санының жеткіліксіздігі;

 

 

 

БАҒЫТ 3: ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

 

3.1. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Аудан көлемінде 2017-2019 жылдары 37272 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде, 2017 жылы – 50 жеке тұрғын, 2018 жылы – 33 жеке тұрғын үй мен 1 коммуналдық көпқабатты тұрғын үй , 2019 47 жеке тұрғын үй  және  2 көпқабатты тұрғын үй.

 

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің

жалпы алаңы, мың шаршы метр

 

Ауданда 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жалпы алаңы      8 853,0 шаршы метр болатын 134 жеке тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда   107,7 пайызды құрады    (2019  ж. – 8 223,0 ш/м, 104,2 %).

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Құрылыс

·    Бастапқы құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілу: шағал тас, құм, топырақ;

·    Құрылыс материалдары өндірісінің өсуі;

·    Әлеуметтік сала объектілерін пайдалануға енгізу;

·    Мемлекеттік бюджеттен құрылысқа бөлінген қаржыларды мақсатты және толық игеру.

 

Құрылыс

· Халықтың төмен кірістері;

· Халықтың сатып алу қабілетінің төмендігіне байланысты азаматтардың тұрғын үйге қолжетімділігінің жеткіліксіз деңгейі;

· Елді мекендерге құрылыс салу бас жоспарларының жоқтығы ;

· Коммуналдық инфрақұрылымның жетімсіздігі;

· Ескірген құрылыс технологиялары;

· Халық пен құрылыс компанияларының үлестік құрылысқа дайын еместігі.

Мүмкіндіктер Қауіптер
Құрылыс

·  Пайдалануға енгізіліп отырған объектілерді инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.

 

Құрылыс

·  Елді мекендер бас жоспарларының бекітілуі мен қабылдануының кешеуілдеуі;

·  Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын әзірлеудің кешеуілдеуі;

·  Халықтың тұтыну қабілетінің төмендеуі.

 

Саланың негізгі мәселелері:

  • Жаңатас қаласының коммуналдық меншігіндегі бос тұрған көп қабатты үйлерді қалпына келтіру және қайта жаңғырту.

 

Су бұру және сумен жабдықтау.

Аудандағы 26 ауылдық елді мекендердің бүгінгі таңда 15 елді мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. 2020 жылдың соңында 3 елді мекенді (Жаңаталап, Ұйым, Игілік) сумен қамтамасыз ету құрылыстары аяқталып, нысандарды пайдалануға қабылдау жоспарлануда. 2020 қорытындысымен Сарысу ауданында 18 елді мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілетін болады немесе 72,0 пайызды құрайды.

Қазіргі таңда аудан бойынша 7 елді мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмеген. Елді-мекендерді 100 пайыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылға жер асты су қоры анықталған Шағалалы және Үшбас ауылдарын сумен қамтамасыз етудің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге облыстық бюджеттен қаржы бөлуге өтінім беру жоспарлануда. Сумен қамтамасыз ету іс-шара жоспары кезең-кезеңімен атқарылатын болады.

Ауылдық аймақтарды ауыз сумен қамтамасыз ететін «Сарысу сулары» кәсіпорнына аудандық бюджеттен 7,7 млн.теңге бөлініп, 5 елді мекеннің (Досбол, Жайылма, Жаңаарық, Маятас, Тогызкент) су жүйелерінің қызмет етуіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, Жайлаукөл ауылы ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен а.ж. мамыр айында 22,2 млн.теңге, қосымша қыркүйек айында 10,0 млн теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді.

Жалпы су құбыры жүйесінің ұзындығы 141 км, оның ішінде су жеткізетін құбыр 44 км, ішкі кварталдікі 97 км. Қаланың су жүйесі 1964-1967 жылдары тупикті жалғаспа вариантта, тұйықталмай соғылған. Техникалық орындалу жағынан тұтынушыларды тәулік бойы режимде шаруашылық, ауыз суымен қамтамасыз ете алмайды.

 

«ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫНЫҢ КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІН ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ ИМАРАТТАРЫН ҚАЙТА  ЖАҢҒЫРТУ

  1. 2013 жылы «Жаңатас қаласының кәріз желілерін және тазалау имараттарын қайта жаңғырту. Кәріз желілері» нысанының құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Нысанның сметалық құны – 1 697 380,7 мың теңге, кәріз желілерінің ұзындығы – 60,266 шақырым.

2013-2015 жылдары барлық игерілген қаржы – 1 455 032,7 мың теңге. Монтаждалған құбырлар – 58,0 шақырым.

Жобадағы жіберілген кемшіліктерді жою үшін жобаға түзету енгізу қажеттілігінен құрылыс-монтаж жұмыстары  уақытша тоқталып, 2016 жылы жобаға түзетулер жүрді. Нәтижесінде жобаның түзетілгеннен кейін нақты құнына 674 043,4 мың теңгеге жоғарылады.

«Сарысу ауданы Жаңатас қаласының кәріз желілерін және тазалау имараттарын қайта жаңғырту. Кәріз желілері. Түзету» нысанының жұмыстарын жалғастыруға 2018 жылға 425 700,0  мың теңге қаражат бөлініп толықтай игерілді. 2018 жылы нысан басында 9,6 шақырым кәріз құбыры салынып, 300 дана құдықша орнатылды сонымен қатар сметада қаралған 8500 м2 асфальт жабындысы төселінді, темір жол астымен кәріз құбырын өткізу, әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлерге кәріз желісін қосу, жеке сектордағы көшелерге кәріз желісін тарту жұмыстары жүргізілді.

2019 жылға 248 343,4 мың теңге қаражат қалып отыр. Бұл қаражатқа 6,0 шақырым кәріз желісі, 450 құдықша, 450 люк және құдықшаларға түсіп-шығатын темір сатылар орнатылды.

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Сумен қамтамасыз ету және су бөлу

·  Сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта жаңғыртуды қаржыландырудың өсуі.

 

Сумен қамтамасыз ету және су бөлу

· Тұрғын үй қорының орталықтандырылған сумен қамтамасыз етумен және су бөлумен төмен жарақтандырылуы;

· Ауылдық жерлерде сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілудің төмен деңгейі;

· Су құбырлары және кәріздік желілердің тозуының жоғары дәрежесі;

· Қалдық суларды биологиялық тазалау қондырғыларының жоқтығы;

· Тасымалдау кезінде суды айтарлықтай жоғалту;

· Инвестицияларға ықпал етпейтін сумен қамтамасыз етудің және су бөлудің төмен тарифтері.

