Рухани жаңғыру бағытында

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  бағдарламалық мақаланы насихаттау жұмыстары бүгінгі күні қарқынды жүзеге асырылуда. Осы орайда,  ел ертеңі үшін ерінбей еңбек етуді мақсат еткен аудан басшысы  қала және ауыл  көшелері мен барлық әлеуметтік нысандарды аралап, маңызы зор мақала төңірегінде атқарылып жатқан  істермен танысып, нақты тапсырмалар берді.

 

Облыс әкімінің қабылдауы.

Жуырда Тараз қаласындағы №30 жаңадан ашылған мектепте облыс басшысы К.Көкрекбаев  талантты оқушыларды қабылдады. Қабылдау барысында Елбасы мақаласы аясында әңгіме кеңінен өрбіді. 

Осы қабылдауда болған  Жайылма ауылдық балалар өнер мектебінің түлегі Амангелдин  Баққожада үлкен рухани  әсермен оралды.

 

Жастармен жолықты

Аудан әкімі Б.Нарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау мақсатында  Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясатынан  келген бір топ жалынды жастармен кездесті. Олармен естелік суретке түсіп, жастардың болашағына сенетінін, ел ертеңі үшін атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.

 

Тәжірибе алмасты

Өткен аптада ауданымыздың мемлекеттік қызметкерлері іріктеліп, облыс орталығында өткен республикалық семинарға қатысып қайтты.

Олар ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ұстаздары мен профессор ғалымдарынан «Мемлекеттік қызмет-рухани жаңа-шылдықтан басталады» тақырыбында білімдерін жетілдіріп, тәжірибе алмасып қайтты. Оларға Мемлекеттік басқару академиясының арнайы сертификаттары табыс етілді.

 

Жаңғыру-жастардан басталады

 

Жайылма ауылдық балалар өнер мектебі өткен оқу жылын өте табысты аяқтады. Атап айтар болсақ, 2016-2017 оқу жылында Тараз қаласында өткен «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Тәуелсіз елдің ұланымын», «Ұлтымның ұланымын» атты «Ғұмыр дария» орталықтарының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық байқауларға 21 оқушысы қатысып, 7 оқушы бас жүлде, 4 оқушы 1-орын, 4 оқушы 2-орын, 3 оқушы 3-орын, 3 оқушы Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Сонымен қатар, Алматы қаласында өткен «Сырым бар жүрегімде» атты республикалық байқауға  11 оқушы қатысып, оның  сегізі лауреат, дипломант, жеңімпаз атанған.

Сондай-ақ, Пенджикент қаласындағы Тәжік педагогикалық институтында өткен «Ұлы жібек жолы» атты халықаралық шығармашылық конкурсына 2 оқушы қатысып, ынталандыру алды. Осы оқушылардың ішінен үздік атанған «Қолөнер» сыныбының оқушысы Амангелдин Баққожа бір жылда 2 республикалық, 1 халықаралық байқаулардың жүлдегері атанды.

Міне, Елбасы мақаласында атап көрсеткен, жастар білімі мен мәдениетінің болашағы осы. Жаңғыру жастардан басталады.

Кездесу

Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласын талдау, қолдау, насихаттау барысында аудан әкімдігі білім бөлімінің қызметкерлері М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында «Білім беру жүйесін дамыту» атты кездесу өткізді.  Онда бағдарлама бағытындағы бірқатар маңызды мәселелер көтеріліп, ұстаздар саласы бірауыздан бұл мақаланың берері мол екендіктерін айтты.

 

Тоғызкенттегі тірлік

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында   тоғызкенттіктер де толайым тірліктер  атқаруда. Атап айтар болсақ, ауыл көшесі бойында екі ілме ілініп, ауылдағы кітапхана мен мекемедегі кәсіпорындарда  арнаулы бұрыштар ашылды.   

 

Шаралар жалғасуда

Байқадам ауылдық округі тарапынан аудандық жобалақ офистің желілік кестесіне сәйкес, ауыл ақсақалдары және ақ жаулықты аналармен басқосулар өткізілуде. Мұндағы мақсат, жастарға өнеге мен тәрбие жұмыстарын жолға қою. Алаш ардагері А.Әшімовке және Рухани жаңғыру бағдарламасына байланысты көрнекіліктер ілінген. Аптасына екі рет «Жаңғыру тазалықтан басталады» -атты сенбіліктер ұйымдастырылуда.

 

Түркістанда

 

Түркістан ауылдық округіне қарасты елді мекен тұрғындарына ауыл әкімінің ғимаратында насихат жұмыстары жүргізілді. Жобалық офистен және медициналық сақтандыру, әділет басқармасының арнайы өкілдері барып, ауылдықтар арасында кеңестер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ауыл тұрғындары тарапынан сұрақтар туындап, тиісінше жауаптар берілді.

Көрме

Аудандық орталық кітапханада «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасы мақаласын насихаттау мақсатында  іс-шара өтті.  «Рухани жаңғыру – ұлттық рухтың жаңғыруы» атты  көрмеге  оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі  К.Оспанова экспресс  шолу жасады. 

 

 100 жаңа кітап

Аудандық мәдениет үйінің алаңында   аудандық  кітапхананың ұйымдастыруымен  Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы  аясында 100 жаңа кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

 

Игілікте

Игілік ауылдық округінің әкімі Айбол Бердібаев ауыл тұрғындарымен басқосу өткізді. Басқосуда Елбасы мақаласынан

туындайтын бағыттар кеңінен түсіндірілді.

