Сарысу аудандық сайлау комиссиясының партиялық тізімдер бойынша тіркелген саяси партиялардың сайлау қорларына түскен қаржылардың жаратылуы туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 «Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 23 тармағына сәйкес, Сарысу аудандық сайлау комиссиясы, 2021 жылдың 10 қаңтарына  төмендегі саяси партиялардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жаратылуы туралы хабарлайды:

  1. «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы Сарысу аудандық филиалының сайлау қорына 7612000 теңге түсіп, оның 7612000 теңгесі жаратылған.
  2. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша өңірлік филиалының сайлау қорына 200000  теңге түсіп, оның 200000   теңгесі жаратылған.
  3. «Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық Партиясы қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының сайлау қорына 200000 теңге түсіп, оның 199999 теңге 69 тиыны теңгесі жаратылған
  4. «ADAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының сайлау қорына 71000 теңге түсіп, оның 70220  теңгесі жаратылған.
  5. «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының сайлау қорына 69635 теңге 86 тиын түсіп, оның 69635 теңге 86 тиыны жаратылған.