Мүмкіндіктер Қауіптер
Сумен қамтамасыз ету және су бөлу

·  Жеткілікті қаржыландыра отырып ауданның барлық ауылдары мен аудан орталығы Жаңатас қаласын ауыз сумен сапалы қамтамасыз ету.

 

Сумен қамтамасыз ету және су бөлу

·  Сумен қамтамасыз ету желілері жағдайының одан әрі нашарлауы және су құбырлары ұзындығының азаюы салдарынан аудан халқының өмір сүру сапасының нашарлау қаупі өседі.

 

Саланың негізгі мәселелері:

-ауылдық жерлерде сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілудің төмен деңгейі.

 

Автомобиль жолдары

Аудан көлемінде облыстық маңызы бар 405,8 шақырым автомобиль жолдарының 139 шақырымы (34%) қанағаттанарлық-сыз жағдайда. Олар, Досбол-Шығанақ-Қамқалы-Жайлаукөл бағытындағы және Күйік-Қарабастау-Жаңатас-Саудакент бағытындағы, Тараз-Ақкөл-Саудакент-Жайылма-Түркістан облысы Құмкент ауылы шекарасына дейін.

IV-V категория 64,87 шқ аудандық мәні бар жолдар, оның 60,6 шақырымы (94%) қанағаттанарлық жағдайда.

Жалпы елді мекендер V-категория автомобиль көше жолдарының 60,2 шқ қала ішіне тиесілі болса, 128,6 шқ ауылдық елді мекендердің көше жолдары, барлығы 188,8 шақырым, оның 135,4 шқ қанағаттанарлық жағдайда, яғни       72,0 % құрап отыр.

2020 жылы аудан көлеміндегі көлік жолдарын орташа жөндеу бойынша:

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Республикалық бюджеттен 180,080 млн. теңге бөлініп аудан бойынша 8 елді мекендегі 8 көшеге (Бүркітбаев ауылындағы Түркістан көшесі-22 200,0 мың тг; Арыстанды ауылының жанындағы жолға қиыршық тас төсеу жұмыстары-16 млн. тг; Жаңаталап ауылындағы Садуақасов көшесін орташа жөндеу-25,0 млн. тг. Жайылма ауылындағы Серікбаев көшесін орташа жөндеу-36 260,0 мың тг. Қызылдихан ауылындағы Қызылдихан көшесін орташа жөндеу-31 789,0 мың тг. Ақтам елді-мекеніндегі Ақтам көшесін орташа жөндеу-9 531,0 мың тг. Әбілда ауылындағы Елімбай көшесін орташа жөндеу-26 644,0 мың тг. Майылкөл ауылындағы Майлыкөл көшесін орташа жөндеу-12 656,0 мың тг.), асфальт жабындысы салынды. Нысандардың мердігері «Югдострой» ЖШС, қазіргі таңда барлық нысандар пайдалануға қабылданды. Бағдарлама шеңберінде «Жұмыспен қамту орталығы» мекемесі арқылы аудан тұрғындарынан 22 адам жұмысқа тартылып, 85,0 мың  теңгеден айлық жалақылары төленді.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Республикалық және облыстық бюджеттен 347,638 млн. теңге қаржы бөлінді, оның 340,796 млн. теңгеге келісім шарт жасалынды. 6,886 млн. теңге үнемделді. Байқадам ауылдық округінен 19 көше, Жаңаталап ауылдық округі Ұйым ауылынан 1 көше жөнделді (барлығы 16,522 шақырым). Бағдарлама аясында 6 құрылыс компаниясы жұмыстар жүргізді. Нысандардын барлығы пайдалануға қабылданды.

Облыстық бюджеттен 50 пайызы, жергілікті бюджеттен 50 пайыз қаржысы, барлығы 50,0 млн. теңге бөлініп 6 елді-мекеннің (Әбілда, Ұйым, Игілік, Өндіріс, Маятас, Көкдала-1) кіре беріс жолдары жөнделді.

Аудандық бюджеттен 182,186 млн. теңге бөлініп Жаңатас қаласынан 11 көше (Рысқұлов, Тайманұлы, Әзербаев, Аяпов, Мұратбаев, Дүкенұлы, Бокин, Тоқтаров, Момышұлы, Молдағұлова, Оразбаева) Тоғызкент ауылынан 1 көше жөнделіп, пайдалануға қабылданды.

Жұмыстары аяқталған нысандарды пайдалануға қабылдау барысында мердігер мекемелерден жолдың сапасына (қалыңдығы, асфальттың құрамы, асфальттың тығыздығы т.б.) берілетін лабараториялық қорытындылары алынды.

2020 жылға аудан бойынша 33132 метр жол жөнделді. Сонымен қатар облыстық маңызы бар жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді (тапсырысшысы-Жол басқармасы). Бұл жұмыстардың мердігері «Сарысу жолдары» ЖШС. Атап айтқанда Бірлік-Мойынқұм-Ұланбем (300-271 шқ) орта жөндеу жұмыстар өткізілген болатын.

«Жұмыспен қамту жол қартасы» бағдарлама аясында   2021 жылға Көк-Дала 1, Жайлаукөл, Қамқалы, Шығанақ, Жаңатас-Түркістан кіре беріс жолдардың және Досбол, Тоғызкент ауылдардың орта жөндеу  жұмыстары жоспарланған (жалпы соммасы 541 млн теңге). 

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

 

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Жолдармен көлік

·  Қатты төсеніші бар автомобиль жолдарының жоғары үлес салмағы.

 

Жолдармен көлік

· Автожол төсенішінің нашар жағдайы;

· Жүк автокөлігі үшін сервистік инфрақұрылымның жоқтығы;

· Шалғай жатқан елді мекендермен автобус қатынасының жоқтығы;

· Көлік-логистикалық орталықтың жоқтығы.

