Рухани жаңғыру-заман талабы

Аудан әкімдігі білім бөлімінде балалар-жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттары мен міндеттерін түсіндіру бойынша балалар-жасөспірімдер орталығының қызметкерлері арасында семинар  өткізілді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының алты бағыты бойынша  түсіндіріліп, талқыланды. Бірінші бағыт бойынша: «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру» тақырыбында орталықтың оқу ісі жөніндегі орынбасары Э.Сманқұлова, екінші бағыт бойынша: «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы тақырыбында педагог-ұйымдастырушы Н.Идрисова, «Туған жер» бағдарламасы бойынша әдістемелік бөлім меңгерушісі  Г.Күленова,төртінші бағыт бойын-ша: «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы тақырыбында «Өлкетану» үйірмесінің жетекшісі М.Берденова, бесінші бағыт бойынша: «Жаһандағы заманауи қазақстанды мәде-ниет» жобасы тақырыбында «Қолөнер» үйірмесінің жетекшісі Г.Сексенбаева, алтыншы бағыт бойынша: «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы  аясында «Сахна шеберлігі» үйірмесінің жетекшісі А.Тұңғатова баяндама оқыды.

Баяндамалар бойынша сауалдар қойылып, ойларын ортаға салды. Егеменді еліміздің беделді азаматтары болудың өзектілігі талқыланды.