Сарысу аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды

2020 жылғы 20 қарашада Сарысу аудандық  сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық Заңының 103 және 104-бабтарына сәйкес, «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы Сарысу аудандық филиалынан Сарысу аудандық мәслихаты депутаттарын сайлауға кандидаттарды ұсыну туралы құжаттары ұсынылды:

  • Саяси партия өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат;
  • Саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
  • Электрондық және қағаз жеткізгіштердегі партиялық тізім;
  • Саяси партияның өкілетті органда тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
  • Азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші және өмірбаяндық деректері;
  • Партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың жеке куәліктерінің көшірмелері;
  • Уәкілетті адам қол қойған және саяси партияның мөрімен расталған саяси партияға мүшелігін растайтын құжаттар;

Саяси партияның өкіліне  партиялық тізімді тіркеу үшін тағы да ұсынылатыны ескертілді:

  • Ү.ж. 1 қарашадағы жағдайға кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;
  • Саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат (банктен түбіртек);

Сарысу аудандық  сайлау комиссиясы тізімдерге енгізілген Сарысу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың ҚР Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұрау салу негізінде анықтайды.

ҚР мәслихаттары  депутаттарын сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы партиялық тізімдерді ұсынуды ағымдағы жылдың 10 қарашасы мен                 4 желтоқсаны аралығында (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырады.    Партиялық тізімдерді тіркеу ағымдағы жылғы 10 қарашада басталып,                          10 желтоқсанда сағат 18.00-де аяқталады.