Мүмкіндіктер Қауіптер
Жолдармен көлік

·      ішкі автобағыттарды ашу және жаңарту жолымен аудан тұрғындарына арналған барлық көлік түрлерінің бағыт желілерін кеңейту, ішкі теміржол қатынастарын субсидиялауды ұйымдастыру;

·      әлеуметтік маңызы бар облысішілік (ауданішілік) жолаушылар маршруттарын субсидиялау есебінен бағыт желілерін дамыту;

·      бәсекелестікті арттыру есебінен жалпы жүк айналымы мен жолаушылар айналымындағы  теміржол көліктерінің үлесін арттыру (сапа, сұрыпталым);

Жолдармен көлік

·      жанармайды сатып алу шығындары, инфляциямен салыстырғанда энерго тасымалдаушыларда ішкі бағаның өсуі мемлекеттік және жекеменшік тасымалдаушы мекемелердің ұсталымының ұлғаюына әкеліп соғады;

·      негізгі тасымалдаушылармен дамыту бағдарламаларының қысқаруы;

·      технологендік және экологиялық қауіп.

 

 

Саланың негізгі мәселелері:

  • ауыр жүкті автокөліктермен бұзылатын жол жабынының тасымалдау мүмкіндіктерінің жедел төмендеуі;
  • жалпы пайдаланымдағы жол бойындағы сервис жүйелерінің жеткіліксіз дамуы (кемпинг, эстакадтар, автокөлік тұрағы, мотельдер, шұғыл көмек көрсетілетін пункттер);
  • жол саласында білікті кадрлардың және инженерлерлік құрамының тапшылығы;
  • жобалық-сметалық құжаттамада зертханалық жұмыстарға қаржы қарастырылмауы зертханалық сараптамалар сапасына кері әсер етеді;
  • жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын жалға беруге мүмкіндік жасайтын құқықтық базаның болмауы;

 

Құрылыс және тұрғын үйді дамыту

Тұрғын үй қоры

Жаңатас қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің жалпы саны – 90, оның ішінде 24 үйге немесе 26,7 % күрделі жөндеуді талап етілді. 2011-2019 жылдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша 80,0 млн. теңгеге 6 үй, қайтарымды қаражат есебінен 5 үй, барлығы 11 үй жөнделді, нәтижесінде күрделі жөндеуді қажет ететін үйлердің үлесі 14,5- ға дейін төмендеді.

Жаңатас қаласы бойынша 10 кондоминиум объектілерін басқару органдары – пәтер иелері кооперативтері (ПИК) бар, 76 көпқабатты тұрғын үй кондоминиум нысаны ретінде Сарысу аудандық Әділет басқармасына тіркелген (13 тұрғын үй коммуналдық меншік есебінде, 1 тұрғын үй «ЕвроХим» ЖШС-нің тенгерімінде).

 

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы

·  Алмастырушы тауарлардың болмауынан коммуналдық қызметтерге деген сұраныс;

·  Коммуналдық қызметтердің сапасын және коммуналдық кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыруға арналған осы заманғы технологиялар мен жабдықтардың болуы.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы

· Халықтың жалпыүйлік аумақты басқарудағы белсенділігінің төмендігі (ПИК төмен үлесі), ПИК басқарушыларының кәсіби еместігі, ПИК жұмысының ашық еместігі, тұрғын үй қорының өте ескіруі;

· Халықтың төмен төлем қабілеттілігі;

· Үйлерді күрделі жөндеу үшін тұрғындарды кредиттеудің дамымауы.

Мүмкіндіктер Қауіптер
Тұрғын үй қорын басқару

·  Кондоминиумдар құру және ПИК-не ену;

·  Тұрғын үй қоры және коммуналдық қызметтер инфрақұрылымы жағдайының тұрақты жаңартылып отыратын мәліметтер базасын жасау.

Тұрғын үй қорын басқару

·              Халықта жалпыүйлік аумақтардың жағдайына, қалдықтарды жинау мен шығаруға жауапкершіліктің жоқтығы;

Тұрғын үй қорының істен шығу қарқынының жеделдеуі.

 

Саланың негізгі мәселелері:

  • тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдауға қарамастан ауданда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтар санының өсімі байқалады. Мұның себебі – халықтың көпшілігінде тұрғын үй сатып алуға қажетті қаражаттың болмауы. Сондай-ақ кезектің көбеюі халықтың ауылдардан қалаларға көшуімен және халық санының өсуімен байланысты орын алуда.
  • тұрғын үй құнының жоғарылығы жаппай тұрғын үй құрылысы өсімін тежейтін негізгі себептердің бірі болып табылады;
  • тұрғын үй құрылысы саласын дамыту үшін тұрғын үй құрылысына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар салуға қаржыландыру көлемдерін ұлғайту.

 

3.2 Экология және жер ресурстары

Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату.

Сарысу ауданында 25 елді мекен бар. Оның ішінде, 23 елді мекен тұрмыстық қатты қалдықтаржы шығару орнымен (полигонмен) қамтылған. Барлық полигон экологиялық және санитариялық талаптарға сай, қоршаған ортаға эмиссиялық рұқсаты бар, тиісті құжаттары рәсімделген.

Аудан бойынша 43927 тұрғынның барлығы қоқыс жинау және тасымалдау қызметімен 100 пайыз қамтылған.

Жаңатас қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруды   2020 жылғы қаңтар айынан бастап ЖК «Сәулет» жүзеге асыруда.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және шығару қызметін жүйелі түрде жүргізу үшін арнайы кесте бекітілген.

Қаладағы 32 арнайы орынға (площадка) орнатылған 128 контейнерден күнделікті және жеке секторда орналасқан 7 орыннан аптасына 1 рет тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылады.

Қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлердің саны – 12. Олар Жаңатас қаласы әкімі аппараты тарапынан қадағланады.

Жаңатас қаласы әкімі аппараты жарамсыз контейнерлерді жинап, оларды дәнекерлеп, сырлап, қайта қалыпқа келтіріп, ауыстырып отырады.

2019 жылы аудандық бюджеттен 960,0 мың теңге қарастырылып, тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған, металдан жасалған 30 бірлік контейнер сатып алынып, тозығы жеткен контейнер жаңартылды.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптап, кәдеге жаратуға өңдеуге жіберу үшін Жаңатас қаласындағы полигонда Жеке кәсіпкер «Жандарбек» өз қаражаты есебінен жұмысын бастады. 2020 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша жыл басынан 71,1 тонна қалдық сұрыпталды.

Сатып алынған «нығыздағыш аппаратты» іске қосу үшін электр қуатына жалғау жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар полиэтилендік пакет шығаратын және полиэтилендік қалдықтарды ұнтақтайтын жабдықтар сатып алуға тапсырыс берілген.

