Рухани жаңғыру-ұлттық жаңғыру

Рухани жаѕєыру-

ўлттыќ жаѕєыру

Сурет байқауы

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» тақырыбында аудандағы барлық білім ошақтарындағы 5,8-сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді. Сонымен қатар, қаладағы мектеп оқушылары арасында «Жаңарған-Жаңатасым» тақырыбында 7,8- сыныптарының арасында  сурет байқауы өткізілді.

 

100 жаңа оқулық

С.Сейфуллин атындағы орта мектепте «Тарихы терең-тұңған өлке» тақырыбында шығармашылық жұмыстар жүргізілді. «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бойынша көрме жұмыстары, «Ұстазым-ұлық бәрінен» атты салтанатты жиын мерекесі өткізілді.

 

Латынға көшу-заман талабы

Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласын зерделеу аясында «Латынға көшу – заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Конференция

Дегерес қалалық кітапханасында «Менің рухани  болашағым» атты конференция өтті. «Қазақ тіліндегі 100 жаңа кітап» атты ашық аспан астындағы кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

Кездесу

«Отаным – тағдырым» жобасына сәйкес  аудандық мәдениет үйінде «Ардақты асыл жандар, ардагерлер қартаймаңдар» атты кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты – жастарға ұлттық қадір- қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Кездесу соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Тарихқа тағзым

Қала жастарының ұйымдастыруымен Ұрпақтар аллеясында, «Даңқ» монументі, Кеңес Одағының батырлары мен Еңбек Ерлеріне және ауданның Құрметті азаматтарына орнатылған мемориалдық тақта маңайына көгалдандыру, көріктендіру және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

 

Әлеуметтік бастамалар картасы

«Атамекен» бағдарламасының «Әлеуметтік бастамалар картасы» жобасына сәйкес қала тұрғындарының тұрмыстық, әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында жыл басынан бері жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін қалыптастыру және пайдалану шараларына сәйкес жоспарланған жұмыстар іске асырылды.

 

Ақпараттық сүйемелдеу

«Ақпараттық сүйемелдеу» жобасына сәйкес ақпараттандыру құралдарын орнатуға байланысты Жаңатас қаласындағы  Әулие ата, Бейбітшілік, Амангелді көшелеріне «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласын насихаттауға арналған 4 ілмелер орнатылды. Сонымен қатар, Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының сыртқы ғимаратында ілмелер ілінді. Мектептің І -қабатында арнайы бұрыш жасақталды.

 

100 жаңа есімге кім лайық?

«100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру мақсатында Жаңатас қаласының поселка ретінде бой көтеріп, еліміздің картасына енгізілген  күннен  бастап қаланың іргетасын қалаған, өсіп-өркендеуіне үлестерін қосқан, әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді атсалысқан, өз жетістіктерімен қаламыздың атын шығарып жатқан әйгілі азаматтардың есімдері зерделеніп, жобаға енгізу жұмыстары жүргізілуде.

 

Шығармашылық кеш

   Арыстанды  ауылдық кітапханасында  Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Шерхан Мұртазаның 85 жас мерейтойына  орай, «Халқымыздың ұлы перзенті» атты әдеби портретті кеш өтті. Кешке Арыстанды орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Кеш соңында кітапханаға Шерхан Мұртазаның  көптеген әдеби туындылары ұсынылды.

 

Тоғызкентте

Тоғызкент ауылдық кітапханасында Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Шерхан Мұртазаның 85 жас  мерейтойына  арналған «Қазақ сөз өнерінің наркескені» атты әдеби қонақжай кеші өтті. Қазақ әдебиетінің көркемсөз зергері өмірінен, шығармаларынан алынған мәліметтер туралы кітапханашы Н.Кұлбаева  баяндама жасап,«Қазақтың қайсар Шерханы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

 

Аудандық кітапханада

Аудандық кітапханада халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 85 жас  мерейтойына  арналған «Тау тұлғалы қаламгер» атты ауызша журнал өтті. Кітапханашы Ж.Тынысбек     ақынның өмір жолымен таныстырып  өтті. Онда Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері,  халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 85 жылдық мерейтойына орай  кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

 

Пікір алмасу

  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында латын әліпбиіне көшу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Дегерес қалалық  кітапханасында «Мемлекеттік тіл-менің болашағым» атты конференция өтті. Кешке С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Д.Сарбасова, 10-сынып оқушылары  және ұстаздар қатысты. 

 

Түсіндіру жұмыстары

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында латын әліпбиіне көшу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Үшбас ауылдық кітапханасында «Тіл-ұлттық мәдениеттің коды» атты ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Кітапханашы А.Исаева  «Латын әліпбиіне көшу» жөнінде   тоқталып кетті. Кездесуге Үшбас негізгі мектеп оқушылары және ұстаздары қатысты. Аталған шараға  қатысушылар Елбасымыздың жақандану өркениетіне қарай басқан қадамын  ұлт болып қолдайтындықтарын білдірді.

