Рухани жаңғыру-білімді болашақ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының айқын үлгісі мен сенімді қадамдарын көрсететін дәйекті пікір, тұжырымды ойды қамтыған елеулі құжат болып табылады. Бұл мақалада сананы дамыту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, еліміздің игілігіне жарату жолындағы нақты жоспарлар туралы сөз қозғалған. Онда Елбасымыз Қазақстан үшін қайта жаңғырудың ерекше маңызды екі жолы саяси реформа мен экономикалық түлеуді қолға алып, бірлігі жарасқан ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде тұжырымды ойларымен бөліскен. Мемлекет басшысы бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың жолдарына жеке-жеке тоқталады. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың алты бағытын белгілейді. Олар: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы. Аталмыш бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтар тізбесіне, ақыл-парасат пен ғаламдық ғылымды игерген білімі бар халқымыздың көп болуы, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдырары ақиқат.