«Импери Эко Сервис»  ЖШС-гі тұрмыстық қатты қалдықтарды өндеу бойынша цех ашуға ниет білдіріп, ұйымдастыру және зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Жоспарында жаңа 10 жұмыс орнын ашу, қуаттылығы тәулігіне 3-5 тн қалдықтарды өңдеу көзделген.

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен жергілікті атқарушы органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тұрмыстық қатты қалдықтарын басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген.

Осы үш жылдық іс-шара жоспарына сәйкес полигондарда қоршау жұмыстарын жүргізу, ұңғымалар желісін ұйымдастыру, техникамен қамту, сұрыптау қондырғысын орнату жұмыстары кезең-кезеңімен орындалуда.

Аудандағы 23 полигонның бүгінгі таңда үшеуінің (Досбол, Шағалалы, У.Сыздықбайұлы) қоршауы бар. Ағымдағы жылы аудандық бюджеттен   18503.8 мың теңге бөлініп, 5 елді мекеннің (Жаңатас қаласы, Ә.Бүркітбаев, Ақтоғай, Саудакент, Жайылма ауылдары) полигондарына қоршай орнатылды. Қалған 15 полигонның қоршауына қаржы қарастырылып, кезең-кезеңімен орындалатын болады.

 

III. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1. 2016-2020 жылдарға арналған Сарысу ауданының негізгі даму бағыттары

 

Ауданның негізгі даму бағыттары өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларында.

Сарысу ауданы фосфор мен фосфор тыңайтқыштарын шығаруда басты орындардың бірінде.

Ауданда минералдық – шикізат ресурстарының болуы арқасында тау-кен өндіру, құрылыс материалдары өнеркәсібі дамуда.

Аудан өнеркәсібінің негізін «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені мен «ЕвроХим» ЖШС-і құрайды. Тау-кен өңдеуші кәсіпорын фосфор шикізатын өндірумен және оны ұсақтаумен айналысып, ауданда ғана емес, облысты тау-кен өңдеу саласының дамуын қамтамасыз етіп отыр.

Қаратау қойнауындағы фосфорлы шикізат базасының негізгі   артықшылықтары:

  • Жүздеген миллион тонна кені негізінен аса ірі   кен  орындарында  шоғырланған  орасан үлкен  қор;
  • Алынатын кен   құрамындағы Р2О5 пайдалы  бөлігінің   үлесі (21–25%) біршама   жоғары;
  • өнеркәсіптік тұрғыдан игеріліп, қалыптасқан өңірде, фосфор тыңайтқыштарының ірі тұтынушылары болып табылатын Қазақстанның  мақта   және   қант  қызылшасын   егумен  айналысатын  аудандары мен Орталық Азия елдеріне  жақын   орналасуы.

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің Жол картасында Жаңатас қаласында іске асырылуға жоспарланған «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС –нің құрғақ ұсақтау және бөлшектеу объектілері 2015 жылы 11 желтоқсанда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Телекөпір шеңберінде ашылды. Өндірілген өнімдер Ресей, Бельгия, Белорусия, Болгария, Литва мемлекеттеріне экспортқа шығарылуда.

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы орта мерзімді кезеңде ауыл шаруашылығы кешенін дамытудың негізі болып табылады.

Сарысу ауданында еркін бәсекені дамыту және нарыққа тауарлар мен қызметтерге бірдей қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы бизнестің экономикалық белсенділігін арттыру үшін жағдай жасалатын болады.

Көлік-коммуникациялық кешенді дамыту аудан орталықтары мен елді мекендер арасын сапалы көлік байланысымен қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және интеграциялаудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыс жалғасын табады.

Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі Бағдарламаны іске асыру шеңберінде  заманауи сауда орындарының санын және бөлшек сауда айналымының жалпы көлеміндегі олардың үлесін  арттыру бойынша жұмыс жалғасын табады, сондай-ақ олардың қызметін жақсарту бойынша жұмыс жүргізіледі.

Әлеуметтік саладағы жұмыс Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму тұжырымдамасында көзделген қағидаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Ауданның экологиялық жағдайын жақсарту үшін тұрмыстық қатты қалдықтар (бұдан әрі – ТҚҚ) полигондарының құрылысы бойынша шаралар жүргізілетін болады. Жыл сайын табиғи өрттермен күрес және атмосфераға стационарлы және жылжымалы көздерден негізгі залал заттарды шығаруды төмендету бойынша шаралар жүргізіледі.

3.2. Мақсаттар, мақсатты индикатор және олраға қол жеткізу жолдары

 

Бағыт: Экономика

3.2.1. Мақсат: Өнеркәсіп пен инвестициялар

 

р/с№ Нысаналы индикаторлар Өл. бір 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1 Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің нақты көлем индексі % 102,3 88,3 101,5 101,0 103,0 107,0 102,0 Ресми статистикалық деректер

 

2 Негізгі капиталға салынған инвестициялар % 132,2 39,4 102,0 102,5
Қол жеткізуге жауаптылар: Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

 

Қол жеткізу жолдары: 2016-2020 ж.ж.:

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің Жол картасында Жаңатас қаласында іске асырылуға жоспарланған «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС –нің құрғақ ұсақтау және бөлшектеу объектілері 2015 жылы 11 желтоқсанда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Телекөпір шеңберінде ашылды. Бұл кәсіпорын 2013 – 2016 жылдары 766,0 мың тонна кен, 227,5 мың тонна фосфор ұнтағын өндірді. Өндірілген өнімдер Ресей, Бельгия, Белорусия, Болгария, Литва мемлекеттеріне экспортқа шығарылды.

2016 жылы ІІ кезекте «Фосфаттарды қайта өндейтін химиялық кешеннің»  құрылысы басталды, құрылыс жұмыстары 2015-2018-2020 жылдары жүргізілетін болады. Жобаның құны – 950,0 млн. АҚШ доллары.

2018 жылдан бастап жылына кемінде 640 мың тонна фосфариттік ұнтақ өндірілетін болады. 2020 жылдан бастап жылына  2,8 млн тонна тауарлы өнім (оның ішінде минералды тыңайтқыштар 1,5 млн. тонна) өндіру жоспарлануда.