 

Руханият бөлмесі ашылды

 

Жаңатас көпсалалы колледжінде «Руханият» бөлмесі   ашылды. Колледж директоры Н.Түйтебаева жылдық жоспарына «Рухани жаңғыру» мақаласы бойынша арнайы жинақтар қойылғандығын жеткізді. Жастар мәселесі мен тәрбие тағлымы балабақша, мектеп, оқу орындары табалдырығынан бастау алатынына келсек, бұл игі бастама. 

 

Сынып сағаты

Абылай хан атындағы орта мектебі 7 «а» сыныбының жетекшісі Тоғжан Әлиеваның ұйымдастыруымен «Біз болашақ елдің ұрпағымыз» атты сынып сағаты өтті. Сынып оқушылары өздерінің Елбасы мақаласымен танысқандықтарын жеткізді. Т.Әлиева Елбасы саясаты елдің ертеңі үшін жасалып отырған батыл қадам. Сондықтан, бәріміз қолдау танытуымыз керек,- дейді.

 

Отанды сүю отбасыдан

Ұйым ауылы  Ы.Сүлейменов атындағы орта  мектебінің кітапхана залында өткен шараға ұстаздар мен оқушылар, ауыл тұрғындары, кітапхананың «Ақ желкен» әуесқойлар клубының  мүшелері қатысты. Шарада мектеп  оқушылары өз армандарын  жапыраққа жазып  «Бақыт  талына»  ілді.  «Отан-отбасынан басталады» атты кітап көрмесімен кітапханашы Ә.Әлімханова  таныстырды.

 

Сурет байқауы 

 

Ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау мақсатында Жаңаталап ауылында сурет салудан байқау ұйымдастырылды. Елбасы мақаласының маңыздылығын кеңінен түсіндіру мақсатында өткен байқауды  кітапхана меңгерушісі А.Досаева жүргізді.  Әр қатысушы өзінің суретін салып,  оны әңгіме ретінде баяндап, таныстырып шықты. Олардың  суреттерін тамашалап, пікірлері тыңдалып бағаланды.

Сонымен қатар, байқауда  Тұрғанбай Есімхан, Аралбай Аяулым, Дәулетбек Гүлсезім,  Әбзелов Насибула, Кәрібек Марал, Қылышбай Фархат отбасы туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кеш соңында «Отан-отбасынан басталады» атты кітап көрмесіне Г.Қойлыбекова шолу жасады.

 

 

Дөңгелек үстел.

Аудандық  рухани жаңғыру офисінің желілік кестесіне сәйкес Жаңатас қаласы әкімінің аппаратында «Рухани жаңғыру-болашаққа бастар жол» атты дөңгелек үстел өтті. 70-ке таяу жұмысшы-қызметкерлер қатысқан бұл дөңгелек үстелде қала әкімі С.Мамытов сөз сөйлеп, жаңғыру бағытында атқарылып жатқан істерге тоқталды.

 

Болашаққа бағдар

Бағдарламалық мақаланы насихаттау мақсатында «Болашаққа бағдар – жастардың рухани жаңғыруы» атты білім саласы қызметкерлерінің кездесуі өтті. Кездесуге аудан әкімдігі білім бөлімінің  90-ға жуық қызметкерлері қатысты.

Оларға аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы рухани жаңғыру бағытында тапсырмалар беріп, әрбір мектеп мақала төңірегіндегі іс-шараларға белсенді түрде қатысулары керектігін ескертті.

 

Саяхат

Өткен аптада аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі рухани жаңғыру бағытында «Туған өлкем, қандай көркем» атты ауданның тарихи-мәдени орындарына бір топ үздік оқушыларды саяхатқа апарды.

 

Семинар

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалада латын әліпбиіне көшу мәселесі кеңінен қаралған. Осы бағытта бүгінде қоғамда көптеген көзқарастар мен түрлі пікірлер қалыптасуда. Осыған орай  орталықтандырылған  кітапханалар жүйесінің  директоры С.Қожаназарованың ұйымдастыруымен   «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру – заман талабы» атты семинары өтті. Игілік ауылдық клубында өткен семинарда жиналғандар өз пікірлерін ортаға салды.

Оң нәтиже

 Облыстық ішкі саясат басқармасынан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында атқарылып жатқан істермен танысу мақсатында арнайы өкіл келді.  Аудандық ішкі саясат және аудандық жобалық  офис, өзге де Жаңатас көпсалалы колледжі, Т.Мақашев атындағы музей, Абылай хан атындағы білім ошақтарында атқарылып жатқан істерді көзбен көріп, жоғары бағалады.

 

Жаңашыл мектепте

Абылай хан атындағы орта мектебінің ұжымы  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»   бағдарламасы бойынша жылдық жұмыс жос-парын жасаған. Қашанда жаңашылдыққа жаны құмар мектеп директоры  Кенже Сәрсекова бұл жолы да белсенділік танытып, мектеп ғимаратының сыртына, ішіне,  фойеге стенд, мектептің 3-қабатына көрнекіліктер іліп, рухани жаңғыру жолындағы жоспарларымен таныстырды.  Атап айтар болсақ, жоспар бойынша әр айға іс-шаралар жоспарланған. Ай бойы  8-сынып оқушыларына  «Мәдени мұра»  атты суреттер жинағы ұйымдастырылып, өткізілген. Жалпы осы бағытта  ата-аналар жиналысы өткізіліп, Елбасының мақаласымен ата-аналар танысып, рухани азық алған.