САРЫСУ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ШЕШІМІ
САРЫСУ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ШЕШІМІ
- 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен Сарысу аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындысы төмендегідей белгіленсін:
Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 25850 азамат енгізілді, оның 18705 немесе 72,36 % сайлау бюллетеньдерін алды.
Дауыс беруге 18405 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 9 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде 287 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 5 саяси партия қатысты.
Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:
Қазақстан Халық партиясы – 1667 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 9,22 пайызы;
«Nur Otan» партиясы – 12647 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 69,97 пайызы;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 3351 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 18,54 пайызы;
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 233 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,29 пайызы;
«ADAL» саяси партиясы – 177 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,98 пайызы.
- Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар төмендегідей белгіленсін:
Қазақстан Халық партиясы – 9,22 %;
«Nur Otan» партиясы – 69,97 %;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы -18,54%.
- Саяси партияларға келесі депутаттық мандаттар бөлінсін:
Қазақстан Халық партиясы-1;
«Nur Otan» партиясы – 9;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы -2;
- Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.