Сонымен қатар, өнеркәсіп өндірісінің өнім көлемінің ұлғаюына жұмыс жасап тұрған өндірістерді жетілдіру және қайта жаңғырту мақсатында бірнеше инвест жобаларды іске асыру жоспарлануда:

«Тараз көлік жолы» ЖШС-ның құм, қиыршық тас, құмды қоспа, оңтайлы қоспа асфальт-бетон өндіретін зауыт құрылысы. Зауыттың жобалық құны – 250,0 млн. теңге, ашылатын жаңа жұмыс орны – 50. Қуаттылығы жылына – 50 мың м3. Зауытқа Жаңатас қаласындағы    индустриялдық аумақтағы 5 га жер телімі 49 жылға жалға берілді.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында бюджеттен 55,8 млн. теңге бөлініп, зауытқа электр желілері тартылды. Өндірістік базада құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды.

Зауыт 2016 жылы 6,5 мың тонна асфальт өнімдері, 2017 жылдың          10 айында 7,0 мың тонна асфальт өнімдері өндірілді. 2015-2017 жылдары Электр желісінің жетіспеуіне байланысты, зауыт электр энергиясының баламалы көздерімен және сату нарығының жетіспеушілігімен жұмыс істеді. Өндірілген өнімдер ауданның және Оңтүстік Қазақстан облысының елді-мекенінінің жол жөндеу жұмыстарына қолданылуда. Қазіргі таңда зауытта 28 адам жұмыс істейді.

Өндірістік базада зауыт толық қуатқа шығу 2018 жылға жоспарлануда.

«Асыл тұз компаниясы» ЖШС – ас тұзын өндіру зауытының құрылысы. Зауыттың жобалық құны – 710,0 млн. теңге, 75 жаңа жұмыс орны ашылып, жылына 50,0 мың тонна ас тұзын даярлайтын болады.

– инвесторларға қызмет көрсетуді дамыту, өңірде мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту, инвестиция тарту жөнінде форумдар өткізу, ауыл шаруашылығын және химия өнеркәсібін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту, экономикалық басым секторларында зәкірлі инвесторлармен бірлескен кәсіпорындарды құру, индустриялық аймақтарды дамыту, индустриялық аймақтар қызметіне мониторинг және талдау.

Ауданға инвестиция тартуға жәрдемдесу, оның ішінде ИИД МБ, «Агробизнес – 2020» 2013-2020 жылдарға агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020», «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасының тетіктерін іске асыру арқылы.

– ауданның ауыл шаруашылық кешені мен өнеркәсіп саласын дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту;

– ауданның мал шаруашылығын дамыту үшін инвесторлар тарту (бордақылау алаңдары, сүтті-тауарлы фермалар, асыл тұқымды шаруашылық, т.б.);

– ылғал, суүнемдеу технологияларын қолдану арқылы егістік алқаптарын ұлғайту үшін инвесторлар тарту;

– семинарлар, кеңестер, форумдар шеңберінде, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қолданыстағы индустриалды-инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау тетіктері туралы хабарлау.

 

3.2.2. Мақсат: Агроөнеркәсіп кешені

р/с№ Нысаналы индикаторлар Өл. бір 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1 Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі % 101,9 107,4 102,0 102,1 102,2 103,5 104,0 ресми статистикалық

деректер

 

2 Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялардың нақты көлем индексі % 106,7 30,0 есе 117,0 130,0 50,0 70,0 100,0
Ұйымдасқан шаруашылықтар-дағы мүйізді ірі және ұсақ қара мал басының үлесі % МІҚ 17,4 16,6 31,9 33,9 35,6 36,7 36,9
3 %

ҰММ

31,7 28,7 46,3 47,5 48,2 49,2 52,2
Қол жеткізуге жауаптылар: Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі

Қол жеткізу жолдары  (2016-2020 жылдар):

  1. Көктемгі егіс және жинау жұмыстарын уақтылы жүргізу, егін егу кезеңінде іріктелген тұқымды пайдалану, минералды тыңайтқыштарды пайдаланатын егін алқаптарын кеңейту, бос пайдаланбай жатқан жерлер есебінен егіс алаңын кеңейту (ирригация, дренаж, мелиорация және басқа гидротехникалық іс-шаралар), ылғалды ресурсты үнемдеу технологиясын (оның ішінде тамшылатып суару, нөлдік технология және т.б.) пайдалану, көпжылдық көшеттерді тиімді пайдалану, көкөніс сақтау қоймасы және жылыжай құрылысын жүргізу бағыттарында жұмыстар атқарылатын болады.

Ылғал және ресурс сақтау технологияларын пайдалану тиімділігі туралы шаруашылық құрылымдарына түсіндіру жұмыстары әр ауылдарға барып жүргізілуде.

Алдағы уақытта аумағы 20 гектар болатын 4 интенсивтік алма бақтарын егіп, өсіру жоспарланып отыр.

  1. Мал шаруашылығының жалпы көлеміндегі ұйымдастырылған шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара және мүйізді ұсақ қара мал басының үлесін арттыру (жыл сайын 2-2,5%), асыл тұқымды мал шаруашылықтарының санын арттыру, қолдан ұрықтандыру пункттерін тиімді пайдалану, жеке сектордағы МІҚ малды қолдан ұрықтандырумен қамту пайызын арттыру, биязы жүнді, майлы ет бағытындағы қой шаруашылығының сапасын арттыру жұмыстарын жүргізу, қой шаруашылығы, жылқы және түйе шаруашылығын дамыту, ірі елді мекендерде бордақылау алаңдарын кеңейту және типтік мал сою пунктерінің құрылысын жүргізу, мемлекеттік бағдарламаларды («Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары) және ауыл шаруашылығын қолдау инструменттерін яғни республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген субсидияны тиімді пайдалану.

 

3.1.3 Мақсат:Шағын және орта бизнес, сауда

 

р/с№  Нысаналы индикаторлар Өл.

бір

2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1 Жұмыс істеп тұрған ШОБ тіркелгендер санындағы үлесі % 102 103,5 104,0 105,0 103,0 ресми статистикалық деректер
2 Бөлшек сауданың нақты көлем индексі % 194,1 154,5 73,1 73,7 75,2 77,4 77,8
Қол жеткізуге жауаптылар: Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, ауылдық округ әкімдері

Қол жеткізу жолдары (2016-2020 ж.ж.):

Ауданда еркін бәсекені дамыту және нарыққа тауарлар мен қызметтерге бірдей қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы бизнестің экономикалық белсенділігін арттыру үшін жағдай жасалатын болады.

