Сарысу ауданы әкімінің байланыс және ақпарат қызметкерлерін аудан әкімінің міндетін атқарушы Олжас Көкейдің «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні» кәсіби мерекесімен құттықтауы

Маусым 27, 2020

 Сарысу ауданы әкімінің байланыс және ақпарат қызметкерлерін аудан әкімінің міндетін атқарушы Олжас Көкейдің «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні» кәсіби мерекесімен құттықтауы

 

                        

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері!

          

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі.

Бұл – мерзімдік басылымдар арқылы қоғамдық пікірді қалыптастырып, жоғары адамзаттық идеалды санаға сіңіретін мамандық иелерін біріктіретін мереке.

Бүгінгі заманда өмірімізді телевидение, радио, газет және басқа да электронды ақпарат құралдарынсыз елестету мүмкін емес. 

Баспасөз – билік пен халықтың дәнекері. Сол себепті, адам өмірін ақпарат құралдарынсыз елестете алмаймыз.

Біздің ауданда жергілікті бұқаралық ақпарат құралының бірден-бір көзі – аудандық «Сарысу» газеті. Газет ауданымыздың нағыз жылнамасы. Сарысулықтар үшін көкейтесті және жедел ақпарат көзі. Ұжымның шығармашылық ізденістерінің арқасында 3 мыңнан аса таралымы бар аудандық газет өз оқырмандарын қалыптастырғантарихы терең басылым.

Ауданымыздың руханиятын, мәдениетін көтеріп, тыныс-тіршілігін  көрсетіп, жағымды жаңалықтармен сүйіншілеп, аянбай еңбек етіп келесіздер.

Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып,  дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Халыққа жасаған қызметтеріңіз абырой әкелсін! Табысты да жемісті еңбектеріңіз ақталып, алдағы мақсаттарға жету жолында жаңа биіктерден көріне беріңіздер!

 

Мерекелеріңіз құтты болсын!