 

үш бақытым

 

Аудандық  кітапханада  оқырмандардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту және үш тілдік саясатын дамыту мақсатында «Рухани жаңғырудың басты факторы тіл – татулық тірегі» атты тіл фестивалі өтті.  Онда тілдерді оқыту орталығының  аудандық бөлімшесінің ағылшын тіл оқытушысы А.Мырзахмет ағылшын тілі бойынша интелектуалды ойынын жүргізді. Сонымен қатар, «Айгөлек» балабақшасының қызметкері Е.Горбунова М.Мақатаевтың «Үш бақытым» атты өлеңін оқыды. «Мемлекеттік тіл мәртебесі» атты  кітап көрмесіне кітапхана қызметкері Л.Рахымбаева  библиографиялық шолу жасады.

 

Білімді ұрпақ

     «Тілдерді оқыту орталығы» аудандық бөлімшесінде «Рухы мықты елдің-ұрпақтары білімді келеді» атты тақырыпта өткен тілдік алаңда  Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімдері Ә.Тұрабаева, А.Ыдырысова модератор болды.

 

Ұлттық таным

«Жастардың рухани – ұлттық танымын қалыптастырудың болашаққа бағдары» атты жастар арасында пікір алмасу алаңы өтті. Пікір алмасу сәтінде жастар бойларындағы патриоттық сезімдерін таныта білді. Олар «Ұлттық таным-рухы мықты елде ғана болады» деген ұстаныммен өз пікірлерін ортаға салды.

 

Кітап көрмесі

 Саудакент ауылдық кітапханасында кітапханашы С.Жөгібаеваның ұйымдастыруымен «Ана тілім-ардағым» атты әдеби-сазды кеш болып өтті. Ұлттың болмысын, рухани табиғатын ана тілден бөліп қарамаған Алаш зиялылары, тілдің тек қатынас құралы қызметін ғана емес, ел болашағын шешетін күрделі құбылыс екенін басты назарда ұстанған болатыны туралы түсінік берді. Сондай-ақ, мәдениет қызметкері  Ана тіліміз туралы ой – пікірлерін ортаға салды. Кеш соңында кітапхана меңгерушісі А. Махашова «Ана тілім – ардағым» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

 

Дөңгелек үстел

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын  жүзеге  асыру барысында «Рухани жаңғыру-ұлттың жаңғыруы» атты дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстел барысында ОКЖ-ның директоры С.Қожаназарова патриоттық тәрбие мәселелері, латын әліпбиіне көшуі, бұл орайда болашақты бағдарлаған, кемел келешекке көз тастаған Елбасының мақаласы мемлекетке жол бастар темірқазық екендігін айтып өтті.

 

      Ұлттық рухтың жаңғыруы 

 

  Саудакент ауылдық кітапханасында  ауыл тұрғындарының қатысуымен «Рухани-жаңғыру жаңа жолға бастайды» атты пікір алаңы болып өтті.  Жиынды Саудакент ауылдық  кітапхана меңгерушісі А.Абдралина ашып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласына талдау жасалды.

Сонымен қатар кітапхананың тұрақты оқырмандары өз пікірлерін айтты.

 

Ой-пікірлерімен бөлісті

 

Жайылма ауылдық кітапханасында Елбасы   Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық  мақаласы кеңінен насихатталды. Кітапханашы Қ.Ұзақова еліміздің  дамыған 30 елдің қатарына қосылу кезіндегі рухани байлығымыздың үлесін көбейтіп, оны күшейту керектігін, өйткені бәсекеге қабілетті болу тек қана экономикаға байланысты емес, біз құрған қазақ мемлекетіның, яғни біздің мыңдаған жылғы тарихымыздағы құндылықтардың барлығы біздің бойымызда болуы керектігіне тоқталып өтті.  Кеш барысында келелі ойлар айтылып, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Жаңа гуманитарлық білім». «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты тақырыптар талқыланды.

 

Ұлттық құндылықты дамыту

 

Өндіріс  ауылдық кітапханада «Басты фактор-ұлттық құндылықты дамыту» атты дөңгелек үстел өтті.   Кеш барысында кітапханашы Ә.Махашова   Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласына талдау  жасады. 

 

***

Игілік ауылдық кітапханасында   Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына байланысты «Басты фактор-ұлттық құндылықты дамыту» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Шоқай датқа мектебінің мұғалімдері,өнер мектебінің ұстаздары атсалысты. Іс-шараны кітапханашы А.Досаева жүргізіп, Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласымен  таныстырып  өтті.