Осы міндетті жүзеге асыру мақсатында:

– кәсіпкерлермен түсіндіру семинарларын, тренингтер, «дөңгелек үстелдер» өткізу, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін буклеттер мен әдістемелік құралдар шығару;

– «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру;

– «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» Бағдарламасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету;

– қаржылық даму институттарының қаражаты есебінен кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру;

– әдістемелік, құқықтық, ақпараттық-консалтингтік және бухгалтерлік қолдау көрсету, консультациялар беру жоспарлануда.

Сауда саласында:

– заманауи сауда нысандары алаңдарының санын және олардың бөлшек сауданың жалпы айналымындағы үлесін ұлғайтуды ынталандыру;

– базарларды техникалық жарақтандыру;

– базарлардағы сауданың ашықтығын арттыру.

 

2 Бағыт: Әлеуметтік сала

 

3.2.4 Мақсат: Білім беру

 

р/с№ Нысаналы индикаторлар өл. бір 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1 Жұмыс істеп тұрған аппаты және үш ауысымды мектептер саны бірлік 1 1 1 ведомстволық есептер
2 Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту % 90,3 90,4 91,3 92,9 99,0 100,0 100,0 ведомстволық есептер
Қол жеткізуге жауаптылар: Аудан әкімдігінің білім бөлімі

 

Қол жеткізу жолдары (2016-2020 жж.):

– апатты жағдайдағы мектептер, үш ауысымдық мектептер және орын тапшылығы бар мектептердің орнына  жаңа мектептер  салуды қамтамасыз ету;

– мектепке дейінгі білім мекемелерінің желісін демографиялық жағдайды және көші-қон үдерісін ескере отырып ұлғайту;

– мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының сапалық құрамын жақсарту және педагог кәсібінің беделін көтеру;

– жаңа форматтағы педагогтарды қалыптастыру үшін даярлау және қайта даярлаудың курстық жүйесі арқылы педагог мамандарының біліктілігін арттыру.

 

3.2.5 Мақсат:Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

 

р/с№ Нысаналы индикаторлар Өл. бір 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1 Атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың ішіндегі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар үлесі % 20,8 20,9 21,0 Ведомстволық есептер
2 Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің ішінен жұмысқа орналасқан мүмкіндіктері шектеулі адамдардың үлесі % 85,0 87,0
3 Мүгедектерге қол жетімділік қамтамасыз етілген әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің үлесі % 92,5 95,0 100,0
Қол жеткізуге жауаптылар: Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

 

Қол жеткізу жолдары  (2016-2020 жылдар):

– жұмыспен қамтуға ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысқан жағдайда жұмысқа жарамды табысы төмен азаматтарға  атаулы әлеуметтік көмек ұсыну;

– кәсіби даярлауға және қайта даярлауға жолдау арқылы халықтың нысаналы топтарының  еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ету;

– шартты ақшалай көмек бере отырып әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлеріне тарту.

– нысаналы топқа жататын азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасына жұмысқа орналастыру.

Жұмыспен қамтуға ықпал етудің әдістері мен тәсілдерін дамыту, оның ішінде еңбек нарығына бейімдеудің арнайы шараларын қажет ететін азаматтардың жеке санаттары үшін (жастар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар (мүгедектер) және басқалар үшін):

– аудан кәсіпорындары мен ұйымдарында жастар практикасы бағдарламасын ұйымдастыру мен кеңейту;

– халықты жұмыспен қамтуға ықпал етудің кешенді жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;

– еңбек нарығы сұранысына сәйкес біліктілігін өзгерту жұмыстарын жүргізу;

– нәтижесіз өз бетімен жұмыспен қамтылған халықты нәтижелі өз бетімен қамтылғандар санатына ауыстыру;

– бос орындар жәрмеңкесін тұрақты түрде өткізу;

– халықты еңбек нарығы жағдайы туралы хабардар ету;

– еңбек нарығында ақпараттық технологияларды дамыту;

– жеке кәсіпорындар, инвестициялық жобалар, салалар деңгейінде кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық қатынасты ұйымдастыру;

– мүмкіндігі және физикалық қозғалысы шектеулі тұлғаларды еңбек әрекетіне, оның ішінде жұмыспен қамтудың икемді түрлерін дамыту есебінен  интеграциялау.

– уәкiлеттi орган бекiткен тiзiмге сәйкес өңiрлiк еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық және кәсiби бiлiм мамандықтары бойынша азаматтарды кәсiптiк даярлау, қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру;

– қосымша жұмыс орындарын құру.

– әлеуметтік-маңызды нысандарды толығымен бейімдеуге бөлінетін қаражатты  ұлғайту;

– мүмкіндігі  шектеулі жандарға қажетті әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарын бейімдеу.

 

3.2.6 Мақсат: Мәдениет, спорт және туризм

р/с№ Нысаналы индикаторлар Өл. бір 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1 1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің (келу) орташа саны:  

 

 

 

 

 

 

Адам

840 541 544 547 550 ресми статистикалық деректер
2 кітапханаға 526,8 535,9 540,0 541 544,0 547,0 275,0
3 театрға *
4 концерттік ұйымдарға*
5 мұражайларға
6 Халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі 1000 адамға арнал. спорттық алаңдар саны 0 0 0 0 0 68,8 68,8 Ведомстволық есептер
7 Өткен жылмен салыстырғанда өңірдегі орналастыру орындары қызмет көрсеткен келушілер санының ұлғаюы  

 

 

 

%

111,0 56,0 ресми статистикалық деректер
Қол жеткізуге жауаптылар: Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, ауданы әкімдігінің кәсіпкерлі және өнеркәсіп бөлімі, ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі  

Қол жеткізу жолдары (2016-2020 ж.ж.):

– жаңа кітапханалар ашу, кітапхана жүйесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, электронды мәліметтер базасын құру, компьютермен қамтамасыз ету, ауылдық кітапханаларды Интернет желісіне қосу, танымдық және шығармашылық мақсаттарда электрондық құралдарды пайдалану, кітап қорын толықтыру,  жаңа кітапханалық жобаларға жастарды тарту, конференциялар, дөңгелек үстелдер, әдеби кештер және т.б. іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

– мәдениет мекемелерінің аясын кеңейту және материалдық-техникалық базасын күшейту;

– ауылды жерлерге мәдениет саласының білікті мамандарын тарту;

– спорт және дене шынықтыру-сауықтыру, кешендер, жасанды төсеніштері бар шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңшаларының құрылыстары.

– дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындар санын өсіру;

– халықтың барлық жастағы топтар арасында өткізілген түрлі бұқаралық-спорт шараларының санын арттыру;

–  халықтың дене шынықтыру мен спортқа қызығушылығын арттыру;

– жоғары кәсіби кадрлар мен жоғары класстағы спортшыларды спорт резервіне лайықты тәрбиелеу;

– ауылдық инфрақұрылымдарда спортпен айналысуға мүмкіндік жасау:  тұрғын үйлердің аулаларында, демалыс  саябақтарында және т.б. жалпы қолданыстағы қоғамдық орындарда қарапайым спорт нысандарының құрылысы;

– аудан көлемінде орналасқан тарихи ескерткіштер облыстық туристтік кластерге кіреді. Қазіргі таңда ауданда тіркелген қонақ үйлер, демалыс үйлері мен санаторлық-курорттық мекемелер жоқ. Алдағы жылдары бұл саланы дамытуға қажетті инвесторлар іздестіру бойынша жұмыстар атқарылатын болады.

 

3.2.7. Мақсат: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

 

р/с№ Нысаналы индикаторлар Өл. бір 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1  

10 000 тұрғынға шаққандағы қылмыстың деңгейі

% 60,0 57,0 62,4 49,5 ведомстволық есептер
2 Көшелерде жасалған                      қылмыстардың                 үлес салмағы

 

% 11,6 16,4 19,9 22,8 21,5 21,3 21,1
3 Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі % 11,0 11,0 11,6 23,0 27,0 33,0 39,0
Қол жеткізуге жауаптылар: Аудандық полиция бөлімі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі

 

Қол жеткізу жолдары  (2016-2020 жылдар):

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесідей іс-шаралар  іске асырылатын болады:

– жол қозғалысы қауіпсіздігіне шынайы қауіп төндіретін құқықбұзушылықтарды ескерту мен алдын алу;

– жол қозғалысына қатысушыларды, әсіресе жолаушылар көлігінің жүргізушілерінің  тәртібін нығайту;

– көлік құралдарының, жол жағдайларының қауіпсіздігі мен жай-күйіне және жүргізушілердің кәсіби дайындықтарына жол-патрульдік полициясының әсер ету тиімділігін арттыру;

– көлік құралдарының тіркелу процесін жетілдіру;

– жол қозғалысы ережесін бұзушылықты бақылау мен түсірудің техникалық құралдарын  жер-жерлерге енгізу;

– жол-патрульдік полициясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және  халықтың құрметі мен сенімін иелену;

– жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттау бойынша әлеуметтік роликтер жасау және ауылдық елді мекендерде, қалада билбордтар ілу, іс-шаралар өткізу;

Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың өмірі, денсаулығы, конституциялық құқығы мен бостандықтары қауіпсіздігінің қажетті  деңгейін қолдау  үшін келесідей негізгі  іс-шаралар  іске асырылатын болады:

– тәуліктік  стационарлық бекеттер, полицияның жылжымалы пункттері, жылжымалы полицейлік топтар, ЖБО мен кішігірім ЖБО желілерін жетілдіру есебінен көшелер мен бақа да қоғамдық орындарда құқық тәртібін қорғау тетіктерін жетілдіру;

– криминогендік жағдайдың күрделенуі барысында полиция мен ішкі әскерлердің күштері мен құралдарын бірыңғай орналасу орындары жоспарына уақтылы түзетулер енгізу;

Құқық бұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алуды қамтамасыз ету үшін келесідей іс-шаралар іске асырылатын болады:

– құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдар желісін жетілдіру;

– қалалық және ауылдық мектептерге бекітілген кәмелетке толмағандар істері бойынша инспектор қызметін енгізу;

– кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көңіл көтеретін орындарда болуына, сондай-ақ  кәмелетке толмағандармен алкогольді ішімдік және темекі өнімдерін сатуға тыйым салу туралы заңнама талаптарының орындалуын бақылау бойынша рейдтік тексерістер ұйымдастыру және жиі өткізу;

– есептегі тұлғалармен алдын алу жұмыстарының деңгейін арттыру, құқықбұзушылық жасауға бейім тұлғаларды уақытылы анықтау мақсатында УПИ-ның қоғамдық көмекшілермен бірге пәтерлер мен аулаларды тексеруді ұйымдастыру, бұл үнемі қызмет көрсету орнында болуға, бірінші кезекте есепте тұрған тұлғалармен алдын алу жұмыстарын іске асыруға мүмкіндік береді;

– әкімшілік қадағалауда тұрған бұрын сотты болған тұлғаларға бақылауды күшейту мақсатында аудандық жедел-алдын алу іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру;

– ай сайын ҚР ІІМ ҚАЖКБ аумақтық бөлімшелерімен бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарға салыстырулар жүргізуді ұйымдастыру. АІІБ есебінен жалтарған тұлғаларды анықтау бойынша бірлескен алдын-алу іс-шараларын жүргізу.

Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын қамтамасыз ету үшін келесідей іс-шаралар іске асырылатын болады:

Сейсмикалық тұрақты ғимараттар салу, қолданыстағы ғимараттарды күшейту арқылы жер сілкіністері салдарынан туындауы мүмкін шығындарды азайту бойынша кешенді іс-шаралар жүзеге асырылады. Гидротехникалық қорғайтын ғиммараттардың тұрақтылығын асыру, өзендер, су айдындар, тоғандардың су тасу қаупі бар жер телімдерінде тасқын суға қарсы, жағалауды күшейту және түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу.

Тұрғындарды төтенше жағдайлардың туындауы жөнінде құлақтандыру ауданның елді мекендерінде заманауи жергілікті құлақтандыру жүйелерін орнату жолымен жүзеге асырылады.

Тұрғындарға азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы білімді насихаттау және оқыту бойынша іс-шараларды орындау Жамбыл облысы ТЖ Департментінің және «Азаматтық қорғаныстың Республикалық ОӘО» ЖШС жинақтау Жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

Аудан орталықтарынан 50 шақырым алыста орналасқан елді мекендерде ерікті өртке қарсы жасақтарды (ЕӨҚЖ) құру және жеке құрамды жеткізу үшін жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөліктермен, суды тасымалдау техникасымен (су шашатын машина, әмбебап өрт тіркемелері және т.б.), арнайы жабдықтармен және құралдармен жасақтау.

Алыстағы елді мекендерде кезең-кезеңмен өрт сөндіру бекеттерін құру, оның ішінде шығарылатын өрт техникасын және жабдықтарын, тұрмыстық және орманды дала өрттерді сөндіру үшін арнайы жауынгерлік киімдер мен құралдарды және сатып алу, апаттан құтқару жұмыстарын жүргізу.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері үшін өрт сөндіру және апаттан құтқару техникасын және жабдықтарды сатып алу.

 

3 Бағыт: Инфрақұрылым

 

3.2.8. Мақсат: Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

 

р/с№ Нысаналы индикаторлар Өл. бір 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1 Бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету

 

% ресми статистикалық деректер және ведомстволық есептер

 

2 Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету: м2 19,0 17,8 16,6 16,6 15,1
3

 

 

Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілу: %
– қалаларда 71,0 74,0 76,0 76,5 100,0 100,0 100,0
– ауылдық елді мекендерде 57,6 97,5
4 Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі % 64,4 66,4 69,1 72,6 71,4 67,0 71,4
Қол жеткізуге жауаптылар: Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

 

Қол жеткізу жолдары 2016-2020 жж.:

– кезекте тұрғандарға және жас отбасыларға арналған жалға берілетін тұрғын үй құрылысы;

– инженерлік–коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру;

– республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын сумен қамтамасыз ету және су бұру нысандарын салу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруға жүйелі түрде мониторинг жүргізу;

– облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу;

– аудандағы елді мекендер көшелерін күрделі және орташа жөндеу.

 

3.2.9. Мақсат: Экология және жер ресурстары

 

р/с№ Нысаналы индикаторлар Өл. бір 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1 Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды кәдеге жарату үлесі % 0,5 8 9 ведомстволық есептер
2 Экологиялық талаптар мен санитарлық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан) % 9,0 9,0 100 100 100 ведомстволық есептер
Қол жеткізуге жауаптылар: Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі

 

Қол жеткізу жолдары  (2016-2020 жылдар):

– мемлекеттік орман қоры аумағына жыл сайын 800 га жерді орманды жерлерге қосу жоспарлануда, оның ішінде: 2016 -2020 жылдары жылына 700 немесе 800 га жерлерге сексеуіл көшеттерін отырғызу.

Мемлекеттік орман қоры аумағында өрт болдырмау мақсатында және орман өрті болған жағдайда орман өртінің орташа алаңын төмендету үшін төмендегі жұмыстарды атқару керек:

– ғарыштық мониторинг мәліметтерін және орманды әуеден күзету мен қорғау бойынша іс-шараларды іске асыру;

– мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттері таралуының алдын-алу үшін өртке қарсы минералды жолақтар және өткен жылдары жасалынған өртке қарсы минералды жолақтарды күтіп-баптау жұмыстарын жүргізу қажет.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ауыл шаруашылығы айналымына енгізіп үлесін ұлғайту үшін Қазақстан Республикасының жер Кодексінің 48-бабына сәйкес азаматтардың өтініштеріне сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері беріледі. Жыл сайын жер үлесін ұлғайтудың пайыздық көрсеткіші азаматтардың сұраныстарына сәйкес анықталады.

Нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен:

– Сарысу ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру үшін полигондар құрылысын жүргізу;

– Қоқыс өңдейтін зауыт немесе шағын цехтар құрылысы (жеке кәсіпкерлер тарапынан  аудан аумағында қалдықтарды өндейтін цехтар ашу: әйнек, пластик, қағазды қайта өңдейді).

Аудандағы «Көгалдандыру және көріктендіру» КМК-ның жұмысын жақсарту, техникалармен қамтамасыз ету.

 

ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

мың теңге

Мақсаттар 2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
Бағыт: Экономика
Өнеркәсіп және инвестициялар
1 Өңдеу өнеркәсібіндегі өнеркәсіп өндірісінің индексі 0,0 0,0 0,0 0,0 0,0
2 Негізгі капиталға салынған инвестициялар 0,0 0,0 0,0 0,0 0,0
Агроөнеркәсіптік кешен
3 Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі 113400,0 113500,0 113700,0 113900,0 114100,0
4 Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялардың нақты көлем индексі
5 Ұйымдасқан шаруашылықтардағы мүйізді ірі және ұсақ қара мал басының үлесі
Шағын және орта бизнес
6 Жұмыс істеп тұрған ШОБ тіркелгендер санындағы үлесі 0,0 0,0 0,0 0,0 0,0
7 Бөлшек сауданың нақты көлем индексі
Бағыт: Әлеуметтік сала
Білім беру
8 Жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымды мектептер саны 496376,0 506438,0 364537,0 635406,0 318600,0
9 Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
10 Атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың ішіндегі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандардың үлесі 2433,0 3183,0 256316,0 1488824,0 0,0
11 Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің ішінен жұмысқа орналасқан мүмкіндіктері шектеулі адамдардың үлесі
12 Мүгедектерге қол жетімділік қамтамасыз етілген әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің үлесі
Мәдениет, спорт және туризм
13 1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны 7325,0 2000,0 4400,0 0,0 16821,6
14 Халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі 0,0 0,0 0,0 0,0 0,0
15 Өткен жылмен салыстырғанда өңірдегі орналастыру орындары қызмет көрсеткен келушілер санының ұлғаюы 0,0 0,0 0,0 0,0 0,0
Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртіп

 

16 10 000 тұрғынға шаққандағы қылмыстың деңгейі 0,0 0,0 0,0 0,0 0,0
17 Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы
18 Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі
Бағыт: Инфрақұрылым
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
19 Бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету 0,0 0,0 ,0 929188,0 0,0
20 Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету: 250000,0 350000,0 805303,1 90000,0
21 Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілу: ауылдық елді мекендерде 0,0 0,0 258460,7 247858,3 458330,0
22 Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 0,0 0,0 2458630 528673,8 406000,0
Экология және жер ресурстары
23 Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі 0,0 0,0 0,0 0,0 0,0
24 Экологиялық талаптар мен санитарлық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан)
Барлығы: 619534,0 875121,0 3806043,7 4749153,2 1403851,6